Химия | Комплексті қосылыстар

Комплексті қосылыстар дегеніміз құрамында бір немесе бірнеше донорлы- акцепторлы байланыс болатын жоғары ретті қосылыстарды айтамыз.
K4 [ Fe(CN)6 ] ↔4K+ + [ Fe(CN)6 ]4-
[Ni(NH3)6] S↔ [Ni(NH3)6]2+ +S2-
Алғаш комплекс қосылыстар түзілу механизімін жасаған А. Вернер болды. Ол негізгі және қосымша валенттілік ұғымын және кординациялық теорияны енгізді.
1. Комплекс қосылыстардағы басты орын комплекс тзушінің орнына тиеді. Комплекс түзуші көбінесе оң зарядталған металл иондары болады. (Fe2+ және Ni2+).
2. Комплекс түзушінің маңайында теріс зарядталған аниондар немесе электробейтарап молекулалар – Лигандалар орналасады (CN- және NH3 ион мен молекуласы).
3. комплекс түзушінің маңайына орналасқан немесе кординацияланған лигандалардың жалпы саны комплекс түзушінің кординациялық саны деп талады. ( екі қосылыста да 6 - ға тең).
4. Комплекс түзуші мен лигандалар комплекс қосылысының ішкі сферасын түзеді ([ Fe(CN)6 ]4- және [Ni(NH3)6]2+ иондары).
5. Ішкі сфераға симай қалған иондар комплекс қосылысының сыртқы сферасын түзеді(K+ және S2- иондары).
6. Егер қосылыстағы компекс ионының заряды оң болса ([Ni(NH3)6]2+),сыртқы сферада аниондар орналасады (S2-), ал комплекс ионының зряды теріс болса ([ Fe(CN)6 ]4- ), сыртқы сферада катиондар орналасады (K+).
Комплекс қосылыстаодың формуласын жазғанда ішкі сфера жақшаға алынып, сыртқы сферадан бөлінеді.
1. Комплекс қосылыстардың аталуы: комплекс ион катион болғанда: [Ag(NH3)2]Cl - диамин күміс (І) хлориді; комплекс ион анион болғанда: K4 [ Fe(CN)6 ] - калийдің гексацианоферраты ( ІІ ); комплекс қосылыс бейтарап болғада ,[Co(NO2)3(NH3)3] - триаминтринитро кобальт (ІІІ ).
2. Комплекс қосылыстардың типтері:
Олардың типке бөлінуі құрамындағы лигандалар түріне негізделген .
а) Лигандлары су болса аквакомплекстер деп аталады [Al(H2O)6] Cl- ;
ә) Лигандалары көміртегі (ІІ) болса карбонилдер деп аталады,[Fe(CO)5]
б) лигандалары аммиак молекуласы және амин (NH2-) иондары болатын болса, сәйкесінше аммиакаттар және амминаттар деп аталады ([ Ag(NH3)2] Cl);
в) Лигандалары тек аниондардан (NO3-, Cl-, CN-, F-, SO2-, OH- ) тұратын болса ацидо комплекстер деп аталады ;
г) көп ядролы комплексті қосылыстар құрамында 2 немесе одан да көп элемент, не әртүрлі элемент комплекс түзуші болып кіреді [(NH3)5Cr – OH –Cr(NH3)5] Cl5 М – гидроксо дипентаамин хром (ІІІ) хлориді ;
д) циклді немесе хлеатты комплекс қосылыстарда – ішкі сферад цикл түзіледі, комплекс түзуші лигандамен әрі ковалентті, әрі донорлы- акцепторлы байланыс арқылы қосылады. Мұндай қосылыстарға мыс (ІІ) гидроксиді мен аминсірке қышқылының әрекеттесуі нәтижесінде түзілген мысаминоацетатын елтіруге болады:
CH2 – H2N NH2 - CH2
Cu
O = C - O O - C = O
Түзілген комплексті қосылыста лиганда - аминсірке қышқылының қалдығы комплекс түзуші мыспен оттегі арқылы ковалентті байланыс, азот арқылы донорлы – акцепторлы байланыс байланыс түзіп тұр.
е) аутокомплекстер - бірдей заттардың молекулаларын қосқанда түзіледі : 2CuCL2 = Cu [CuCl4 ]; ....
Рефераттар
Толық

Жүсіпбек Аймауытов (Комплексте кіндік тақырып - еңбек)

]Комплекс жүйесінде негізгі зерттелетін нәрсе, кіндік тақырып – еңбек. Еңбек болғанда сол өңірдегі елдің күн көретін еңбегі.

Еңбек қалай зерттеледі, оқылады десеңіз үш жағынан қаралып оқылады:

1) Оқудың бас қазығы еңбек болмақ.
2) Мектеп өмірінің, мектеп ұйымының.....
Әңгімелер
Толық

Жүсіпбек Аймауытов (Комплекс жүйесінің пән жүйесінен артықтығы)

а) Пән жүйесімен оқытқанда, пәндер жеке-жеке өз жолымен жүретін, бірінің арбасына бірі соқтықпайтын, ең ұқсатқанда аз-маз жарыса үзеңгі қағыса оқылатын.

Комплекс жүйесімен оқытқанда, пәндер бірігіп бір.....
Әңгімелер
Толық

Жүсіпбек Аймауытов (Комплекс жүйе ме, әдіс пе?)

Орыс білімпаздарының кейбірі комплекс – «әдіс», кейбірі – «жүйе» деп жүр (әдіс – метод, жүйе – система).

«Әдіс» деп алу керек деушілердің дәлелі, комплекспен оқытқанда, құбылыстар бір-біріне байланысқан, пайда болған, дамыған, еңбек шаруаға негізделген түрінде түйдек зерттеледі. Ғылымда мәселені бұлайша.....
Әңгімелер
Толық

Жүсіпбек Аймауытов (Комплекс деген не?)

Өмірдегі құбылыстарды, нәрселерді бір тақырыптың, бір пікірдің төңірегіне жинап, қосып, түйдектеп, біріктіріп оқытуды комплекс деп атайды. Одан да дәлдеп айтқанда:

Өмірде шын жолығатын нәрселерді, құбылыстарды байланыстырып, ол құбылыстарды байланысқан, іліктескен, бір-біріне әсер еткен қалпында араларындағы қатынасын зерттеуді комплекс.....
Әңгімелер
Толық

Комплекссіз өмір сүрудің 8 ережесі

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, кішкене күнінде әке-шешесінен мақтан сөз көп естімеген бала өскенде ұялшақ болады екен. Сол үшін кіші іні-қарындастарымыз болса еркелетіп, маңдайынан иіскеп қоюды ұмытпайық және төмендегі комплекссіз өмір сүрудің қарапайым 8 ережесін ескерейік.
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық