Мұғалім тұлғасының мінездік ерекшеліктеріне –патриоттық сезім , кәсіптік едагогикалық бағыты, танымдық бағыты . Т. А. Ильина мұғалімнің кәсіптік маңызды сапаларын Міндеттік себептеріне байланысты бірнеше топқа жіктеді а) міндетті ә) өте маңызды б) Мүмкіндігінше в) мұғалімге қажетсіз сапалар Міндетті деген сапалар ға тоқталатын болсақ , олар кәсіптік қызметпен тікелей байланысты сапалар болып табылады . Маңызды сапалар тобына адамгершілік , имандылық сезімдердің жоғары дәрежеде қалыптасқан деңгейі , балаға деген сүйіспеншілік , ізгілік , педагогикалық байқағыштық , ұйымдастырушылық қабілет мейірімділік пен әділдік , ұстаздық борыш пен жауапкершілік , сөйлеу мәдениеті , байсалдылық Мұғалімге мүмкіндігінше болуға....
Мектепте мұғалімдер ұжымы кәсіптік бағдар беру ісінде негізгі күштерді (мектеп, үйелмен, жұрттылық) біріктіру бағытында жұмыс істейді. А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теореманың қатарында «үш күш одағы»—мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл, педагагикалық ұжым. ....
Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда. Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз. Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды. Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан. Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады. Бірақ бәсекеге қабілетті болу міндетті түрде ең жоғары сапалы өнім шығаруды ғана білдіре бермейді. Сапа деңгейі халықтың анықталған деңгейіне арналып, әртүрлі болу мүмкін. «Мерседеспен» барлық адамдар жүре бермейді, бірақ барлық машиналар эксплуатацияда сенімді және қауіпсіз болу керек. Мұның бәрі сапаны оперативті және икемді басқаруды талап етеді. Сонымен қатар, сапаны басқару стандарттаумен тығыз байланысты, өйткені оның нормативтік базаның негізі сапаны бағалау, сапаға талаптар қойылған стандарттар болып табылады. Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қойылады. Бұл қазіргі дүниеде кез-келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді. ....
Қоғамдық еңбекті дамытудың маңызды белгісі, оны бөлісу мен бірлесу. Өндірістк еңбекті жүйелі түрде бөлісу мен бірлесу басшы еңбегін адамдардың іс-әрекетіндегі ерекше түрге бөлуге ықпал етті. Басшылықта бірлескен еңбек объективі қажеттілік, өйткені оны жүзеге асыру үшін адамдардың бірлесіп әрекет етуі қажет, ал мұның өзі басқару арқылы қамтамасыз етіледі. Басқару еңбегі жалпы еңбек секілді әлеуметтік-экономикалық табиғаты болады. Оның өзі қоғамдық еңбектің даму процесінде пайда болады. Басқару еңбегі өндірістік еңбек болып саналады. Мұның өзі өндірісті, соның ішінде басқару еңбегінің өнімділігін арттырудан туындайды. Басқару еңбегінің өзіндік ерекшелігі болады, оны еңбек өнімділігін салыстыру арқылы анықтайды. Өндірістік және басқару еңбектерін салыстыруды мынадай тиісті белгілері бойынша жүргізуге болады; еңбек заты, тікелей мақсат пен еңбек нәтнжесі, еңбек құралы, еңбек сипаты, оның мазмұны. Еңбек заты дегеніміз адам еңбегіне арналғаны, адамның еңбекке күш жұмсауы. Өндірістік еңбек заттарына материалдық және физикалық компоненттер жатады, адамдар еңбек құралдарының көмегімен өндіріс өнімдерін өңдейді және түрлендіреді. Басқару еңбегінің затына көбінесе мәліметтерді жатқызады. Өйткені, басшы қызметшілер шындығында мәліметтерді өңдеумен шұғылданады. Алайда, мәліметтерді басқару еңбегінің бірден бір құралы деп есептеуге болмайды. Тағы бір атап көрсететін жайт, басқару объектісі адамдар болып саналады. Еңбек заты – бұл іс-әрскетке бағытталған нәрсе. Басқару кезіндегі ықпал ететін объектілері – адамдар, ұжым мүшелері, өндіріс процесі және басқару (ІІ. 204-205).....
Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда. Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз. Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды. Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан.....
Қазіргі халық шаруашылығы саласында өзара байланысты құрылыс материалдары, өлшеу құралдарының көптеген түрлі заттардың және материалдардың қолданылуына, оларға қойылатын талаптардың қолданылуына байланысты стандарттау саласында мамандар дайындаудың маңызы күннен – күнге арта бастады. Сонымен қатар еліміздің алға қойған мақсаты жақын келешекте әлемдік сауда ұйымына (ӘСҰ) мүше болып кіру. Ол үшін бірінші кезекте, шығаратын өнім сапасын халықаралық дәрежеде бәсекеге түсуге сай болуы керек. Сондықтан стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келешек мамандарға қазіргі өндіріс өнімдерінің сапасын халықаралық деңгейге жеткізуді қамтамасыз ететін талаптар қойып отыр. Стандарттау өндірісті өнім шығаруға әзірлеу, технологиялық әрекеттер, біркелкі сараптау, өнімдердің дәлдігін, өнім қауіпсіздігін бағалау және оның сапасын басқару бағыттарын қамтиды. Стандарт – бұл қоғамда бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келушілік негізінде әзірлелетін және танылатын органдардың бекітетін нормативтік құжат. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіріп оқтайлы деңгейге жетуге бағытталады. Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетінсапа жүйесінің бірін-бірі алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді. ....
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 – ақпанындағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңінде ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды 30 бағыты көрсетілген. Осы отыз бағыттың он төртінші бағытында Қазақстанның халықаралық экономикалық өрістегі бәсекеге толыққанды қатысуы техникалық стандарттар талаптарын орындауды талап етеді. Техникалық стандарттау өнім мен қызмет сапасын қамтамасыз ету құралы ғана емес, біздің тауарларымыз бен қызметіміздің жаһандық экономикадағы бәсекеге қабілетттілігін жүзеге асырудың міндетті шарты ретінде де қарастырылуы керек деп атап көрсетілген болатын . Қазіргі кезеңдегі нарықтық экономика көп қырлы, әр түрлі: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ақпараттық өзара байланысты құрылымдардан тұратын күрделі организм болып табылады. Нарықтық қатынастардың мәнін көрсететін түйінді түсініктердің бірі - бәсеке қабілеттілік. Қазақстан Республикасы ашық нарықтық экономикаға өту жағдайында ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарда тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсекеқабілетті өнім өндіру мен жасауды талап етеді. Ел экономикасының бәсеке қабілеттілік түсінігі көп деңгейлі және бәсекеқебілеттіліктің үш деңгейінен қалыптасады: жалпы ұлттық, салалық және кәсіпорын деңгейінде. Елдің бәсеке қабілеттілігі әр деңгейде, ұлт ортасындағы факторлар мен ерекше шарттың өзара іс-қимылдарының нәтижесі болып табылады. Ел бәсеке қабілеттілігінің соңғы деңгейі болып бәсеке қабілеттілігі бар өнім шығаратын кәсіпорын деңгейі болып табылады. Сол себепті кәсіпорында елдің негізгі бәсекелі базалық артықшылықтары кепілзатқа салынады. Бұл жерде бәсеке қабілеттілігі бар өнім түсінігі туралы сұрақ туады. Тауардың бәсеке қабілеттілігін бағалау берілген өнімнің басқа фирмалардың сәйкес өнімімен салыстыру негізінде жүргізіледі ....
Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесіп келе жатыр. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Компьютерлік техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдерімен ығыстырылып келеді.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден - бір дара жолы - білім жүйесі. Техникалық және кәсіптік білім беру орындары - білім жүйесінің ең басты буыны. Техникалық және кәсіптік білім беру орындарында қаланған білім негізі студенттің болашағына жол ашады......
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінде әлемнің көптеген елдері мен аймақтарында орын алып отырған азық-түлік жетіспеушілігі әлемдік қоғамдастықтан агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа бағыттары мен жолдарын қарастыруды талап етуде. Өз кезегінде әлемдік қоғамдастықтың бір мүшесі ретінде Қазақстан да мұндай мәселелерден тысқары қала алмайды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан басталған экономикалық реформалар, билік орындары қабылдаған нормативтік-құқықтық актілер мен басқа да іс-шаралар тұтастай алғанда агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші роль атқара алмай отырғаны ақиқат. Осы жерден ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа механизмдерін жасау қажеттілігін байқаймыз. Бітіру жұмысының мақсаты – агроөнеркәсіптік кешеннің бүгінгі жағдайы мен өзекті мәселелеріне ғылыми талдау жасап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттарын айқындау, саланың болашақ әлеуетін сараптау. Алға қойған мақсатқа сәкес келесідей міндеттер орындалады: - ауыл шаруашылығы саласы агроөнеркәсіптік кешеннің ең негізгі құрамды бөлігі ретінде зерттеледі, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік реттеудің рөлі айқындалады; - агроөнеркәсіптік кешенді дамыту азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алғышарты ретінде зерттеледі, оның қазіргі жағдайына ғылыми тұрғыда баға беріледі; - саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы шетелдік тәжірибелер мен құқықтық құралдар зерттелініп, оны Қазақстан Республикасында қолдану ерекшеліктері сараланады. Тақырыптың ғылыми зерттеліну дәрежесі. Ауыл шаруашылығы экономикасының бірден-бір ерекшелігі оның жермен тікелей байланыстылығын ескерсек, тақырыптың зерттелінуі өте ертеден басталады деген пікір айтуға болады. Сөзімізді экономикалық ілімдер тарихынан белгілі физиократтар мектебінің «Байлықтың көзі – жер» деген пікірі дәлелдей түспек. Ауыл шаруашылығы экономикасын КСРО ғылымында 20-30 жылдарда А.В. Чаянов, Н.Д. Кондратьев зерттесе, кейінгі жылдары Л.И. Абалкин, В.Ф. Башмачников, А.Г. Аганбегян, П.Г. Галузо, С.В. Кисилев, А.Е. Булатов, О.К. Ястребова, И.Н. Буздалов, М.Д. Мацкуляк түбегейлі зерттеп ....
Кіріспе Кәсіптік педагогика - жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде енді өркендеп, дамып келе жатқан жас ғылым. Жалпы педаготика атауы ескі грек сөзінен «пайдос» - бала және «аго» -жетелеу ұғымын береді. Сөзбе-сөз аударғанда «бала жетелеу» деген мағьшаны білдіреді. Ежелгі Грекияда педагог деп өз қожайынының баласын епке жетектеп апарып, әкелетін құнды айтқан. Ал мектепте _!Әріс беретін құлды ғалым деп атаған. Бертін келе педагогика сөзі қазіргі мәніне жақын «баланы- мірге жетелеупіі» ғалым ретінде қалыптаса бастады, яғни оны қытып, тәрбиелеи жаны мен рухын дамытатын өнер деп атасты. Атақты адамдардын қасына оны тәрбиелеген ұстаздарынң аты да қоса айтыла бастайтын болды. Бертін келе балаларды тәрбиелеу туралы ғылым да өзгешеленіп, дараланды. Осылайша педагогика балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым ретінде қатыптаса бастады. Педагогика туралы бұл көзқарас XX ғасырдың ортасына дейін сақталды. Тек соңғы онжылдықта ғана кәсіптік педагогикалық біліктілік тек балаларға ғана емес, оның үлкендерге де қажет екендігі сезіледе басталды.....