Қаржы | Коммерцияық банктер олардың жіктелуі

Қазіргі коммерциалық банктер –бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызымет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банк деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай;
- мемлекеттік
- акционерлік
- жеке
- пай қосу арқылы(жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
- аралас (шетел капиталының қатысуымен);
2. Операцияларының түрлеріне қарай:
- әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банк қызмет көрсететін банктер;
- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер.
3. Аумақтық белгісіне қарай:
- халықаралық;
- мемлекетаралық;
- ұлттық;
- аймақтық;
4.Салық белгісіне қарай:
- өнеркәсіптік банктер;
- саула банктері;
- ауыл шаруашылық банктері;
- құрылыс банктері;
- басқа;
5. Фирмалар санына қарай:
- филиалсыз;
- көп филиалды;
ҚР-дағы банктік жүйеде 01.07.2003жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлікқоғам формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк қана мемлекетке 100% тиісілі банктер оларға: Қазақстан даму банкі мен Эксимбанк, ал шетел капиталының қатысуымен (100% - 10 банк, 50% - аса- 4банк) құрылған банктерде саны – 14, оның ішінде, еншілес банктер – 10.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.
Жай акция – оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқық береді. ....
Рефераттар
Толық