Информатика | Клиентке магазин класының деңгейінде қызмет ету

InterBase деректер қорының файлдары қара жәшіктер (black box) принципі бойынша құрылады, яғни бір файлда метадеректер (ДҚ құрылымының сипаттамасы), деректердің өздері, индекстер, сақталатын процедуралар, үлкен екілік объекттер(BLOB) және т.б. сақталады. MGA (Multi-Generational Architecture) жазбаларының көптеген ұрпақтарының архитектурасы ең күрделі мәселелердің бірі RDBMS – деректерге өтімділікті блоктау мәселесінің шешімін ұсынады. InterBase-ке негізілген деректердің көпнұсқалық механизмі оқу бойынша блоктауды болдырмайды. Оқу және жазу транзакцияларының басында ДҚ "бейнелері" құрылады, олар сәйкес транзакциялардың аяқталуы бойынша босатылады. Олардың қолданылуынан кейін босатылған кеңістік жаңа деректерді немесе олардың нұсқаларын сақтау үшін қолданылуы мүмкін. Босатылған кеңістікті оңтайлы толтырылуын қамтамасыз ету үшін InterBase-те "қоқысты жинау" (garbage collection) деген қосымша механизм бар. Сонымен қатар ол транзакциядан кейін қалған жазба нұсқасынан кеңістіктің тазартылуын орындайды. Жазбаларды жою операцияларын болдырмау мүмкін болғандықтан InterBase сервері жазбалардың физикалық жойылуының орнына оларды жою керектігі туралы белгімен ғана белгілейді. Қажет емес нұсқаларды босатқаннан кейін басталған транзакция оған қатсыты функцияларды ғана орындап қоймай, сонымен бірге алдыңғы транзакциялардан қалған қоқысты жинау функциясын іске қосатындығын ескерген жөн.
Көпнұсқалықты талдау үлкен монографияға айналуы мүмкін. InterBase ұсынатын жол өзінің үлкен жасына қарамастан осы уақытқа дейін әмбебап болып отыр. "Блоксыз оқу" технологиясы көпнұсқалық ядро негізінде деректердің өзара үйлесуін және істен шығу кезінде тез қалпына келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл журналдық файлдарды сақтау және қолдау қажеттілігінің жойылуы арқасында мүмкін болады. Белсенді блоталған қатынау кезінде олардың өлшемдері барлық деректер қорының өлшемінен 10% құрайды.
Ақиқат уақыт ішінде деректерді талдау және шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесін жүзеге асыру үшін (DSS-Decision Support Systems) ДҚ-ның жаңаруы кезіндегі транзакциялардың жеткілікті ұзындығына арналған деректердің кері еместігін қамтамасыз ету керек. Дәл осындай күрделі мәселелерде InterBase өзінің жақсы жақтарын көрсетті: Бостондық биржада, Magnavox жобасында және АҚШ қарулы күштерінде және т.б. көбінесе осындай мүмкіндіктер салдарынан бұрыңғы Кеңес үкіметіне InterBase-ті енгізуге қойылған шектеулер алынды.....
Курстық жұмыстар
Толық