Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес Сабақ тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 4-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау 7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру Сабақтың мақсаты: Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің алғышарттарын анықтап, барысы мен нәтижесін талдайды.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес Сабақ тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау 7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру Сабақтың мақсаты: Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің себеп-салдарын анықтап, көтерілістің маңызын талдайды. Исатай мен Махамбеттің ұлт-азаттық күрестегі рөліне баға береді.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес Сабақ тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 2-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау 7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру Сабақтың мақсаты: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себеп-салдарын анықтап, тарихи маңызына баға береді.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес Сабақ тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау 7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру Сабақтың мақсаты: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себеп-салдарын анықтап, тарихи маңызына баға береді.
Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші оның тарихы. Сол тарихымыздың орыс отаршылдығы және кешегі КСРО кезінде бұрмаланып келгендегі, ақтаңдақтардың болғандығы ақиқат. Сол ақиқаттардың ең үлкені-халқымыздың ұлт-азаттық жолындағы күресі еді. Өткенді білмесең-болашағың бұлыңғыр. Өткенді білу-бүгініңк сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды тану-елдігіңнің, өскеніңнің айғағы. Біз өткені жоқ халық емес едік, бірақ та сол өткенімізді біле білмей келдік. Біз тарихы жоқ халық емес едік, бірақ та тарихымызды тани алмай келдік. Я, кешегі қызыл империя тұсында тарихымыз өрескіл бұрмаланып, өктем саясаттың құрбанына айналдық. Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі туралы шындықтыбілгенімізден де білмегеніміздің көп болғаны соның айғағы екені анық. Халқымыздың небір заманды басынан өткергенін «елім» деп еңіреген қандай қасиетті ұл-қыздары болғанын білмей тұрып, өзіміздің кім екенімізді ұғамыз деу бекершілік екендігін ұқтық. Тәуелсіздік-бұл халық ұшін рухани азаматтық, ешқандай байлыққа айырбастауға болмайтын өлшеусіз бақыт. Міне осы Тәуелсіздік үшін Кенесары күресті, бар өмірін сарп етті. Қазақ елін біртұтас ел «Алаш» елі болса деп армандады. Тарихты әділ бағасын енді алып жатқан, арысымызды оқушыларға толық жеткізу мақсатында мен шығармашылық жұмысына Кенесарының ерлікке толы өмір жолын таңдадым. Мақсатым: Оқушыға бізге тәуелсіздікті қалай келгенін түсіндіру, оларды Отанын сүйетін, ер жүрек, ұлт жанды етіп тәрбиелеу. «Азаттың ащы дәмін, тәуелсіздіктің тәтті дәмін» татқан қайсар рухты Қазақ деген халықтың ұрпағы екендіктерін мақтанышпен айту. Кенесары батырдың туған жерінің азаттығы мен бостандығы үшін бар өмірін арнағнын оқушыларға жеткізіп, жастарды Отанға шын берілген азамат етіп тәрбиелеу. Жалпы далалықтардың денсаулықтарын, олардың өнегелі өмірін оқушыларға таныстырып, ұлттық сананың қалыптасуына негіз қалау.....
ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайларды өз қармағына алды, ал оны пайдаланған қазақтарға салық салынатын болды. Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері кокругтерге бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-губернаторлығына қарады.Олар қазақ жерінде “бөліп ал да билей бер” деген отаршылдық ұранды бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сыртынан құрсаулап көптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді. Қазақ жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол патша әкімшілігіне хат жазып, кісі жіберіп, оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды. Қазақтың ежелгі қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жерлеріне казак-орыстарды әкелуді, олар арқылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап етті. Оның бұл хаттарына жауап болмады, жіберген адамдары қайтарылмады. Сонда барып, Қасым патша өкіметіне ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Патша өкіметі тарапынан қысым көре бастаған ол 40 мың үймен Қоқан хандығының қол астына көшіп барды. Оның діні бір, тілі бір қоқандықтардан күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар ұлдары Саржан мен Есенгелдіні, кейінірек өзін өлтірді. Медреседе оқып жүрген ұлы Кенесарыны (1802 жылы туған) Ташкент түрменсіне қаматты. ....
Атақты Шыңғыс ханның 27-інші ұрпағы, Абылай ханның немересі, қазақ халқының соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келіп, 1847 жылы Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік - Сеңгір аңғарында шәйіт болды. XIX ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалысы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кейінгі бабаларымыздың елі мен жерінің біртұтастығын қорғап қалудағы қатты наразылығы, қазақ мемлекеттігінің тарихындағы ұлы оқиға болды. Ғұлама ғалым Шоқан Уәлихановтың жазып қалдыруынша (шығармалар жинағы, III том, 486 бет), Абылай хан он екі әйелінен қырық қыз, отыз ұл сүйген. Ұлдарының бізге белгілері: Сағындық - Шуақбай атты Қарақалпак бегінің қызы - Сайман ханымнан: Уәли, Шыңғыс, Әділ, Есім; Қашғар бегі Кенже Сарттың қызы - Бабақ ханымнан: Шеген, Рүстем, Оспан, Сыздық, Әбі-тай, Әбділда; Қалмақ ханы Қалдан - Сереннің туысы - Хошу мерген ноянның қызы Топыш ханымнан: Қамбар мен Қасым; Сырғалдақ қожаның қарындасынан: Тоқ, Қасым, Арық; Атығай - Қарауылдың қызы Тоқта ханымнан: Сығай, Тоғай, Сүйік, Әли, Құлан, Тоғым; Орыс сұлудан (тұтқын): Шама; басқа әйелдерінен: Ғұмыр, Байыр, Жәңгір, Сыпатай. Кенесары Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен: Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай мен бірге 6 алты ағайынды болып туған. Ал Кенесарының інісі Наурызбай Қасым сұлтанның екінші әйелінен өмірге келген. Абылай хан 1781 жылы 69 жасында қайтыс болғаннан кейін оның ең үлкен ұлы Уәли (1738-1819 ж.ж.) әкесінің орнына хан болып сайланады. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі өзінің шырқау шегіне жеткен кезде Уәли 1774 жылғы 2 маусымда Орынбордың генерал-губернаторы Рейнсдропқа былай деп хат жазады: «Сізге дұғай сәлем жолдай отырып айтатыным төменгідей: Жоғары мәртебелі Сіздің Шыныят мырза арқылы жіберген хатыңызды алдық, тек әкем Абылай хан болмады, ол қалың қолмен сырттағы жауға аттанған еді, жауымыздың тас-талқанын шығарғандығы жайлы хабар алып отырмыз. Ал, мұнда елді оның орнына мен басқарып отырмын. Сіздер де қандыбалақ қарақшыны ұстапсыздар, бұл хабарды естіп мен қуанып қалдым. Себебі ұлы мәртебелі императордың біз жауына жау, досына доспыз ғой!» (А.И.Дмитриев-Мамонов. Орал мен Сібірдегі Пугачев көтерілісі. Санкт-Петербург. 1907, 139-140 бб.). Орыс бақылаушысы Чучаловтың айтуынша, «Уәли әкесі Абылай сияқты өркөкірек, алған бағытынан қайтпайтын қайсар, әрі құбылмалы» жан болған (ХVIII-ХІХ ғ.ғ. қазақ-орыс қатынасы. Алматы, 1964, 106 б.). 1782 жылғы 25 ақпанда Ресей патшасы II Екатерина Уәли ханды Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы әмір еткен грамотаға қол қояды. Петропавл бекінісінде Уфа мен Симбирск генерал-губернаторы генерал-поручик Якобийдің қатысуымен Уәлидің хан болып таққа отыруының және ант беруінің рәсімі өткізіледі.....
Тақырыптың өзектілігі. ХVIII – ХІХ ғасырлардағы болып өткен барлық көтерілістерден Кенесары бастаған көтерілістің ерекшелігі бүкіл үш Жүз қазақ шаруалары дерлік қатысты. Кенесары көтерілісіне феодалдық қозғалыс деп айдар тағу дұрыс емес. Бұл қозғалыстың басында кім тұрғанына қарамастан бұл көтеріліс ұлт – азаттық шаруалар көтерілісі сипатына ие. Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен әкесі- сұлтан Қасым. Сұлтан Қасымның 40 шаңырақты ертіп Көкшетау маңынан қоқан шекарасына көшуінің басты себебі - оның патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылығы. Курстық жұмыстың мақсаты : Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мәнін ашып көрсету. Курстық жұмыстың міндеттері:
• Көтерілістің алғышарттарына талдау жасау; • Көтерілістің барысы және тарихи маңызын зерттеу; • Статистикалық мәліметтерге тарихи тұрғыдан назар аудару; • Көтерілістің жеңілу себептері мен сипатын ашып көрсету.
Көтеріліс бүкіл үш жүзді түгел қамтып ұлтазаттық сипат алды. Көтерілістің басты қорғаушы күші қазақ шаруалары сонымен қатар ірі ақсүйектер да қатысты. Олардың мақсаты: - Көтерілісті пайдаланып , бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу. - Көшпелі феодалдың дербес мемлекеттің негізін салу. Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихта алатын орны ерекше. Сонымен қатар негізгі міндет жұмыстың ішіндегі Кенесары бастаған көтерілістің негізгі тауарлары мен пунктерінің мәнін ашып, оларға сәйкестік беру. Кенесары көптеген шайқастарда өз мақсатына жету жолында асқан қайсар мінезі мен жауларына қатыгездігі оның әмбе қолбасшылық, әмбе ұйымдастырушылық ролі- тіпті патша генералдарының өзін таңқалдырып отырғандығы да тарихтан белгілі. Көтерілістің негізгі мақсаттары: 1. Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау. 2. Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату. 3. Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. ....
Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жалғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгелге дерлік катысты. Бұл күрестің кең қанат жайып, .....
ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, .....