Құсу кезінде жедел көмек көрсету

Этаптар
Түсніктеме Дозасы
1. Науқастың басын көтеріңкі бір жақ бетіне қисайтып жатқызамыз • Құсық массасымен аспирация болуының алдын алу

2. Қысып тұрған киімдерін босату
Өкпе экскурциясының жеңілдеуі

3. Таза ауа келуін қамтамасыз ету • Тыныс алудың жеңілдеуі
• Жағымсыз иістерді болдырмау

4. Дәрігердің нұсқауы бойынша ақазанын жуу • Токсиндерді, уларды механикалық тазалау
• Кейбір жағдайларда асқазанды жуу науқастың жағдайын нашарлатып жіберуі мүмкін
5. Мына препараттарды енгізу:
реr os 0,25% ерт.

Бұлшық етке церукал

Үзіліссіз құсу кезінде –бұлшықетке аминазин • Перифериялық құсу орталығының қозғыштығын төмендетеді
• Перистальтиканы қалпына келтіреді
• Орталықтың құсу орталығының қозғыштығын төмендетеді
6.Құсудан кейін
а) ауыз қуысын қайнаған сумен шаю
б) су-шайды 2-4 сағат аралығында кезекпен беру.
в) қажет болған жағдайда құсық массасын лабораторияға жолдау • Гигиеналық жағдайды қамтамасыз ету
• Оральды регидратацияны жасау, құсуды қоздыратын қосымша заттарды аластау
• Құсық тудыруы мүмкін жағдайларды анықтау
7. Құсықтың себебін анықтау және оның болмауына тырысу
• Құсықтың пайда болуының алдын алу

Іш кебу кезінде жедел көмек көрсету

Этаптары Түсініктеме Дозасы
1. Баланы арқасымен жатқызып, кеудесінің төменгі жартысын босату. • Іштің перистальтикасының жеңілдеуі
2. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету
• Перистальтиканың қалпына келуі
3. Ішке сағат бағытымен жеңіл массаж жасау • Ішекте жиналған газдарды жою
4. Әсері болмаған жағдайда келесі препараттарды енгізу:
реr os карболен
бұлшықетке церукал • Адсорбент болып табылады
• Ішектердің перистальтикасын қалпына келтіреді 1 мл/кг
( 1 мл=5 мг)
0,1 мл/ жас
5. Тамақ рационынан сүт, көкөністерді шектеу • Іш кебудің күшеюінің немесе оның қайта болуының алдын алу ....
Рефераттар
Толық

Экология | Қоғамдағы экологиялық жағдай оның Қазақстандағы көрінісі

Қоғамдағы әлемдік проблемалар – бұл жағдай өте күрделі мәселе екенін баршамыз түсінеміз.Қазіргі уақытта біздің мемлекетіміз елу дамыған мемлекеттер қатарына қосылмақ, бірақ алдымен өз алдымызда жүк болып тұрған проблемаларды шешпей жатып еш ілгерілей алмаспыз.Және де бұл тек бізге ғана таныс проблема емес, сонымен қатар барша дамыған да, дамушы да, дамымаған да мемлекеттер алдында тұрған қақпа. Осы қақпаның кілтін тауып, түбімен әлі қарастыра алмай келе жатырмыз. Сіздерде қазір бұл қандай проблема деген ой туып отырған шығар? Олар өте көп, мысалы: біріншіден ол – экологиялық жағдай болса, осының әсерінен туындайтын мәселе жұқпалы аурулар болып табылады, тағы бір проблема осы уақытқа дейін естіп, білмеген – терроризм болып отыр.
Бұл проблемаларды жіте қарастыруымның себебі сан қилы.
Менің ойымша бұл проблемаларды білу бәрімізге қызықты, қызықты болмаса да әркім білуге тиіс. Сіздерге азда болса оыс проблемалар туралы мағлұмат беру, оларды шешудің жолдары барма? Осы проблемаларды шешуде қандай жұмыстар жасалуда? Ол мәселелер бейбіт жолмен шешілуде ме? Мінеки осындай біршама сұрақтарға менің баяндамамнан жауап аларсыздар. ....
Рефераттар
Толық

Үлкендердің еңбегін бағалау

«Таным» білім беру саласы бойынша жаратылыстану ұйымдастырылған оқу –қызметінің технологиялық картасы.

Күні, айы, жылы: 22.04.2019
Тақырыбы: Үлкендердің еңбегін бағалау.
Мақсаты: Әсем табиғат аясында көктем мезгілінің ерекшеліктерін еске түсіріп, айналада болып жатқан құбылыстар жайлы түсінік беру. Үлкендердің еңбегі туралы түсіндіру. Табиғаттың әдемілігін сезініп, оны аялай білуге, қорғауға, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ауланы тазалауға арналған құрал-жабдықтар, аула тазалап жүрген адамның суреті.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.
Тәрбие сағаттар
Толық

Әлеуметтану | Қарттарға әлеуметтік көмек көрсету

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы егде адамдардың көптеген құқықтарын бекітеді, бірақ құқықтады жариялау оның автоматты, әсіресе егде адамдардың әлеуметтік жеңілдіктеріне, ақысыз медициналық көмек алуға және дәрі-дәрмекпен ақысыз қамтамасыз етілуіне қатысты ережелерге қатысты құқықтық іске асырылуын білдірмейді.
Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған конституциялық нормаларды іске асыруға бағытталған заңнамасын 3 бөлікке бөлуге болады: жасына тәуелсіз барлық азаматтардың, оның ішінде егде адамдар үшін аса маңызды құқықтарды бекітетін нормалар; егде адамдардың құқықтарына тікелей қатысты нормалар; егде адамдардың ерекше санаттарының ережелерін реттейтін нормалар.
Бірінші топқа көптеген заңнама актілерінде: Азаматтық кодексте, Жер кодексінде, «Неке және отбасы», «Азаматтардың денсаулықтарын қорғау туралы», «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңдарда бекітілген нормалар жатады.
Екінші топтағы нормаларға «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңдарды жатқызуға болады.
Үшінші топқа, мысалы, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылған және жасына жеткен жағдайлар бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Ұлы Отан соңынына қатысушы мүгедектерді және оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы», «Жерасты және ашық кен жұмыстарында еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Заңдар жатады.....
Рефераттар
Толық

Мәдениеттану | Қазақ мәдениетінің көркем шығармашылық типологиясы

Өнер ұғымы мәдениеттануда сөздің тар және кең мағынасында қолданылады.Терминнің тар мағынасында “ өнер ” деп көркем шығармашылық процесін және оның әртүрлі бітімдерін айтады. Оның қазақ мәдениетіндегі алғашқы жүйелерін көрсеткен – Жүсіпбек Аймауытов: “ Атам заманда табылған өнер, білімнің бәрі сөз арқылы бұл күнге, жетіп піскен астай даяр болып, жемісін бүкіл адам баласы пайдаланып отыр ”. Оқымыстылар өнерді беске бөледі:
• 1. Сөз ( словесность )
• 2. Суретшілік ( живопись )
• 3. Мүсіншілік ( скульптура ). Балшық, тас, мрамор әм басқа нәрселерден адамның, басқа хайуандардың пішінін жасау.
• 4. Үй ішілік ( архитектура, үй, сарай, көпір салу сияқты өнер ).
• 5. Ән-күй ( музыка ), т.б.
Бес түрлі өнердің ең артығы – сөз. Сөздің артықшылығы- өзге төртеуін сөзбен суреттеп айтуға болады. Басқа өнерлер қанша кәмелетке жетсе де, сөзді суреттей алмайды. Қазақтың “ өнер алды – қызыл тіл ” дегені терең ақыл – тәжірибемен айтылған сөз. Қазақ мәдениетінің көркем өнерін зерттеу дәстүрі осы жолмен ары қарай дамығанын ғылыми әдебиеттен байқаймыз.
Алайда, “өнер ұғымын” кең мағынада кез келген адамның шығармашылық әрекетінің баламасмы ретінде қолдануға болады. Бұл мағына “ шеберлік ”, “ жасампаздық ”, “ іскерлік ” және жалпы мәдениеттілік ұғымдарымен сабақтас. Осы сипатта өнер адамның басқа тірі жандардан түбегейлі айырмашылығын білдіретін қасиетке жатады. Өнерлі адам деп тұлғалық қасиеттерді бойына толыққанды және үйлесімді жинақтаған кісіні айтады. Тек кейін еңбектің қоғамдық бөлінуінің нәтижесінде сөздің тар мағынасындағы кәсіпқой “ өнер қайраткерлері ” пайда болды.
Әрине “ өнер алды - қызыл тіл ” деген мақалмен келісуге болады. Сонда да көркем шығармашылықтың бастауы сөз емес деген пікір қазіргі мәдениеттануда ұсынылып отыр. Шынында да, адамзат дыбыстары ажыратылған сөйлеу қабілетіне ие болғанға дейін де жаза білген. Көне адамның тасқа салған суреттері (петроглифтер) шығармашылықтың алғашқы үлгілері болып табылады. Қазіргі кезде осыдан 4-5 миллион жылдар бұрын салынған петроглифтер табылып отыр. ....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Қазақ әйелдері бойындағы патриоттық (елжандылық) сезім көріністері

Рухани құндылықтар мен дәстүрлердің өсіп келе жатқан жас жеткіншек ұрпақты, бүгінгі заманның көшіміне ілесе алатын буын, бітім-болмысы мықты, дүниеге өзіндік көзқарасы бар, атадан балаға мирас болып келе жатқан ақжарқын мінезі мен биік адамгершілік қадір-қасиеттерді бойына жинақтаған жаңы жомарт, ділі мен тілі таза азамат, жеке тұлға ретінде қалыптастыруда, қоғам өміріне бейімдеп, әлеуметтендіруде алатын өзіндік орны мен рөлі біршама. Осыған байланысты халықтық тәрбие көздерінің тарихи орны мен рөлін объективті тұрғыдан дұрыс бағалап, зерделеу бүгінгі таңда терең мәнді әлеуметтік маңызға, педагогикалық сұранысқа ие болып отыр. Себебі, өткеннің педагогикық мәдениетін білу, оны ой елегінен өткізу және пайдалану қазіргі жағдайларда жас жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі әлеуметтік күрделі проблемаларды ойдағыдай шешуге жәрдемдеседі.
Халық педагогикасы- ұлттық қазына, рухани дүние. Халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға өлмес мирас болып келе жатқан тәрбие жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Мұндағы бас тәрбиеші- халықтың өзі. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауыса отырып, бірте-бірте қордаланып, кемелдене келе «халық айтса, қалт айтпайды» дейтіндей кем-кетіксіз, ақаусыз халық игерген тәрбие ұрпағын халықтық педагогика дәстүрлері мен тәжірибесін қазіргі педагогика ғылыммының теориялық-қағидаларын әдістемелік тәсілдермен қиюластыра байланыстырып, бірлікте пайдалануға айрықша мән беріп отыр.
Халықтың ізгілік және адамгершілік тәрбие мұраттары негізіне алынған халықтық педагогиканың прогресшіл дәстүрлерін қайта өркендету аясында ғана білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын жаңғырту процесі айрықша мәнге ие бола алады. Бұл мұраттарды орынды жәе мақсатты пайдалану жеткіншек ұрпақты туған жерге, еңбекке сүйіспеншілік, үлкендері сыйлау, әр түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерін құрметтеу және олармен шын пейілді қарым-қатынас жасау, табиғатқа аялап қарау рухында тәрбиелеуде жәрдемдесе алады. «Халықтық педагогика, мектептік оқыту мен тәрбиелеу процесінде жеткіншек, жас ұрпақтың бойына белгілі бір ұлттың ғасырдан ғасырға, атадан балаға мирас болып қалып келе жатқан өзіндік ұлттық қадір-қасиеттерін, ұлттық сана-сезімі мен психикалық ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, жөн-жоралғыларын, ұлт мәдениеті мен өнерін, көркем әдебиеті мен фольклорын, т.с.с. сіңіру үлгі-өнегесі, бір сөзбен айтқанда, адам баласына жұғысты барлық адамшыл қадір-қасиеттер рухында баланы тәрбиелеуде қолданатын тәлімдері». ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстанда көркемөнердің дамуы

Өткен жолыңды қорытындылау, жете түсіну және бағалауға деген ұмтылыс әр саналы тұлғаға тән. Сондықтан, адамның осы қасиеті оның ұлттық рухани түсінігінің жалпылама процестерін де анықтайды. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүниетанымының қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатынын түсінуге бағытталған ұмтылыс, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттерде ерекше орын алады. Сол себепті ХХІ ғасырдың табалдырығын аттар сәтте, біз өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанның көркем өнеріне не әкелгені, оған біздің қандай үлесіміздің бар екендігі туралы ойланбай тұра алмаймыз. Өткен жүзжылдықта түрлі инновациялармен қатар дербес мәдени феномен ретінде кәсіби көркемөнер мен мүсін өнерінің ұлттық мектебі қалыптасты және өмірден өз орнын тапты.
Әр тарихи дәуір ғажайып көріністерін сақтаған қазақ халқының көркемөнерлік ғұламасы ХХ ғасырда әр қырынан көрінудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. 20-30 жылдары Қазақстандағы кәсіби бейнелеу өнерінің дамуының негізгі тірегі, республика үшін жаңа Еуропадан келген ақсүйектік станоктық мүсін өнері мен майлы бояумен кенепке сурет салудың техникасы, технологиясы, әдістері болды. Көрекемөнер мектебінің аяқтан тұруының негізгі парадоксы өнердің сырттан келген түрлерінің дербес ұлттық мәдениеттің рухани ұясында біртіндеп қайта оралуы, толығу дәрежесінде 90 жылдары жеткен сана сезімнің ұлттық типіне пара-пара көркемөнер тілін құру болды.
1991 жылдың желтоқсанында он бес одақтас республикадан құрылған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдырады. Мұндай жағдай суретшілерді де таңқалдырды. Суретшілердің көзқарастары өзгерді. Олар жаңа ағымның шегарасынан перформанс, хеппининг, инсталляция, инвайронмент тәрізді «контемпорари артпен» айналысты яғни заман ағымына сай өнерге бет бұрды. Сондай-ақ кейбір суретшілер заманның өзгеріп жатқанына қарамастан, авангардшыларды елемей, өз жолымен бұрынғы қалпында, еш құбылысты өзгертпей, туындыларын бұрынғы қалпында сақтап кете берді. Біздің өнерімізде үлкен шығармашылық жарылыс болды. Тоталитарлық мемлекеттен босатылып, жаңа бір ғажап сезімге ие болған сәттен жаңа идеялар туындады. Көптеген суретшілердің бағыттары өзгерді. Суретшілер достық, авангардтық стильді ұстана отырып топтар құрды, керемет көркемөнердің шығармалары туындады. Суретшілер арасында 1990 жылы Шымкент қаласында топтар құрылды: «Трансавангард. Структурная школа», 1995 жылдан бастап, «Қызыл Трактор» деп аталды. 1993 жылы «Пестрая вода» тобы ашылған болатын. Бұл топтағы суретшілер акварельмен, темперамен жұмыс істеді. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Көру талдағышы

Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне көру жүйесі жатады. Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру талдағышының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.
Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі.
Құрлысы бойынша көру талдағышының сезгіщ бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады.
1. Көздің қосымша құрылымдары
2. Жарық өткізгіш және жарық сындырғыш құрылымдары
3. Жарық қабылдағыш құрылымдар
Қошымша құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Көз жасының безі мөлдір сұйық- көз жасын түзейді. Тік және қиғаш орналасқан көз еттері көз алмасын қозғауға қатысады, солар арқылы көз бірнеше бағытта қозғала алады. Жоғарғыдан төмен және төменнен жоғары, жоғарыдан төмен ішіне қарай, жоғарғыдан төмен сыртына қарай, алдынан артына қарай.
Көздің сыртын тығыз ақ қабық қоршаған. Ол көз алмасының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қасаң қабыққа айналады. Көз алмасының алдыңғы жағында тамырлы қабат нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың алдыңғы дәл ортасында тесік болады. Оны көздің қарашығы деп атайды. Қасаң қабақтың арт жағында көздің сұйық екі камерасы және көз бұршағы орналасқан. Көз алмасының ішіндегі қалған кеңістік қоймалжың, іркілдеген мөлдір шыны тәрізді денеге толы болады. Көздің сұйық камералары мөлдір сұйыққа толы болады.
Ішкі торлы қабығының құрлысы өте күрделі. Негізінен алғанда, ол жарық сәулелеріне сезімтал фоторецептор деп аталатын таяқша және сауытша тәрізді клеткаларынан тұрады. Торлы қабақтың ортасында Сары дақ бар.
Көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді денесі-негізгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациялық қызмет атқарады.
Көздің шыны тәрізді денесі жарық сындырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Таяқша клеткаларда родопсин, сауытша клеткаларда иодопсин деп аталатын заттар болады.
Жарық сәулелерінің әсерінен родопсин ретинен мен опсинге ыдырап, пайда болған заттар жарық толқындарының үзындығына лайық көру нервінің ұштарына қозу тудырады. Ретинен А витаминінің туындысы, қарңғыда А витамині ретиненге айналады. Сондықтан бұл витамин организмге жеткіліксіз мөлшерде болғанда ондай адамның ымыртта, қараңғыда көру қабілеті төмендеп жойылаы. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Көркемшығармадағы композициялық негіз және оны оқытудың жолдары

Нақ нұсқаны қою, қай тұстан отырғаныңды анықтау, параққа суретті дұрыс орналастыру, бері де композицияның негізгі бастаулары. Бұл сөз әдетте музыкалық шығармаларға арналғандай, бірақ мұнда кең ұғым бар. Түсініктірек болу үшін, бұл туралы нақтылай сөз етейік.
Жазушы роман жазғысы келді дейік. Болашақ дүниенің негізгі ойлары басында пісіп-жетілгенде, ол шығармасының жоспарын жасайды. Ол жоспары, жазушының ойындағы дүниелері бірлік пен бірегейлікке жеткенше, әрқайсысы өз орындарын тапқанша, талай өзгерістерге ұшырап, сан рет қайта сүзгіден өтеді. Содан кейін ғана ол көркем сөзге көшеді. Архитектор да белгілі бір ғимараттың жобасын сызбастан бұрын, оның сырт көрінісі мен негізгі пропорциясын анықтағанша, бірнеше эскиздер жасайды.
Міне, алдын ала атқарылатын осы шаруаларды жобалау немесе қарапайым түрде жоспарлау деп атайды. Бұл жоспарлаудың мақсаты - жеке нәрселерді (бөлімдерді) тұтас бір дүниеге айналдыру.
Композиция (латын тілінде "құрастыру", "тәртіпке келтіру" деген мағынаны білдіреді) - шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Суретшінің қолында композиция -көркем құрал. Ол композиция арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашып бейнелеп отырған өмір құбылыстарын өз түсінігінше жеткізіп көрсетеді.
Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды.
Қарапайым тілмен айтқанда көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. .....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Көркемдік дәстүр жалғастығы

«Шу дастаны» – қазіргі түркі тілдес халықтардың арғы тегі саналатын, көне тарихқа біздің заманымыздан бұрынғы ежелгі дәуірлерден мәлім сақтардың шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде Шу батыр біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда өмір сүрген сақ билеушілерінің бірі екені айтылады.
Ежелгі түркі ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, «Шу» дастаны қадым заманда, сақтар дәуірінде-ақ өмірге келген жыр. Белгілі түрік ғалымы Н.С.Банарлы «Түрік әдебиетінің тарихы» атты зерттеуінде «Шу» дастаны бізге Қытай көне жазбалары арқылы жеткен мәліметтер бойынша, сақтар өз мемлекетінің ұлан-ғайыр бір аймағын Шу өлкесі деген екен.
Аса даңқты түрік билеушісі, есімі кезінде әлемге мәшһүр болған дарынды қолбасшы Шу батыр сақтар мемлекеттік бірлестігіне қарасты Шу аймағында өмір сүргені белгілі. Ал сақтар қазіргі Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Алтай өңірін біздіі жыл санауымыздан бұрынғы дәуірлерде мекен еткен тайпалардың бірі. Иран тарихшылары сақтарды үш топқа бөліп қарастырады. Солардың ішінде, Арал теңізі төңірегін, Қаратау мен Жетісу жерін, Яксарт (Сырдария) пен Оксус (Амудария) өзендеріне дейінгі аймақты мекен еткен сақтарды кезінде парсылар өз тілінде «Тьяй-парадарая» (яғни теңіздің арғы жағындағылар) деп атаған.
«Шу» батыр дастанында алдымен оқи болып отырған осы өңірдің көз тартатын ғажайып табиғат көріністері, бау-бақшалы егістік алқаптар, жыландай бұралаңдап ағатын өзендер мен айдынында аққу құстар қиқу салған көлдер, өзенен бойында қалың болып өскен құрақ-қамыстар суреттеледі. Байырғы Баласағұн шаһарының маңында жас әмірші Шу батыр жаңадан салдырған Шу қала-қамалының сәулеті жайында айтылады. Содай ақ дастанда биік биік тау штқалдары мен кең жазық дала ойнақ салып жүгірген сансыз көп арқар, бөкен, елік, таутеке, марал, барыс, аю, бөрі, арыстан сияқты аңдар көрініс тапқан. (К.Әкішеш, Г.Қошаев «Іле қзені алқабындағы сақтар мен үйсіндердің ежелгі мәдениеті»).
Шу батыр – еңсегей бойлы, қақпақ жауырынды, өткір көзді, түсі суық, шашы ұзын, білектерінде бұлшық еттері ойнаған, сақал-мұрты енді ғана тебіндеп келе жатқан бала жігіт ретінде бейнеленген. Ел билеушісі Шу батыр әрдайым, қысы жазы көктем күніндей жайқалып тұратын өзінің ғажайып бау бақшасы ішінен айналасы атшаптырым, аса үлкен күміс хауыз салдырады. Ол хауызда көптеген үйректер, қаздар, аққулар лек легімен қысы жазы жүзіп жүреді екен. Ал. Шу батыр осы киелі құстардың қимыл әрекетіне қарап отырып өз елінің болашағын болжап біледі екен. Мәселен, дастанда Шу батыр сақтар еліне қалың қолды бастап Ескендір келе жатқанын хауыздағы суға қарап отырып күні бұрын біледі. Алайда жұртты дүрліктірмеу үшін өзінің болжамын ешкімге айтпайды. ....
Рефераттар
Толық