Күркіреп күндей өтті ғой соғыс

Біз соғысты көрген жоқпыз... Алайда тарих қойнауына кеткен сол зұламат жылдар жайлы ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып, жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет еткен, Отан алдындағы борышын адал өткерген майдангерлеріміздің, тыл ардагерлерінің естеліктерінен қанықпыз.

Анасы бауыр еті баласынан, отбасы тірегі мен сүйеніші болған азаматынан айрылған, жас аруды жесір, жас баланы жетім етіп, даланы қанға бөктірген соғыс - Фашистік Германияның, оның басында тұрған Гитлершілердің қанқұйлы әрекетінің жемісі екеніне тарихтан қанықпыз. Жер жаһанды жалмап, "тұлымдыны құл етсем, бұрымдыны күң етсем" деген дұшпанның басты мақсаты орындалмады. Елі үшін аянып қалуды ерлігіне сын, жұрты үшін аянуды жігіттігіне сын деп ұғынар ерлер барда қай дұшпанның болмасын пиғылы орындалмақ та емес еді.

Тумысынан ерлік білекте емес, жүректе екенін ұғынып өскен қазағымның ұл-қыздары да Отан қорғау жолында жан алып, жан берісті. Ықылым заманнан бері ата-бабасының үкілі найзасының ұшымен, жүректен шыққан ерлік ісімен аман сақтап келген туған жерін жау табанына таптатуға олардың намысы жібермеді.Тағдырдың өзі Ұлы Отан соғысының қаһармандарын біздің елімізде туғызып,олардың атағын өзімізде ғана емес, өзге елдерге де шығарғаны - ерлік қазақтың қанына сіңген асыл қасиет екенінің тағы бір дәлелі.Ерлік пен елдікті жырлаған батырлық дастандарды естіп өскен аға буын қазақтың қасиетті ұғымы намысты ту етіп, жауға қарсы тайсалмай ұрыс салды......
Шығармалар
Толық

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс

71 жыл! Бұл бір адамның тұтас өмірі. Қарт кісінің ғұмыр жасы. Соғыстың біткеніне, Жеңіс таңы атқанына, жұртшылықтың бейбіт өмірдің дәнін егіп, дәмін татқанына тура 71 жыл. Ел басына күн туды. Ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішті. Бейбіт күннің бұқарасы белін буып сапқа тұрды. Он сегізге енді толған өрімдей жас пен елуге жеткен егде еркек қолына қару алып, Отанды қорғау үшін майданға аттанды. Бой түзеп, қыз дәуірін қызықтайтын бойжеткендер беліне қару асынып, ер- азамат басын тіге бермейтін батырлық көрсеткені қаншама? Шығыстың қос шынары - Әлия мен Мәншүк қазақтың қыран қызы Хиуаз Доспановалар ерлігі елге белгілі. Соғыс сан милион адамның өмірін қиды. Жас балаларды жетім, әйелдерді жесір атандырды . Адам қолымен тұрғызылған әсем қалаларды тау-тау үйіндіге айналдырды. Ел ішінде аштық орнап, сан мыңдаған жауынгер тұтқынға түсті. Адам баласының басына келмеген зұлымдықтардың, азат пен айуандықтың неше түрін көрсетті. Адамдардың тағдыры аяқ астына тапталды. Шаңырақтар құлады. Тұтас ауыл күлге айналып, бүтін қалалардың қабырғасы күйреді. Бұғанасы бекімеген бала ересек атанды. Бесік тербетіп бала жұбатып отыратын ана қолына кетпен, күрек ұстап, егін егіп, дән суырды, құрық алып мал бақты. Арық қазды, шөп шапты. Жұмыстан қолдары қалт еткенде майдандағы жауынгерлерге жылы киім тігіп, шұлық тоқып, байпақ басты. Жасөспірім балалардың өзі сабақ арасында солдаттың бір күндік тамағын табуға қарекет жасап, балық аулады, шаруаға араласты. Тылдағылар «Бәрі де майдан үшін» деген ұранмен ұйқысыз түндерді, күлкісіз күндерді бастан өткізді. Майдандағы қызыл армия қатарына 1200000-ға жуық қазақстандық аттанды........
Шығармалар
Толық