Пән: География Тарау: Экономикалық география Тақырыбы: Көлік инфрақұрылымы Оқу мақсаты: 7.5.2.1 көлік инфрақұрылымының элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде); 7.2.1.1 тақырып бойынша картосхемаларды жасай алады.....
Мемлекет Басшысы «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мынадай міндет қойды: Қазақстан әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі болуы тиіс, бұл бізден елдің бүкіл көлік инфрақұрылымының озыңқы дамуын қажет етеді. Қойылған міндетті шешуде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және іске асыруды қамтамасыз ететін уәкілетті орган болып табылады. Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешені темір жол, автомобиль, су, авиация көліктерін, сондай-ақ технологиялық көліктің әр алуан басқа да түрлерін біріктіреді. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Әкімшілік реформа аясында Министрлікте көлік-коммуникация кешенінің қолданыстағы 8 салалық заңы бойынша («Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Ішкі су көлігі туралы», «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы», «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы», «Қазақстан Республикасының авиация қызметін және әуе кеңістігін пайдалану туралы», «Темір жол көлігі туралы», «Автомобиль жолы туралы») заңды түрде бекітілген міндеттері бойынша функционалдық талдау жүргізілді. Ішінара алғанда, көлік саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Парламентпен; «Нұр Отан» ХДП; экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия және сауда, білім және ғылым, қаржы, әділет министрліктерімен; табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттіктерімен; мемхолдингтермен; әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен; облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен, қоғаммен және басқаларымен өзара тығыз іс-қимыл жасау қажет. Көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ішкі істер, экономика және бюджеттік жоспарлау, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау министрліктерімен және «Самұрық-Қазына» ҰАҚ өзара әрекеттесу қажет. Транзит-көлік әлеуетін іске асыру үшін индустрия және сауда, экономика және бюджеттік жоспарлау, сыртқы істер, ішкі істер, қаржы (салық және кедендік бақылау комитеттері), туризм және спорт, денсаулық сақтау (Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті) ауыл шаруашылығы (АӨК мемлекеттік бақылау комитеті) министрліктерімен; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен; «Самұрық-Қазына» ҰАҚ; қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуі қажет. ТМД, ЕурАЗЭҚ, ШЫҰ, ЕО, ЦАРЭС, СПЕКА сияқты және тағы басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы ынтымақтастық маңызды аспектілердің бірі болып табылады. ....