Лингвистика | Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері

Ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде халық тілінің еншісі мәдениетпен толығатынын, ұлт мәдениеті сол этностың тілінде сақталып, болашаққа аманатталатыны сияқты астарлы ой-пікірлер туындау төркіні тереңде жатыр. Айтылған ой жайында В.фон Гумбольдттің: “Тіл –халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады» деген тұжырымы – жаңа ғылыми жолдың концепциясының алғашқы нышаны немесе қағидасы. Сондай-ақ оның мәдениет тілдің ішкі құрылымдық бөлшегі деп қарастыруы да тіл табиғатын таныта түсумен қатар, жарыққа шығып келе жатқан ғылыми жаңалықтардың шығу тегіне арқау болғаны сөзсіз. Атап айтқанда, ғалым пікірінше: біріншіден, мәдениеттің екі түрі – материалдық және рухани мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады. Екіншіден, мәдеиет – ұлт мен табиғатты жалғастырушы күш, төртіншіден, мәдениет пен халықтық рух – тілдің ішкі формасына тән”, - деп көрсетеді. /1.32/. Ал, мәдениеттің көне, жанасын, мәдениеттің арғы-бергі тарихын сөйлетуші де, жеткізуші де тек ана тілдің құдіреті екені әр халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы өрнектелуінен, мәдениеті тіл арқылы басқа елге танылуынан тіл мен мәдениет арасында ажырағысыз байланыстың торабы бар екенінен көрінеді. Мұның нақты ғылыми тұжырымын американдық ғалым Э.Сепир: “Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Ол тұрғыдан алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады” /2.186/ деп анықтай келе, әр халықтың танымдық ерекшелігі тек тілінің табиғатынан танылатынын көрсетіп, дәлелдейді. Соның негізіндегі адамзаттың дүниені тану мен ойлау арасындағы тәсілінің тіл құрылысының байланыстылығын этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан туған “Сепир – Уорф болжамы” халықтық тіл мен ұлттық дүниетанымды танудың ғылыми алғышарты іспеттес болғаны – ғылымның жаңа сатыға аяқ басқандығының дәлелі. ....
Курстық жұмыстар
Толық