Ел басына күн туса ер етікпен су кешер

Ежелден ер тілегі-ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса-ел тірегі.
Біздің Отанымыздың тарихында ұмытылмайтын 4 жыл бар.Бұл -19411945 жылдар.Бұл- фашизммен бетпе-бет келген сұрапыл шайқастар.Осы жылдар Отанын қорғап,жер бетіне бейбітшілік орнату үшін,болашақ ұрпақтың бақыты үшін күрескен батырлар,майданда қаза болған жауынгерлер туралы көп кітаптар жазылды. Таң алдында тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталады.Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ,зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді.Бала әкесімен, ана баласымен қоштасты.Қырда қойшы қойын тастады,қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады.Ойда диханшы трактордан түсіп,танкіге отырды.Ол кезде бүкіл ел солдат болды.Сол жылдардың бозбала,бойжеткендері ақын болуды ,инженер болуды,оқымысты болуды армндаған еді...
Соғыс-адам баласы үшін ең үрейлі,ең қорқынышты сөз.Өйткені соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған.Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан.Соғыстың алғашқы күндері алдын-ала дайындалған жау ұшақтары мен танктері,әскерлері кеңес елінің жеріне өтіп жатты.Фашстерде «кеңес елін тез арада жаулап алу» жоспары болды.Олар 1941 жылдың қарашасында Москваны жаулап алып жеңіс шеруін өткізбекші болды.Бірақ фашистердің өктемдік көрсетуі,жаулап алуы соғыстың алғашқы айларында ғана болды.........
Шығармалар
Толық

Отан үшін от кешкен ойылдықтар

Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран
Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын.
Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз.......
Шығармалар
Толық

От кешкен жылдар

Сан қилы саяси және әлеуметтік қайшылықтар мен дүрбелең үстінде өткен ХХ ғасыр адамзат санасында жойқын соғыстармен да сақталары анық. Өйткені, бір ғана екінші дүниежүзілік соғыстың өзі қаншама ұрпақты қайғы- қасіретке душар етіп, өмірін өксітті. Жалпы, тарих тұрғысынан алғанда азғантай мерзім болғанымен ұзақтығы жағынан төрт жылға жуық, нақтылап айтқанда 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы өзінің ауқымы мен қилы- қилы оқиғаларға қанықтылығымен тұтас бір дәуірге тең. Өйткені, ол сан миллиондаған адамдардың өмірін қиған жер бетінде бұрын-соңды болмаған ең зардапты, әрі қантөгісті зор соғыстың бірі болған еді.
Өткен ғасырдың басында он бес одақтас республикадан құралған мызғымас одақ едік. Оны бәрімізге ортақ Отан дедік. Қазығын Германияда қақан фашизм тұтқиылдан шабуыл жасағанда, қиырдағы Қазақстан жұртшылығы да сол Отанды қорғауға өре түргелді. Коммунистік идеология «Әділет біздің жақта, біз жеңеміз!» деп ұрандатып, қан майдандағы жауынгерлерді, тылдағы еңбекерлерді жігерлендірді.
Иә, ауыр азапты бес жылдан соң біз жеңдік. Бірақ қандай шығынмен десеңізші? Қаншама жас қыршын кетті. Тіпті бір отбасынан 4-5 жанды майданға аттандырғанда, кейін, солардың тым болмаса бірі елге аман оралмаса не дейсіз? Қаншама шаңырақ қаңырап, күйреп ортасына түсті? Ана жесір, бала жетім қалды. Олар отағасы қапияда кетті дегенге сенбеді. Үнемі ұзын жолдың бойына телміре қарап, күндерін, айларын, жылдарын зарыға күтумен өткізді. Қашан оның қабірін көздерімен көріп, көңілі суығанша үміттерін үзбеді.
Араға жылдар салып, сол бір сұрапыл соғыс алыстаған сайын бомбалардың жарылысы, танкілердің үні, ауаны тілгілеген оқтардың ысқырығы тарих қойнауына тереңдеп батып бара жатыр. Бірақ соғыс салған зардап жойылар емес. Өйткені ол ұмытылмайды. Сондықтан да мұны, Ұлы Отан соғысынан кейін дүние есігін ашқандарға, мына тап өздері секілді кешегі гүлдей құлпырған жап- жас қыздар мен ұлдардың жастық өмірлерін Отан үшін отқа салып, бар қызықтан бас тартқанын түсіну қиын. Олар Отан үшін қару алып сапқа тұрды. Сарбаз киімін киіп, қандай қиындықты бастан кешпесін, ешбір ауыртпалық алған бағыттарынан қайтара алмады.
Ал соғыс ол - қасірет. Басқа түскен қасіреттен олардың көбі қайтып қайтып оралмады. Қайтар оралғандары соғыстан кейінгі өмірдің қызығын, жан рахатын да шындап сезініп, тата алмады. Себебі жүрекке түскен жар, тәнге қадалған оқ табы, әлі мазалайды. Сөйтіп, уақыт өткен сайын олардың қатары азайып бара жатыр. Енді міне қарасаң, саусақпен санарлықтай қалған олардың әрқайсысы - бір, бір кітап жазуға тұрарлық лайықты жандар. ......
Шығармалар
Толық

Мұзды еріту кеш емес

Өмір - адамзатқа берілген ең бағалы сыйлықтардың бірі. Қамшының сабындай қысқа ғұмырымызда біз көп нәрсенің мәніне жете бермейміз, бізге тағдырдың өзі дайындаған таптырмас мүмкіндіктер мен керемет тосын сыйларды елемей өтіп кетіп жатқан кездеріміз қаншама?!

Мүмкіндіктерді уысымыздан ұшырып алуымызға ең басты себеп- ол біздің қорқынышымыз. Дәлірек айтқанда сыртқы ортадан , өзгенің ойларынан сескенуіміз. Өзімізге деген сенімділікті ең....
Шығармалар
Толық

Кешенді географиялық аймақтарды бөлу (10 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Сабақ тақырыбы: Кешенді географиялық аймақтарды бөлу
Оқу мақсаты: Кешенді-географиялық және тарихи-мәдени аймақтардың меншікті моделін ұсыну;
Әлемнің тарихи-географиялық аймақтарының географиялық сипаттамасы, олардың құрамы мен ерекшеліктерін шығармашылық формада ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Кешенді-географиялық және тарихи-мәдени аймақтардың меншікті моделін ұсынады;
Әлемнің тарихи-географиялық аймақтарының географиялық сипаттамасы, олардың құрамы мен ерекшеліктерін шығармашылық формада ұсынады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кешенді географиялық аудандастыру №2 (10 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлімі: Дүниежүзі аймақтары
Сабақ тақырыбы: Кешенді географиялық аудандастыру №2
Сабақ барысында қамтылатын оқу мақсаттары: 10.6.1.1 дүниежүзінің түрлі белгілер бойынша физикалық географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық, геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіру
10.6.1.2 кешенді географиялық және тарихи-географиялық аудандастырудың өз үлгісін ұсыну
10.6.1.3 дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтарын, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын шығармашылық түрде ұсыну
Сабақтың мақсаты: Саяси карта көмегімен тарихи және географиялық аймақтарға кіретін елдерді анықтау .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кешенді географиялық аудандастыру №1 (10 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Сабақ тақырыбы: Кешенді географиялық аудандастыру №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)10.6.1.1 дүниежүзінің түрлі белгілер бойынша физикалық географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық, геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіру;
10.1.1.3 зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады;
10.2.1.1 тақырыпқа сәйкес картографиялық зерттеулер әдістерін қолдану;
Сабақ мақсаттары: Дүниежүзі елдерінің түрлі белгілер бойынша бөлінуін білу......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кешенді географиялық аймақтандыру №2 (10 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Дүниежүзі аймақтары
Сабақтың тақырыбы: Кешенді географиялық аймақтандыру №2
Оқыту мақсаты: 10.6.1.2 кешенді географиялық және тарихи-географиялық аудандастырудың өз үлгісін ұсыну;
10.2.1.1 тақырыпқа сәйкес картографиялық зерттеулер әдістерін қолдану;
Сабақтың мақсаты: Өзіндік үлгі бойынша дүние жүзі елдерін кешенді географиялық және тарихи-географиялық аудандарға бөліп, оны сипаттайды......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кешенді географиялық аймақтандыру №1 (10 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Дүниежүзі аймақтары
Сабақтың тақырыбы: Кешенді географиялық аймақтандыру №1
Оқыту мақсаты: 10.6.1.2 дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтарын, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын шығармашылық түрде ұсыну;
10.2.2.1 Microsoft Excel бағдарламасының қолданысымен тақырыпқа сәйкес географиялық деректер базасын құрастыру;
Сабақтың мақсаты: 1.Кешенді географиялық аймақтанды анықтап, олардың құрлымы мен ерекшеліктерін сипаттайды...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық