Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка» Тақырыбы: Шуақты көктем Мақсаты: Музыканың жан - жақты ырғақтары туралы әңгімелеу, оларды ажырата білуді түсіндіру. Тіл байлығын молайту, әнге құштарлығын арттыру, ән арқылы ой - өрісін дамыту. Әнді сүйіп тыңдауға тәрбиелеу. Көрнекілік: Көктем мезгілі бейнеленген, құстардың, талдардың суреттері Сөздік жұмыс: көктем, жаңбыр, күн, сәулесі, бұлт, тал Биллингвалдық компонент: көктем – весна, жаңбыр – дождь, күн – солнце, бұлт - облоко, тал – дерево.....
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Көкөністер Мақсаты: күз айлары молшылық, береке сыйлайтын мезгіл екенін, көкөністер мен жемістердің пісіп, жиын - терін болатынын түсіндіру; заттың нұсқасына қарай отырып мүсіндеу дағдыларын бекіту; ермексазды көкөністің түсіне сәйкес таңдай алуға үйрету. Керекті құралдар мен материалдар: жемістер мен көкөністер муляждары, дайын үлгі ретіндегі көкөністер, ермексаздар, тақтайша, таяқша, қолорамал. ОІӘ - інің барысы: І. Ұйымдастыру. Балалардың назарын сабаққа аударту. .....
Жаңа адамды,болашақ қоғам адамын рухани, интелектуалдық жағынан дамыта тәрбиелеу ісі бүгінгі уақыттың күн тәртібіне айрықша қойылған мәселе.Н. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми- теориялық еңбегінде жаңа қоғамды құрушылар қандай болуы керек, қандай азаматты тәрбиелеу керек деген мәселеге зор көңіл бөліп, оған ғылыми дәйекті жауап іздестірілген. ХХІ ғасыр есігін ашты. Жас ұрпақ тәрбиесі жөнінде жаңа қадамдар басталды. Ұрпақ тәрбиесінде жіберілген кемшіліктер сараланды. Білім жөнінде жаңа заң қабылданды. Оқу жүйесі өзгерді. Жалпы білім беретін мектептердің басым көпшілігі тереңдетіп оқытылатын немесе орталау арнайы білім алуға даярлайтын гимназияларға, арнаулы және жеке мектептерге айналуда. ХХІ ғасыр маманының салыстырмалы моделі мынадай болып шыққан: - қоршаған ортаны, өмірді сақтау мақсатында оны өзгерту; - бірнеше мүмкін шешімі болады; - шығармашылық жаңарудың әдіснамасы мен қаруландыру; - қызметтік іс- әрекет барысында қажетті және мүмкін ; - ғылым мен техниканың кәсіптік қызметінің заңдылықтарын білу, олардың моральдік адамилық аспектлерін ескере отырып, тәжрибеде қолдана білу; - ұжым мүшелерінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, «адам- адам» қатнастарын тудыра білу. Білім беруді екі жақты құбылыс: нақты іс- әрекет және нәтиже ретінде қарастырған дұрыс, яғни мәдениеттің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілу үрдісі мен жеке тұлғаның мәдениеті меңгеру нәтижесі ретінде. Дамыта оқытуда оқушы оқыту объектісінен субъектіге айналуы тиіс бұл үрдістің нәтижелілігі оқытушының кәсіби және мәдени құзырлылығына, ұйымдастыра білу шеберлігіне, біліктілігіне, берілетін білім мазмұнының өзектілігіне, оқыту мақсатының оқытушы ғана емес, оқушы үшін де анық, айқын, дәл болуына байланысты. Жаңа формация мұғалімнің портреті.
Даналық білімнен нәр алады. Даналыққа апаратын жол ұзақ әрі қиын. Сондықтан да жастарға басты қиындықтарды көре білетін, әлеуметтік Ақыл-ойға сәтті кіруге көмектесетін жолбасшы қажет.
Ғылымның ісі – Ғалымдағы заңдылықтарды ашып, оны сөз бен формулаларға айналдыру. Әдіскердің міндеті – ғылымның ашқан жаңалығын білімге айналдырудың құралдарын табу. Педагогтың міндеті- осы мақсатқа ғылымның да, әдіскердің де жетістіктерін кең көлемде қоса отырып, оқушының біртұтас ойлау қабілетін қалыптастыру. Білім мен іскерліктің қосындысы- педагогті өзгелерден ерекшелйтін қасиет міне осы. Маслова Н.В Ноосферлік білім. Біртұтас ойлау жөнінде білу үшін мұғалімнің оның не екендігін білуі керек және сол білімді сенімді таратушы болуы керек.....
Сабақтың мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Көктем мезгілі туралы балаларға білім беру. Табиғаттағы құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс – әрекеттері туралы әңгімелеу. Табиғатты сүюге, одан ләззат алуға еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекілік: Көктем туралы суреттер және үлестірмелі суреттер. Әдіс – тәсілдер: салыстыра сөйлету, әңгімелесу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.
Сабақ барысы: І. Қызығушылығын ояту. Шаттық шеңбері. Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. .....
Ұйымдастыру оқу іс - әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Күз сыйы» Жемістер мен көкөністер Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Көкөністер (сәбіз, қияр, қызанақ, пияз, орамжапырақ, картоп) мен жемістер (алма, алмұрт, жүзім, банан, апельсин) туралы түсініктерін кеңейту. Көкөністер мен жемістерді ажыратуға, сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануға үйрету. Зерттеу жүргізу, іздестіру әрекеттерін орындау қызығушылығына тәрбиелеу. Адам еңбегін бағалауға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жұмбақ ән ойын, Бау - бақша, көкөністер (қияр, қызанақ, аскөк, көк пияз) мен жемістер (алма, мандарин, банан) Азығын тап ойы .....
Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардыңоларғадегенізгіниеттерінкөрсету. Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б. Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу...
Мақсаты: Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Суретке қарап әңгіме құрастыру арқылы баланың сөздік қорын дамыту. Сөздікпен жұмыс: Шуақты, жер көйлегі. Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап Қос тілді түсінік беру: Көктем – весна, ай – месца, құс - птицы, гүл - цветы Көрнекі құралдар: Көктем суреттері, құстар Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті Мотивациялық – қозғаушы кезең Балалар шеңбер бойына жиналып өлең жолдарын қайталайды. Көктем, көктем, көктемде, Құстар келіп жеткенде, Қуанып бір қаламыз Әнмен қарсы аламыз .....
Мақсаты: Кішкене бүлдіршіндерге эстетикалық тәрбие беру, көпшілік алдында сөйлеуге баулу, өнерлерін шыңдау, тапқырлыққа, ұқыптылыққа үйрету. Көрнекілігі: нақыл сөздер. Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Әдемі әуен айналып турады - Құрметті жиналған қауым! Бүгін біздің сыныпта дүбірлі той! Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой! Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп! Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой. Уа жамағат, халайық! Баршаға жар салайық. Арулар мен аналарды ортаға шақырып, Қол соғып қарсы алайық! 2. Арулармен таныстыру 1. Сары балапан секілді, Бір бүлдіршін келеді, Күлімдеген көздері Жанға жылу береді .....