Экономика | Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары
Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.
Өндірістік шығындар, өнімнің өзіндік құны экономикалық сатының басты элементтері болып табылады. Олардың деңгейі, көбінесе, пайда көлемін, кәсіпорын рентабельділігін және шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын анықтай отырып, оның өндірістік шығындарын қысқартып, оптималды экономикалық жетілдірудің негізгі бағыты болып табылады.
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында (Астана, 2008 жылғы 18 ақпан):
«Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2007 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше 2008 жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.
Мен 2010 жылы жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімді 5 800 АҚШ долларынан асатын мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты елдердің бүгінгі деңгейіне, 2015 жылы шамамен 9 000 АҚШ доллары мөлшеріне жеткізуге күшіміз жетеді деп санаймын. Жалпы, сатып алу қабілетінің шамасы жағынан бұл цифрларға біз қазірдің өзінде жақынбыз.
Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2003 жылмен салыстырғанда 2010 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та, бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ жететінімізге сеніміміз мол,» - деп жазған. [1]
Осыған орай, біз ұлттық табысты арттыруымыз қажет. Ал ол үшін, ең алдымен, табыс, пайда әкелетін кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті, олардың субъектілерін одан әрі дамытып, өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін арттырып, табысын көбейту керек. Яғни, кез келген өндірістік кәсіпорын өзінің өндірістік шығындарын қысқартқаны, төмендеткені жөн. Бұл пайданы арттырудың негізгі кепілі болып табылады. Сондықтан, осы дипломдық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары» - қазіргі кездегі өндірістік кәсіпорындар үшін өзекті мәселе болып отыр. ....

Курстық жұмыстар