Қазіргі қазақ қыздары қандай, барлығы да әдепті, инабатты ма?

Қазіргі қазақ қыздары қандай, барлығы да әдепті, инабатты ма?Қазіргі ұрпақ ұлттық сипаты, рухани құндылығы жоқ «Батыстың» тәлім-тәрбиесін қомағайлана жұтады. «Батыс» демекші, технология әлемін, теледидар беттерін жаулаған рухани құндылыққа зәру жарнамалық дүниелері-бейне бір жер шарындағы ірге тасынан өз тілі, діні, ұлттық мәдениеті бар елдермен күреске түскендей. Осы орайда «Батыс мәдениетін» дүние жүзіне таралған жайылмалы дертті ісік екенін мойындағандай боласың. Мәселен: парасатты, кішіпейіл, сыпайы тағы басқа ибалық мінездердің бәрін иманды қаракөз қыздарымыздың арасында сақтаулы. Өкінішке орай, біреуден көргенімізді қайталап істеу керек болып тұрады.

Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде. Тәрбиені ата-анасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болады.
Сондықтан бұл да ата-ананың жылылығы, жақындығы жастар тәрбиесіне әсерін тигізеді. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Қаладағы қазақ қыздарының көбі бір-бірімен орысша сөйлеседі. Өз ұлтының тілінде сөйлеуге талпынбайтыны өз алдына, кейбіреулері тіптен оны намыс көреді. Күнделікті өмірдегі көріністерге бір сәт назар аударайықшы. Мектеп қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз жарассын-жараспасын денелерін жартылай жалаңаш көрсететін киімдер киіп, қымбат әшекейлер, алтын тағып, бет-ауыздарын бояп, өздерінің инабаттылығы мен сыпайылығынан, жастық жарасымдылығынан айырылады.
Табиғаттың өзі жан дүниесін сұлу, нәзік, мейірбан.....

kz
Толық

Өзіңе деген сенімділіктің құпиялары

Әрбір адам өмірін жақсы арнаға бұрғысы келеді. Оған жету үшін кішкене уақыт пен күш-жігер қажет. Мұнда шексіз шығармашылық әлеуетіңізді шыңдай түсіп, қабілетіңізді дамытумен қатар, қасыңыздағыларыңызға көмек көрсетіп, сіздің айтқан жолыңызбен жүруге бағыттайтын, кең көлемді мағлұматпен танысасыз.

Роберт Энтонидің «Өзіңе деген сенімділіктің құпиясы» атты кітабы, сіздер үшін жемісті және бақытты өмір сүруге арналған мақсатты негіздейді.

Бұл кітапта, күнделікті өмірде кездесетін, қарапайым.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Күнделікті жұмысқа не киемін?

Жұмысқа не киіп барғаныңызға қарай, әріптестеріңіз сіз жайлы ой қалыптастыратын болады, сондықтан күнделікті стиліңізге бей-жай қарамағаныңыз абзал. Жұмыстың өзіндік киім кию ережесі бар және сол ережелер қиялыңызды шектеп, ойлағаныңызды іске асыруға ерік бере бермейді. Күнделікті жұмыс күніне кішкене жарқындық сыйлап, әдемі болып жүру үшін мынадай кеңестерді ұстансаңыз жеткілікті.
kz
Толық