География | Көкшетау Бурабай аймағындағы курортты рекреациялық шаруашылықтың дамуы

Тақырыптың өзектілігі. 1998 жылдан бастап Астана қаласы – Қазақстанның астанасы – Үкіметтің ресми резиденциясы мен елдің басқарушы орталығы. 1999 ж. Көкшетау қаласы Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды және Көкшетау-Бурабай аймағы Астананың даму жоспарына кіргізілген болатын. Көкшетаудың қазіргі кездегі әкімшілік статусы осы аймақтың дамуы мен гүлденуіне көмектеседі, осыған байланысты рекреациялық және туристік ресурстар меңгеріледі, осы арқылы таңдалған тақырып өзекті болып отыр.
Көкшетау–Бурабай аймағы –Қазақстанның солтүстігінің ең әдемі орны. Бұл – сұр жартастар мен қылқанды жапырақ ормандарының, әсем таулар мен тұнып жатқан өзендердің таңжайып өлкесі, даланың тамаша аралы. Таулардың, ормандардың және көлдердің үйлесімі ландшафттардың тек қайталанбас сұлулығын ғана емес, ерекше емдік климатты да құрап отыр.
Көкшетау–Бурабай аймағы – санаторийлер, профилакторийлер, демалыс үйлері мен спорттық-сауықтыру лагерьлерінің өлкесі. Өзінің әдемілігімен және сұлулығымен Ресейдің, Қазақстанның әр бұрыштарынан және ТМД елдерінен ондаған мың адамды тартады. Бурабай қымызбен, емдік батпағымен және минералды су көздерімен атақты. Курортта әсіресе дала шөптері мен шыршалы орманның ғажайып иісіне қаныққан таза ауа ерекше жанға жағымды.
Бурабай – халықаралық мәнге ие курорт. Дәрігерлер мен демалушылардың жалпы пікіріне қарағанда, Көкшетау-Бурабайда басты емші болып табиғат табылады. Оның 5 негізгі «емдеу кабинеттері» бар: орман, су, тау, ауа және күн.
Көкшетау–Бурабай аймағы өзінің сұлулығы үшін және көлдерінің, өсімдік пен жануарлар әлемінің даралығы үшін «Қазақстан маржаны» деген поэтикалық атауға ие. Туризм - әлемдік экономиканың жетекші және ең бір динамикалық салаларының бірі. Жылдам өсу темпіне байланысты ол жүз жылдықтың экономикалық феномені болып мойындалып отыр.
Көптеген елдерде туризм жалпы ішкі өнімнің қалыптасуында, қосымша жұмыс орындары мен тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде, сыртқы сауда балансының белсенділігінде маңызды роль атқарады. Туризм көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарларды өндіру және тағы басқа сияқты экономиканың негізгі салаларына ықпал етеді, яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың өзінше бір катализаторы болып қызмет етеді.
Берілген дипломдық жұмыста біз Көкшетау–Бурабай аймағын курортты шаруашылықтың моделі ретінде қарастырамыз, сонымен қатар мұнда туризмнің дамуына қажетті болашақ жоспарлары қарастырылады.
Ұсынылған жұмыстың мақсаты - Көкшетау–Бурабайдағы курортты шаруашылықтың қазіргі күйін, табиғи-географиялық алдын-алулар және аймақтағы туризм мен курортты шаруашылықтың даму қадамдарын зерттеу. ....
Курстық жұмыстар
Толық