Экономика | Кәсіпкерлік және үй экономикасы

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 2004 жылдың 19 наурызындағы Жолдауында еліміздің стратегиялық дамуындағы экономиканың рөлін анықтай келіп, былай деген: “Экономика біздің дамуымыздың басты басымдылығы, ол экономикалық өсімнің барынша жоғарғы қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді...” Осыған байланысты елімізде экономиканы дамытудың негізгі бағыттары былайша тұжырымдалған:
• экономиканы одан әрі ырықтандыру және жүйелі реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестікті дамыту мен бюрократиясыздандыру;
• Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;
• индустриалдық – инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;
• ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
• инфрақұрылымды дамыту.
Ал ендігі кәсіпкерліктің дамуын тежеп отырған мәселелерді шешу мақсатында бес бағыт қарастырып,атап айтсақ:
• шағын кәсіпкерлік саласындағы мақсаттық құқықтық актілерді жетілдіру;
• шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасап отырған әкімшілік тосқауылдарды жеңу үшін, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне қатысты бақылау және қадағалау міндеттерін жүзеге асыратын өкілетті ұйымдардың өкілеттіліктерін, жүргізілетін тексерудің тәртібі мен лауазымды тұлғалардың өкілеттіліктерін белгілейтін үлгілерін дайыдау;
• шағын кәсіпкерлік нысандарын кадрлық, ғылыми әдістемелік және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету;
Шағын кәсіпкерліктің табысты дамуын айқындайтын басты шарттардың бірі қаржы – несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау саясатының тетіктерін жетілдіру.
Инновациялық кәсіпкерлік – бұл ғылыми – техникалық идеяларды, ұсыныстарды, өнер табыстарын іс жүзінде қолдауға және таратуға болатын деңгейде жеткізу қызметі. Инновациялық кәсіпкерлікті басқару мақсаты – жаңа идеяларды қолдану, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады.
Кәсіпкерлік және үй экономикасы тарауын оқыту мен ғылыми тұрғыда жеткіліксіз негізделмеуі арасында қарама – қайшылықтар анықталды. аталған қара қайшылықтар негізінде ғылыми жұмыстың тақырыбын «Кәсіпкерлік және үй экономикасы» етіп таңдадық.
Зерттеу жұмысының мақсаты. «Кәсіпкерлік және үй экономикасы» тарауын оқыту
Зерттеу жұмысының нысаны. Оқу процесіндегі кәсіпкерлік қызметі. ....
Курстық жұмыстар
Толық