Экономика | Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару («Альянс Банк» АҚ мысалында)

Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша айналымының жақсы қызмет етуі болып табылады.
Банктік жүйе – бұл кез келген мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның ролі мемлекетте төлемдер мен есеп айырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және кредиттік операциялар арқылы жүргізуімен анықталады. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит саясатына сәйкес әрекет ете отырып, ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына әсер ету арқылы ақша қозғалысын реттейді.
Банкілік тәуекелдер экономикалық тәуекелдер санатына жатады. Банкілік кіріс пен капиталға болжанбаған талаптардың салдары болып табылатын қандай да бір өзгерістер тәуекелдің көзі болып табылады. Банкілік операцияларды басқару дегеніміз – іс жүзінде банкілік қоржынға байланысты, яғни банк кірісін қамтамасыз ететін активтер жиынымен байланысты тәуекелді басқару. Ал тәуекелді басқару банктің стратегиялық басқаруының маңызды мәселелерінің қатарына жатады. Аталған мәселе тәуекелді басқарудың ерекше жүйелерін жасау жолдары арқылы іске асырылуы әрі ол банктің қандай да болмасын бөлімдерінің қызметін қамтуы керек.
Барлық банктік операциялар олардың жүргізілу тәуекелділігімен байланысты болғандықтан, банктік қызметті реттеу және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді.
Курстық жұмысының мақсаты - банктерді заманға сай бәсекеге қабілетті етіп жетілдіру, оны еліміздің экономикасының маңызды секторына айналдыру, Қазақстан банктерінің позитивті имиджін қалыптастыру мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:
- коммерциялық банктердегі несие тәуекелін басқаруды ұйымдастырудың қазіргі заманғы тенденцияларын үйрену;
- коммерциялық банк қызметін дамытуға және оның материалдық базасын жетілдіруге жәрдемдесу жөніндегі стратегиялық ережелерді пайдалану;
- Отандық банктердің қазіргі жағдайына баға беру;
- «Альянс Банк» АҚ жұмысына талдау жүргізу;
- осы саланы реттеу тетігін жетілдіруге ықпал ету.
Зерттеу обьектісі: «Альянс Банк» Акционерлік қоғамы.
Бұл жұмыста зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде заң актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми еңбектері пайдаланылды. ....
Курстық жұмыстар
Толық