Экономика | Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру

Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу - бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді.
Салықтан жалтарғаның халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.
Салық салынатын база жасау жөніндегі қорытынды жұмыстарға әзірлік проблемасы жетіп артылады. Бұл салада өзге де проблемалар жеткілікті. Қазіргі қолданып жүрген Салық кодексі тікелей ықпал ететін заң күшіне әлі де толық ие емес. Салық жөніндегі заңды дамыту тұжырымдамасын жасау саласындағы жұмыс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.
Бұдан кейінгі тұрған мәселе қатаң бақылау орнату. Ондай бақылау әкімшілік тұрғыдан күш қолдану арқылы емес, қайта осы заманға нарықтық құралдардың - валюталық қаржылар мен экспорттық импорттық операциялардың қозғалысына бақылау орнату болуы тиіс.
Салықтар нарықтық экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекет бюджеттің кірісіне қарай, мелекеттің кәсіпкерлікпен айналасуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшелерін заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі [3].
Зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасың қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаларына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлыты шықты. Енді бүрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індеті заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасыиың заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Нарықтық экономика – бұл ең алдымен еркiн iскерлiк экономикасы және Кәсіпкерлік тiң оның барлық салаларында жұмыс iстеуi. Нарықтық қатынастарға көшу түрғындарды Кәсіпкерлік ке кеңiнен тарту арқылы ғана мүмкiн болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық