Желіде Қазақстанның Тұңғыш президентінің мәртебесі туралы видео пайда болды. Елбасының ерен еңбегі мен қазір атқарып жатқан қызметі жөніндегі бейнежазбаны оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында жариялаған деп жазады nur.kz.
Конституция - деген сөздің латын тілінен аудармасы құрылғы жарғы заң деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған.Ең бірінші конституция дүние жүзінде 1787 жылы қабылданып,осы күнге дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік келісімдерін мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кету керек: -қоғамдық қатынастардың негізін қалайды; -құқықтың негізгі бастауы болып табылады; -ең жоғарғы заңдылық күші бар; -оның ерекше тәртіппен қабылдануы; -тұрақтылығы; 1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап,құрамына кірген одақтас республикалар егемен,тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды.Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы жойылды.Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды. Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып,жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады.Оларға жататындар: 1.Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклкрациясы. 2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы. 3.1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары. Аталған конституциялық келісімдер Қазақстанның тәуелсіздігін,дербестігін жариялап,демократиялық,құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалады. Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-тамызда өткен республикалық референдумында қабылданған Конституциясы.Ол тәуелсіздік кезіндегі Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап,бір арнаға келтірді. Бұрынғы конституциялар социалистік мемлекеттің негізгі заңдары деп саналса,жаңа Конституция демократиялық мемлекеттің Ата Заңы деп жарияланды.Бұл мақсат Конституцияның алғы сөзінен-ақ байқалады. Біз ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып,өзімізді еркіндік,теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып,дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып,қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғарғы жауапкершілігімізді сезіне отырып,өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып,осы Конституцияны қабылдаймыз,делінген.Оның жоғары заңдық күші бар және еліміздегі барлық іс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердің нормативті базасы болып табылады.Республиканың бүкіл аумағына тікелей қолданылады.Бейнелей айтсақ,бұл Конституция –мемлекетке қоғамның құқықтық сенімі және халықтың берген төлқұжаты деуге болады. Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін,мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді.Адам және оның өмірін,құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып,мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді ....
Конституциялық реформалардың алғышарттарын қоғамдық дамудың бүкіл объективтік барысы әзірлейді. Олардың уақтылы ескерілмей қалуы да мүмкін, мұндай жағдайда қажетті конституциялық реформалар кешеуілдеп жүргізіледі немесе мүлде жүргізілмей қалады. Мұның қоғамдық қозғалыстың жүрісін тежері даусыз. Егер конституциялық реформалар қажетті себептерсіз, алғышарттарсыз жүргізілсе, тіпті қоғамдық даму кезеңдерінен ілгерілеп кетсе, онда мұның өзі оның шын болмыстан алшақтауына, сондай - ақ қоғамға теріс ықпал жасауына әкеліп соғары сөзсіз, өйткені шешімі әлі пісіп - жетілмеген міндеттерді алға тартуы ықтимал. Конституциялық реформа жүргізудің алғышарттары мен сәттерін анықтаудағы қателіктердің екі жағдайда да ұзақ мерзімдік зардаптары болады, өйткені Конституция мен оның нормалары ұзақ бойы қолданылады, ал кей кездерде Конституцияның қате ережесін бірден түзетудің мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті конституциялық реформалар туралы, оны жүргізудің алғышарттары туралы мәселе барынша байыпты ғылыми тұрғыдан келуді қажетсінген еді, Назарбаевтың абыройына қарай, конституциялық реформалардың, Конституцияның өзінің негізгі идеяларының авторы ретінде оның бұл міндетті терең ғылыми негізде барынша нәтижелі орындап шыққанын айту керек. Бұл міндеттерді шешу барысында ол конституциялық құрылыстың, елімізде жинақталған тәжірибесімен және басқа мемлекеттердің орасан мол тәжірибесімен егжей - тегжейлі танысты. Оның " Ғасырлар тоғысында " кітабында мынадай бір айғақ бар: конституциялық реформаларға әзірленген кезде жинақтаған мол білімі өз алдына, ол конституция жөніндегі референдумның алдына (тіпті демалыста жүріп) әлемнің он екі елінің конституцияларын зерделген екен. 1993 жылғы Конституция қабылданғаннан кейін де өмір бір орынында тұрып қалған жоқ. Назарбаев өмірдің өзі - ақ оның кемшіліктерін, әлеуметтік - экономикалық және саяси процестердің шын ахуалынан аулақ жатқандығын көрсеткенін жазады. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу объективтік тұрғыдан қажеттіліке айналды. Осындай жағдайда ол, егкр халық қолдайтын болса, онда конституциялық реформаларды ары қарай жүргізе беру жөнінде тоқтамаға келеді. Конституцияны өзгерту және толықтыру қажеттігін немесе жаңа Конституция қабылдау қажеттігін негіздегенде, ал Ата Заңның ұзақ мерзімнің ішінде тұрақты болуға тиіс екеніне, әрі қазіргі уақытта қанша сапалы болғанына қарамастан, Конституцияның, әсіресе, өтпелі кезеңде өзгермей тұрмасын да ескерусіз қалдыра алмады. Президент былай дейді: "... қоғамның бір орында тұрмайтынын, жаңа сан қилы саплық деңгейлерге котерілетінін, кез келген мемлекеттік шешімдер мен құжаттардың ерте ме, кеш пе, бәрібір уақыт талабынан қалып қоятындығын ойладым. Ондай көптеген қоғам мен мемлекет өмірінде болып жатқан шын өзгерістерді бейнелеуге тиісті Конституцияның да қашып құтыла алмайтындығы даусыз. Сондықтан кез келген елдегі конституциялық процесс Конституцияның қабылдануымен тоқтап қалмайды. Әлеуметтік - экономикалық және саяси процестердің құықтық кепілдемесі қоғамдағы өзгерістер қарқынына ілесіп қана қоймай, алға озып отыруға тиісті"....
Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерге көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз – мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы. Құқық нормалары өзара үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Осы мақсатта олар салаларға, салашықтарға және құқық институттарына бөлінеді. Мұндай құрылым құқық жүйесі деп аталады. Құкық жүйесі құкық нормаларынан тұрады, аталған нормалар құқық саласын кұрайды, салалар ішінде құқық нормалары құкық институттарына топтастырылады. Біркатар іргелі құқық салалары құқық, салашықтарына бөлінеді. Кез келген құкық саласы өзінің пәні мен құкықтық реттеу әдістеріне ие. Құкық нормалары арқылы реттелінетін біртектес қоғамдық қатынастар құкықтық реттеу пәні болып табылады. Құкықтық реттеу әдісі дегеніміз - біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құкықтық ретттеуді жүзеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер. Құкықтық реттеудің мынадай негізгі әдістері бар: имперактивті (тегеуірінді түрде) - тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі; диспозитивті - рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құкықты әдісі. Сондай-ақ қосымша әдістер де болалы: көтермелейтін – құрметтеуге лайықты іс-әрекет үшін марапаттау әдісі; ұсынылатын - мемлекет пен коғам үшін лайықты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.....
Конституциямен бекітіліп, реттелетін қоғамдық қатынастар маңызды болғандықтан, коституциялық құқық, Қазақстан құқық салаларының арасында жетекші рөл атқарады. Құқық жүйесіндегі конституциялық құқықтың жетекші рөлі төмендегі мәселелер арқылы көрінеді: біріншіден, конституциялық құқық қоғам мен мемлекет құрлысының негізгі қағидаларын құқықтық формада бекітеді; екіншіден, конституциялық құқық барлық қоғамдық үрдістерді басқарудың жалпы негіздерін анықтайды; үшіншіден, конституциялық құқықтың нормалары құқықтық актілердің түрлерін, оларды қабылдайтын органдарды, актілердің заңдық күштерінің ара салмағын анықтайтындықтан, конституциялық құқықтың нормалары құқықтың жасалу үрдісін реттейді. Конституциялық құқық ғылымы қоғамдық ғылымдар жүйесіне жататын заң ғылымдарының құрамдас бөлігі. Конституциялық құқық ғылым болғандықтан оның өзіне оқытылатын пәні, зерттейтін объектісі, әдістері, деректік негіздері бар. Конституциялық құқық салалық заң ғылымдарына кіреді. Конституциялық құқық ғылымы – конституциялық құрылыстың институттарында бекітілген мемлекеттік-құқықтық және мемлекеттік биліктің іске асырылуына байланысты болатын – ерікті қоғамдық қатынастардың дамуы заңдылықтары жайындағы ғылыми білімдер жүйесі. Конституциялық құқық жүйесіне: 1) конституциялық құқықтың құқық саласы екендігі жайындағы білімдер; 2) Қазақстан Республикасы Конституциясының мәні, мазмұны, құрылымы жайындағы білімдер; 3) Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері және олардың қоғамдағы үстем қатынастарымен қарым-қатынасы жайлы білімдер; 4) Қазақстан Республикасы азаматының, адамның құқықтары мен бостандықтары туралы білімдер; 5) Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлкеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы білімдер; 6) Қазақстан Республикасының билік органдары жүйесі, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы білімдер жатады. Көрсетілген объектілер ғылыми зерттеудің пәні болып табылып ғылыми әдістемелік қағидаларға сүйеніп, тарихи, қисынды, салыстырмалы-құқықтық , жүйелік, статистикалық, нақты-әлеуметтік сияқты әдістерінің көмегімен оқытылады. Теориялық қортындылар жасай отырып, конституциялық құқық ғылымы, ғылыми танымның негізін құрайтын барынша кең деректер жүйесіне сүйенеді. Осындай деректердің қатарына Конституция, конституциялық және қатардағы заңдар, Президенттің, Парламенттің; Үкіметтің, жергілікті атқару және өзін-өзі басқару органдардың нормативті актілері жатады. Сонымен бірге конституциялық құқықтың деректері көздеріне отандық, шетел оқымыстылары, ғалымдары, зерттеушілерінің конституциялық құқық саласына байланысты жазған еңбектері жатады.....
КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам-заттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді. Қолайлы қоршаған ортада өмір сүру әрбір ұрпаққа тән адамның табиғи, ажырамас құқығы екенінің конституциялық жағынан танылуы оның кепілдігін, заңдық тұрғыдағы әдістері мен тәсілдерін бекітуге бағытталған келесі қадам болуы табылады. Бұл ретте Қазақстандық заң шығарушылардың іс-әрекетінде адамның өмірі мен денсаулығын қорғауын, тұрғындардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүруін, еңбек етуін, демалуын қамтамасыз етуге бағытталған принциптер қамтылуын тиіс. Әркімнің қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы халықаралық және мемлекеттік стандарттарға жауап бере алатын қоршаған ортада өмір сүрудің реалды мүмкіндіктерін, экологиялық шешімдерді дайындау, талқылау және қабылдауға қатысу, олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау, нақты және заманауи экологиялық ақпараттарды алу, экологиялық шығынның орнын толтыру мүмкіндіктерін қарастырады.....
Конституциямен бекітіліп, реттелетін қоғамдық қатынастар маңызды болғандықтан, конституциялық құқық, Қазақстан құқық салаларының арасында жетекші рөл атқарады. Құқық жүйесіндегі конституциялық құқықтың жетекші рөлі төмендегі мәселелер арқылы көрінеді: біріншіден, конституциялық құқық қоғам мен мемлекет құрлысының негізгі қағидаларын құқықтық формада бекітеді; екіншіден, конституциялық құқық барлық қоғамдық үрдістерді басқарудың жалпы негіздерін анықтайды; үшіншіден, конституциялық құқықтың нормалары құқықтық актілердің түрлерін, оларды қабылдайтын органдарды, актілердің заңдық күштерінің ара салмағын анықтайтындықтан, конститу¬циялық құқықтың нормалары құқықтың жасалу үрдісін реттейді. Конституциялық құқық ғылымы қоғамдық ғылымдар жүйесіне жататын заң ғылымдарының құрамдас бөлігі. Конституция¬лық құқық ғылым болғандықтан оның өзіне тән оқытылатын пәні, зерттейтін объектісі, әдістері, деректік негіздері бар. Конс¬титуциялық құқық салалық заң ғылымдарына кіреді. ....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазақстан Республикасында болған саяси және экономикалық реформалар тұлға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бұрыңғы кеңес дәуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғалығына ерекше сыйластықпен қараудан тұрады. ҚР Конституциясының 1 бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады» делінген. Ал 12 баптың 2 тармақшасында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, одан ешкім айыра алмайды» деп көрсетілген [1]. Аталған конституциялық ережелер мемлекет жүйесінің саяси-қоғамдық қалыптасуы мен дамуына бағытталып, адам құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымын және оларды қамтамасыз ету мен қорғаудың механизмін бекіту арқылы жүзеге асады. ....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазақстан Республикасында болған саяси және экономикалық реформалар тұлға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бұрыңғы кеңес дәуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғалығына ерекше сыйластықпен қараудан тұрады. ҚР Конституциясының 1 бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады» делінген. Ал 12 баптың 2 тармақшасында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, одан ешкім айыра алмайды» деп көрсетілген [1]. Аталған конституциялық ережелер мемлекет жүйесінің саяси-қоғамдық қалыптасуы мен дамуына бағытталып, адам құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымын және оларды қамтамасыз ету мен қорғаудың механизмін бекіту арқылы жүзеге асады.....
Ашық сабақтың мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.
Ашық сабақтың көрнекілігі: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың суреті,мемлекеттік рәміздер, әнұранның фонограммасы, слайд .