Қазақ әдебиеті | БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ СОҒЫС ШЫНДЫҒЫ МЕН АДАМ ТАҒДЫРЫНЫҢ КӨРКЕМДIК ТАНЫМЫ

Адамзат тарихынан өзiндiк орнын алып, кейiнгi ұрпағының жадында мәңгі қалар тұлғалар аз емес. Осынау ел ардағына айналған азаматтар жайлы халық аузында аңыздар айтылады, хикая - дастандар туады, өлең - жырлар жазылады. Олардың бiр парасы ел қамын ойлаған ерлер, Отанын, жерін қорғаған батырлар, жауға қарсы жорық жасаған қаһарман қолбасшылар, т.б. болып келедi. Бұлардың қайсар жүрегі, қайыспас қайрат-жiгер, адами парасаты, ұлттық сезімі – өз кезеңiнде де, кейiн де әдеби шығармаларда көрiнiс тауып, өлең-жырдың, көркем шығарманың кейiпкерлерiне айналып жатады. Осындай тұғырлы тұлғаның бiрi және бiрегейi – даңқты батыр Бауыржан Момышұлы.
Халық көкірегін ұланына деген ыстық сезім толғандырмай тұрмақ емес, сондықтан ел аузында айтылатын әңгiмелердегi Бауыржан Момышұлының бейнесі, жауға көрсеткен қайраты, қара қылды қақ жарған әділдігі, шыншылдығы, батырлық қасиеттері ұлт әдебиетінен де өз орнын алмауы мүмкiн емес едi. Өз кезiнде:
“Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,”
Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен,
Халқымның қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен”.[1, 3б.], - деген жолдар арқылы Бауыржан Момышұлы өзiнiң адами, азаматтық болмысын бiрауыз өлең жолымен танытқанды....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімді жолдары

Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі.
Егемен елімізде болып жатқан түбірі жаңартулар, ізгілендірілген қоғам құруға бейтаныс, қазіргі қазақ тілінің мемелекеттік мәртебеге ие болуы бастауыш мектеп, оның мұғалімі, жалпы білім беру жүйесіне де игі әсерін тиігізіп, білім мазмұнын, қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, білім беру жүйесін қайта құру, ол үшін жаңа педагогикалық ізденістерге жол ашу сияқты көкейтесті мәселелерді алға тартты.
Бастауыш сыныпта қазақ тілінен білім беру, бастауыш мектеп өміріндегі жаңартулар мазмұны қай тұрғыда жүру керек деген сұрақтардың жауабы бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, бастауыш сынып мұғалімінің қазақ тілін оқыту процесінде дидактиканың принциптері мен заңдылықтарын басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап алып көрнекі құралдарды ұтымды пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушылары білімін жоғары нәтижеге жеткізу.
Бастауыш сынып мұғалімі қазақ тілін оқыту, кезінде оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырып қазіргі заманғы педагогикалық озық технологияларды меңгерту арқылы білім берудің ұлттық моделін дамыта отырып, бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлға қалыптастыру мақсаты тұр. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта көркем шығарманың оқушылардың қалыптастыруына ықпалы

Кіріспе
Туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы мектеп, оның мұғалімі, жалпы білім беру жүйесіне де игі әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру, бүкіл білім беру жүйесін қайта құру, ол үшін педагогикалық жаңаша ойлау, тың ізденістерге жол ашу сияқты көкейтесті мәселелер егеменді елімізде болып жатқан өзгерістер, ізгілендірілген қоғам құруға беталыс болды. Білім беру мектеп өміріндегі жаңалықтар мазмұны қай тұрғыда жүру керек деген сұрақтардың жауабы да ең алдымен демократияландыруды көздейді. Мектепті демократияландыру деген оның қоғамдық қажетін, соған қоса жеке адамдардың да сұраныс, талабын өтейтін дәрежеде еңбек ететін қоғамдық-мемлекеттік жүйе болуын білдіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқытудың әдіс-тәсілдері

Зерттеудің өзектілігі: әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына Жолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі.» - деп атап көрсетті.
Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Математика | Бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі».
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.
Жоғарғы білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізілуге тиіс. Осы заманғы мемлекеттік менеджерлер даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясының негізінде шетелдік серіктестіктердің қатысуымен ең жоғары шығармашылық стандарттарға сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы қажет.
Білім беру жүйесін дамытуда ынталандыру мақсатында және сектор мен мемлекет арасындағы серіктестікті нығайту мемлекеттік жекеменшілік білім беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіру қажет –делінген.
Ал, оның негізі бастауыш сыныпта қаланбақ. Осы орайда оқушыларды математика негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектепте текстілі есептер шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту көкейтесті мәселе.
Ғылыми жұмысты әуелі осы тақырып бойынша курстық жұмыс жазудан бастадым және студенттердің ғылыми конференциясында баяндама жасадым. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Ептілік көрсеткіштері және жас баскетболшыларды доп жүргізу дағдыларының құруына олардың ықпалын жасау

Баскетболда күш жылдам дайындықтың әдістемелік ерекшеліктері, бүгінгі баскетболға ұқсас ойындардың сипаттамаларын көне нормандар мен Колумбқа дейінгі Америка мәдениетінен табуға болады. Осы ойынның жаңартылған түрі - пок-та-пок бұрын діни салт болса керек. Осы салт қазіргі кезде Мексиканың солтүстік штаттарында спорттық ойын-сауық пен туристтерге арналған аттракцион ретінде ұйымдастырылады.
Баскетбол (ағылш. basketball, basket - себет (торқалта), ball - доп) —- доппен ойналатын командалық спорт ойыны.
Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Географиялық ашылымдардың мәнін ашып көрсету

Ұлы географиялық ашылымдардың әлем тарихында алатын орны зор. Ұлы географиялық ашылымдар бұл жаңа жерлердің ашылуы. Ұлы географиялық ашылымдар нәтижесінде көптеген адам аяғы жетпенген жерлер ашылды. Сонымен қатар сол жердегі жергілікті халықтар туралы мәліметтер алған болатынбыз.
Ұлы географиялық алымдар – феодалдық қоғамның өндіргіш күштерінің дамуының феодалдық өндірістік қатынастар системасын ірітіп – шірітіп товар- ақша қатынастарының үнемі өсуінің , европалық елдердің Шығыс елдерімен сауда - саттық қарым – қатынастарының қоғамдық ұлғаюының нәтижесі болып табылады.
1492 жылы Христофор Колумб Атлантина мұхитын жүзіп отырып, батыстың жарты шарды ашты. Колубтың өмірбаянының көптеген фактілерін, сондай – ақ оның географиялық ұғымдарының сан алуан қырларын түгелдей және дұрыс анықталады деп санауға болмайды. Ол 1457 ж. Гения маңында тоқымашы семьясында туған. Оның жүйелі білім де болған жоқ. Ол 1479 – 1481 ж. Мадейрады және оған көршілес Тарту – Санту арасында тұрады. Осы жерде ол бір теңізінің қызына үйленеді. Қыздың әкесінің көптеген теңіз нормалары мен күнделіктер және түрліше жазбалар қалған екен. 1483 жылы үлкен теңіз экспедициясын жабдықтау туралы Португалиямен жүргізген Колумбтың жасаған ұсынысын қабылдануының себебі, тамаша бай Индияға барар теңіз жолы табылып, көздеген мақсатты жүзеге асыру соншалықты жақын тұрған кезде басқа бір жақа қауіпті іспен айналысқалары келмеген болар. Келіссөздер сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Колумб Испанияға келеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Дене шыныктыру | Баскетбол ойынындағы ойындық әрекеттердің маңызды көрсеткіші ретінде техникалық тәсілдерді орындау тиімділігінің ілімдік және әдістемелік негіздері

Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Қазiргi кезеңдегi студент спортшылар дайындау жүйесi өзiндiк мақсаты, мiндеттерi, құралдары, әдiстерi, ұйымдастыру түрлерiмен материалдық-техникалық шарттары т.б. бар, студенттердiң ең жоғарғы спорттық нәтижелерге жеткiзуге қамтамасыз ететiн күрделi де көп факторлы құбылыс болып табылады, сондайақ студент спортшыны жарыстарға дайындайтын ұйымдастырылған педагогикалық үрдiс.
Дүние жүзiндегi студент жастар арасында кеңiнен тараған спорт түрлерiне спорттық түрлер мен баскетбол жатады.
Баскетболшы студенттердiң спорттық шеберлiгiнiң шыңын анықтайтын факторлардың бiрi ойыншылардың техникалық тәсiлдерi (қабылдап алу мен беру), лақтырудың алып жүгiрудi, кәрзеңкеден ыршыған, түспеген допты игерудегi, допты ұстап қалу мен соғып жүгiрудi тиiмдi орындау болып саналады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Технология | ШҚ голштинофриз тұқымды сиырларының сауын маусымы бойынша сүт өнімділік көрсеткіштері

Отанымыздың азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қарамал шаруашылығының маңызы өте зор, себебі сүт өнімі оның 99%-ын құрайды, ал ірі қара еті 40-45%-ға дейінгі деңгейде. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда.
Ғылыми техниканың ерекше дамуына байланысты ірі қара малы шаруашылығы да ерекше дамуда, әрі одан алынатын өнімдерде көбеюде.
Ал кейінгі жылдарда ірі қара мал тұқымдарының асылдануын ерекше көрсеткен жөн, сонымен қатар жаңадан асыл-тұқымды ірі қара малы шығуда, ал осы асыл тұқымды ірі қара малдары экономикалық табиғи аймақтарға жақсы бейімделген. Оған ерекше әсер еткен селекция жұмыстарының жақсаруы болып табылады. Себебі селекцияның дамуына генетика, биотехнология ғылымдарының негізгі және электронды есептеу техникасының әсері өте зор болып жатыр.
Жалпы қазіргі уақытта мал шаруашылығына аса көңіл бөлініп, іштей мамандандыру арқылы, әрі осы саланың интенсивті жолға көшуіне байланысты ерекше дамуда. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктiк қызмет көрсету (төлем айналымына жәрдемдесетiн шарттар)

КІРІСПЕ
Ақылы шарттардың көбiсi бойынша затты бергенi, жұмысты атқарғаны, қызмет көрсеткенi ушiн жауап ретiнде екiншi тараптың ақша төлеу жөнiндегi мiндетi туындайды. Көп жағдайда олар жоғарыда аталған мақсаттарға немесе несиелеу ушiн жеке, заңды тұлғалармен берiлетiн ақша қаражаттарын ауыстырумен айналы-сатын банктер, арнайы коммерциялық ұйымдар арқылы жузеге асырылады, кейбiр жағдайларда несиелеумен тiкелей банктер айналысады. Осы кезде бiрқатар құқықтық қатынастар туындайды, оларды жалпы турде екi топќа бөлуге болады: 1) есеп айырысу құқықтық қатынастары; 2) несиелiк құқықтық қатынастар. Олар өзара тығыз байланысты, сатып алу-сату, мулiктi жалға алу, мердiгерлiк, комиссия және т.б. шарттардан туындайтын басқа да ақша мiндеттемелерiн жузеге асыру сияқты, екiншiден бiрiншiсiнсiз жузеге асыру тәжiрибе жузiнде техникалық жағынан мүмкiн емес болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық