Күркіреп өткен бір соғыс

Біздің жүрегіміз темір емес, Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп ,күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар,ол –Отанға деген сүйспеншілік. Бауыржан Момышұлы
Ешкім де,ешнәрсе де ұмытылмақ емес!Соғыс-күйретуші күш!Барды жоқ ететін,тауды жер ететін.Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал.Соғыс-атауы құлаққа жағымсыз,тіршілікті қан жылататын,асты қайғы-қасіретке толы қаралы сөз.Осыдан 71-жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді.Неміс фашистерінің аңсап келген арманына батырларымыз 4 жыл ішінде қажымас ерліктерімен тосқауыл берді.Фашистер мақсаты жер бетін отарлап алу еді.Өзара одақ құрып бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болды.Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекесін қашырды.Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақтан атсалысты Р.Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова,Талғат Бигельдинов секілді батырларымыздың ерлігі арқасында тату өмірімізге,бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге жеттік.Сол батырларымыздың тағы бірі Бауыржан Момышұлы. Кеңес одағының батыры,жазушы,Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері.Ол 207 рет ұрысқа қатысты. «Қызыл Жұлдыз»орденімен марапатталды.
Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы
Адамзатты алға бастар Ар заңы!
Мір оғындай Момышұлы Бауыржан
Туа біткен туралықтың тарланы. .....
Шығармалар
Толық

Күркіреп өткен бір соғыс

Бiздiң жүрегiмiз темiр емес.
Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады.
Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар,ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк
Бауыржан Момышұлы
Соғыс... Қандай қорқынышты сөз! Қазақ даласында соғыс отының шарпуын көрмеген, қайғысын тартпаған шаңырақ жоқ шығар. Бұл оқиға адам баласы үшін ауыр, азапты күндерге айналды. 2015 жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толды. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне биылғы жылы 75 жыл толмақ. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық.
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Өзім соғыс туралы ойласам, көз алдыма баласы, жарын жоқтап жылаған аналар, әке мейірімін көрмеген балалар, Отан үшін майданда ерлікпен қаза болған жас азаматтар келеді. Сол бір қиын заманда өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек.Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады.
Бауыржан Момышұлының тұлғасы маған қашанда мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді. 1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр сiлкiндiрген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Мәскеу қаласынан ұлан - ғайыр, ұзын көше, зәулiм мектепке батыр атамыздың есiмi берілдi. Бұл Бауыржан ерлiгiн мойындау және бүкiл қазақ халқына деген үлкен құрмет! .......
Шығармалар
Толық