Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 2 сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың дамуы»
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 2 сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.4.2 қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу;
10.3.4.3 Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттеу
Сабақ мақсаты: Алаш және Түркістан (Қоқан) автономиялары негізінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттейді, баға береді;......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы
Сабақ тақырыбы: Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 1-сабақ
Оқу мақсаттары: 9.3.1.6 – Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;
9.1.2.1 – қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау
Оқыту мақсаты: 10.3.4.1 Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуының себеп-салдарын анықтау;
10.3.4.2 қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу;
10.3.4.3 Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттеу......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды ? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3 А. Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде
Сабақ тақырыбы: Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды ?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.4.1.2. күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптарын талдау;
9.1.1.1.демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау;
Сабақ мақсаттары: кеңестік ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптары мен демографиялық өзгерістерді талдайды.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Табысты болу – адамның бәсекелестік көрінісі

Табысты болу дегенде адамға келешекте өзің қалаған мамандығыңның зейнетін көру деп білемін. Ол бәсекелестік қабілетінің бір көрінісі болып саналады. Деректер арқылы таразылап көрсек, бәсеке –ол заманның сұранысына жауап беретін тауар өнімдері. Ал, мен сияқты болашағымды жазушылықпен байланыстырғым келетін жастар, не жазсақта заман ағымымен үндесіп, халықтың айтатын ойымен дәл келуі, халықтың жүрегінен шығатын тақырыпты таңдап алуымызда. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.»-деп айтпақшы, тақырыпты «Мәңгілік елдің» ұлттық құндылықтарын басқа әлемге атын жайып, ақпарат беру, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларын жетік білуге, жаңа дәуір әдебиетін «Ұштұғырлық тілде» таратуға өзімді даярлаудамын. Мемлекеттік тілдің жаһандық жаңару әлемінде қазақ поэзиясымен прозасында болып жатқан ақын- жазушылардың шығармаларын үш тілде тарату, алдыға қойған мақсатым деп айтуға болады. Тіл арқылы осынау қоғамда насихатталуы тиіс, жақсы дәстүрлермен замануи адамшылық істер, кейде талас тудыратын, адами рухани жаңғыртатын көкейкесті мәселелерді ұсыну, адамның асыл мұраты екенін ұғындыруға тырысудамын. Мен, өзім тұратын Ақтөбе өлкесінің жаңалықтарын бүкіләлемге паш етуді, қарапайым еңбек адамдарын әңгімелеріме қосып, қазақ елінің қайсарлығын, бірбеткейлігін, намысқойлығын, ержүректілігін өз әңгімелеріме арқау етпекпін. Біздің батыста орналасқан облысымызда химиялық элементтер көп, бай жер. Мұнай өнімдерін, хром рудасын, мыс концентраты, алтын кендерін шығаратын екіжүзге жуық кәсіпорындарда әлеуметтік –экономикалық көрсеткіштерін арттыруда, өңір халқы үлкен үлес қосуда. ....
Эсселер
Толық

Өткенін білмеген ұрпақтың келешегі болмайды

Еліміздің өткеніне көз салсам, әрине, жүрегім қынжылады. Сонау қиын шақтарды басынан өткізген халқымыз тәуелсіздік үшін қасықтай қаны қалғанша күрескен, жастайынан өмірі қиылған жастарымыз есіме түседі. Бүгінде Қазақ елі егеменді ел болды. Бодандықтан босану мен Тәуелсіздік біздің елге оңай келген жоқ. Осы жолда халқымыз өзінің батырлығы мен қайсарлығын, батылдығы мен ержүректілігін көрсетті. Елі, жері, тәуелсіздігі үшін жандарын ғана емес, абыройы мен жанұясын да, сүйікті жары мен бауыр еті балаларын да, өмір сыйлаған ата-аналарын да құрбан етті.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беретін ұстазымыз: «Сендер бақыттысыңдар. Біз кезінде қазақтың болашағы мен еркіндігі үшін күресіп, қиянаттың құрбаны болған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов сынды Алаш арыстарының туындыларын оқыған жоқпыз. Қазақтың бетке ұстар азаматтарының тамаша-тамаша шығармаларын бізден жасырып, оларды ұлтшылдар деп қаралап келген еді. Сонда біз көп нәрседен мақрұм болғанымызды кеш түсіндік. Ал сендер осы аталарыңның өлеңдерімен ұлғайып, әңгімелерімен сусындап жүрсіңдер»,-деген сөзі бізді ерте есейтіп жібергендей болды.
Иә, біз осы аталарымыздың ерлігі мен еңбегінің құдіретін сезініп келе жатқанымызға қуаныштымыз. Іргесі сөгілмейтіндей етіп 15 республикадан құралған КСРО мемлекетінің ыдырауына Қазақстанда 1986 жылы желтоқсан айында болған жастардың көтерілісінің әсер еткені ме деген ойға барамын. 70 жылдай өз айтқанын істетіп, өз дегенімен жүргізген кеңес өкіметіне деген қарсылықты қазақ жастары жүрегінің қалауымен, қайсарлықтың рухымен көрсете білді. Себебі, өз ұлтын құрметтейтін, өз елін сүйетін жандар ғана мұндай ерлік жасай алатын еді. Өкініштісі, олардың ерлігі сол кезде қолдау таппай, талай жас оқу орнынан шығарылып, талай қыршын құрбандыққа шалынды. Олар сол кезде өлім үшін емес, өмір үшін күресіп, қазіргі әнұранымызға айналған әнді бірлесе жүріп орындаған екен. ....
Шығармалар
Толық

Енесін келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қағыңнан алған қорегім,
Қайғылы болды жүрегім.
Қайғылы жүрек жазылар,
Апашым қайдан табылар?!
Мүдіріп кетсем мін болар,
Шариғатқа мін болар.
Иманды болғыр, апашым,
Енді өзіңдей кім болар?!
Әуеден ұшқан лашын,
Қиынға салар ұясын.
Алладан тура келген соң,
Ажалға бар ма лажың?!
Апам бір келді сексенге,
Жылайын жұртым сөксең де,
Қайтадан бүрлеп өнер ме,
Бәйтерек әкеп ексемде.....
Өлеңдер
Толық

Келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Піссіміллә деп бастайық,
Артық айтып саспайық.
Иманды болғыр, Атекем,
Жыламай қайтіп тастайық.
Арғымақ келед еңістен
Ертоқымы күмістен.
Иманды болғыр, Атекем,
Бұйырғай орын бейіштен!
Базардан келген хат-қағаз,
Қаттауын адам жаза алмас.
Атекем еске түскенде,
Амалын адам таба алмас.
Есіктің алды жас қайың,
Жапырағын баспайын.
Атекем еске түскенде,
Аузымнан қайтіп тастайын!
Жылқы ішінде қоңыр жал,
Жылқыда жоқ оған пар.
Кеше де жүрген Атекем,
Бір көруге болдым зар!
Жылқы ішінде көк дөнен,
Жал-құйрығын өрмеген.
Атекемнен айрылып,
Отыр ғой жаным өлмеген!
Базардан келген қорғасын,
Қорғасын күміс болмасын.....
Өлеңдер
Толық

Ерторыны екі келінінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аузыңа сусын бере алмай,
Басыңа жастық қоя алмай,
Ақ дидарың көре алмай,
Қапыда кеткен дүние-ай!
Серкесіз қойдай ұйлығып,
Кең дүниеміз болды тар.
Есте қалмас сұм қайғы,
Заһар болды татқан нәр.
Жатқан жерін айтайын,
Бабалы тау оң жағы.
Айыр кезең баурайы,
Он жеті кісі жөнелді.
Жеті кісі, сегіз ат
Жатқанын жайрап көріпті
Көкорай шалғын сайдағы.
Бір жерге сүйек жия алмай,
Кәріп жанын қия алмай,
Уездной, судия,....
Өлеңдер
Толық

Бәйтіш Үкірдайды келіні Шалқанның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла деп бастайын,
Әуеллі Алла әліптен.
Қисапсыз сөз жазылған,
Жиырма сегіз әріптен.
Бізді асырап, адам қып,
Жұртқа жөнін танытқан.
Сол атам хабар алғайсыз!
Біздей мұңлы ғарыптан.
Жетпіс үшке келгенде,
Жол тартты дүние—жарықтан.
Алтындай менің жүрегім,
Қайғы отына шалыққан.
Ақылды бізге кім айтар,
Сол атам құсап анықтан.
Өлгенде жерін айтайын,
Құсемшектің жағасы-ай.
Иманды болғыр ата-енем,
Жел жағымның панасы-ай.....
Өлеңдер
Толық

Тұрсынғалиды келіні Қалиманың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айналайын ағайын,
Мұңымды айтып шағайын.
Ағекем кетіп арманда,
Дерттенді көңіл сарайым.
Ағекем, ақыл сәулетің,
Тойтарушы едің жау бетін.
«Ер намысы—ел ісі»
Деуші едің аға, дәулетім.
Жайраңдап жүрген күн қайда?
Тас жүрек тағдыр мұндай ма?
Ағеке, сізді ойласам,
Көз жасым менің тоқтай ма?
Әділет еді сөз басы,
Ағекем еді ол басы.
Істерің ізгі арман боп,
Төгілді көптің көз жасы.
Ел сұлтаны арысы-ай,
Жүректің тоқтап тынғаны-ай.....
Өлеңдер
Толық