file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Көгершін - бейбітшілік құсы

Сабақтың тақырыбы: Көгершін - бейбітшілік құсы
Жаңа ән: Ақ көгершін
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға бейбітшілік құсы туралы мағлұмат беру. Көгершін құсының түрлерімен таныстыру. Интернет арқылы бейнелі сюжеттер көрсету.
2. Дамытушылық: Оқушыларды музыкалық ырғақты сезіне білуге үйрету. Музыка тыңдау арқылы музыкалық сауаттарын ашу. Өнерге баулу.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Баян аспабы, оқулық, дәптер, тақырыптық суреттер, үнтаспа, интернет жүйесі, интерактивті тақта, қағаздан қиылған көгершін қиындысы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (амандасу, оқушыларды түгендеу)
2. Үй тапсырмасын сұрау
- Балалар, өткен сабағымызда қазақтың халық музыкасының орыс композиторлар шығармаларындағы орны тақырыбымен танысқан болатынбыз. Олай болса менің сұрағыма жауап беріңдер.
- Орыс композиторларының қазақ шығармаларындағы алатын орны қандай?
- А. В. Затаевич қай жылы, қай жерде дүниеге келген? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық