Экономика | КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлісіне қатыса бастады. Он бір жыл ішінде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер болды. Осы жаңалықтардың негізі материалдық өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуы. Социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің орынына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуы. Меншіктің жекешелендірілуі, мемлекет иелігінен алынуы әкімшілік жүйенің құлауына жол ашты. Бірақ шаруашылықты тиімді ұйымдастырушы, ортақолды меншік иелерін қалыптастыру оңай жүргізілетін шаруа емес. Оның басты себебі совет елінде 70 жылдан астам мемлекетке қызмет атқарған адамдар психологияс жеке адамдарды кәсіпкерліктен алшақтатты, шынын айтқанда кәсіпкерлік теорияс болған жоқ, керісінше бұл қызметті мемлекет басқару органдары атқарады деген пікір қалыптасты.
Совет экономикасы пролетарлық саяси экономия догмасына сәйкес бір орталықтан басқарылатын күрделі фабрика ретінде қаралды. Оның үстіне кәсіпкерлер - қанаушы тап капиталистер деген ұғым халық санасына молынан енді. Кейбір ынталы, жігерлі, өз бетімен еңбекке, кәсіпкерлікке талпынушы адамдар алдында заң жүзінде кедергі қойылып, олар жазаға тартылған жағдайлар да кездескен. Бүкіл Совет Одағына аты шыққан қазақстандық шаруа Худенко А.В. мердігерлік егіншілік бригадасын құрған үшін жауапқа тартылып мезгілсіз, жазықсызда дүние салды. Әлемдік тәжірибе мен ғылымда кәсіпкерлік теориясы кең қолданылды да индустриясы дамыған елдер экономикасында айтарлықтай жетістіктер болғаны жұртқа мәлім. Теориядағы сыңаржақтық, я болмаса тура бұрмалаушылық экономикаға орасан зор кедергі келтіреді, қоғам мүшелерінің әл-ауқатын, мәдени дәрежесін төмендетері сөзсіз. Осыған орай, теориядағы догмалардың кесірі ұзақ жылдар бойы бүкіл совет халқының, оның ішінде қазақстандықтардың материалдық жағдайына қолайсыз болғаны белгілі.
Трансформациялық экономика жағдайында шаруашылықты ілгері дамыту үшін кәсіпкерліктің бастапқы нысандарын қалыптастыру үлкен мәнге ие болды. Себебі, ұдайы өндіріс тұрғысында кәсіпкерлік құрылымдар ғана экономикалық жүйелерді бір-бірінен айырма алады. Осыған байланысты, нарықтық принциптерге негізделген кәсіпкерлік сектордың жүйелі факторлары маңыздылыққа ие болады.
Методологиялық тұрғыдан нарықтық сектор кезеңі фирманың өндірістік, қаржылық және ақпараттық жүйесін қайта бағыттау мен кәсіпкерліктің қазіргі заманғы институционалдық құрылымын қалыптастыруды анықтайды.
Әдістемелік тұрғыдан қазіргі заманғы кәсіпкерлік табиғатына ішкі және сыртқы ынталылықты, жоғары табысты әрекетке деген ынталылықты жүзеге асырудың мінез-құлықтық құралдары енеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық