Карантин кезінде қашықтан жұмыс істеу мен онлайн білім алу ересектер мен балаларды мониторға телміртіп қойды. Мұндай қарқынмен жанарымызды құртып алмаймыз ба? Офтальмолог үйде көзді қалай күту керек екенін айтты.
Жаз шыға күннен қорғайтын көзілдіріктер сатып ала бастаймыз. Өзімізге жарасатынын, сәнді көрінетінін таңдаймыз. Осыларды басты назарға алып, оның сапасын, көзге әсерін ұмытып кетіп жатамыз.
Көзілдірік сіздің сұлулығыңызды айқындап қана қоймай, көзіңізді күннен бөлінетін ультракүлгін сәулелерден де қорғайды. Сондықтан да оның сапасына баса мән берген жөн.
Көзәйнек таңдағанда оның неден жасалғанына мән беріңіз. Себебі әдемілік пен стильден бұрын, денсаулық қымбат. Көлемі өте кішкентай көзәйнектер сәнді көрінгенімен, көзге зиян. Себебі оның күннен қорғау мүмкіндігі өте төмен.
Көзді күннен қорғайтын көзілдірітер шыныдан емес, пластиктен жасалып, арнайы линзалар мен қаптауыштардан қапталғаны дұрыс. Себебі мұндай көзілдіріктер ыңғайлы, әрі жеңіл болады. Ал олардың сапасын сіз тек тағып көріп қана біле аласыз. ......