Бағдарламалау | Шымкент қаласы Самал мөлтек ауданындағы учаскелердің орналасуының электрондық картасын жасау

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында жаңа ғасырдан бастап компьютер технологиясына көп көңіл аударылуда. Яғни Қазақстан Республикасының барлық аумағын компьютерлендiру қолға алына бастады. Осы жұмыстардың нәтижесiнде Қазақстан Республикасының азаматтары республиканың кез-келген нүктесінде тұруына қарамай жаңадан келген жаңалықтармен таныс болып отырады. Тәжірибеден білетініміздей уақтылы алынған информация - бұл өлшенбейтін байлыққа тең. Осылардан келiп шығатыны информациялық технологияның дамыған ғасырында компьютерлік техниканы қолданбай жұмыс істейтін мемлекеттік және коммерциялық мекемелер, жоғарғы оқу орындары және т. б. көптеген салалар кемде-кем деп айтсақ та болады. Информациялық технологиялардың дамуы қолданбалы математиканы инженерлік ізденістерде қолдануға кең жол ашып берді. Өмірімізге өндірістік, технологиялық және инновациялық процесстермен бірге информациялар ағыны кіріп келді. Кез келген маман экономиканың өтпелі кезеңінде, өз міндетін жаңа талаптарға лайықты етіп орындау үшін, информациялық технологиялармен жұмыстарын шеберлікпен жүргізе білуі қажет. Қазіргі кезде информацияны пайдалана және жоғары деңгейде талдай білген маман әрқашан сұраныста.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Халықтық педагогика - өскелең ұрпаққа ұлттық мұраларды меңгерту құралы

1.Халықтық педагогика, оның табиғаты және құрылымы
Халықтық педагогиканың, яғни ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып келе жатқан ұлттық тәлім – тәрбиенің өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіруде алатын орны айрықша бөлек.
Дей тұрсақ та, Қазақстанда жарық көрген философиялық, социологиялық, педагогикалық және психологиялық ғылыми басылымдардың ішінде халықтық педагогиканың қоғамның рухани дүниесінде, соның ішінде білім беру саласында алатын өзіндік орны мен ролін, ұлттық тәлім – тәрбиенің өсіп келе жатқан бірде – бір қомақты монографиялық еңбек жоқ. Жарық көрген басылымдардың барлығы дерлік негізінен жалпы білім беретін орта мектептің оқу- тәжірибе ісінің белгілі бір саласының немесе белгілі бір пәннің көлемін де ғана халықтық салт – дәстүрлер мен әдет - ғұрыптардың қайсы бір жекелеген түрлерінің тәлімдік озық үлгі - өнегелерін пайдалану әдістемелерін көрсетумен шектелген.
Сондықтан да болар, халықтық педагогиканың тәлімдік мәні бар озық үлгілерін оқу - тәжірибе ісінде қолдану мәселелеріне арналған еңбектерінде қарастырылып отырылған мәселедегі басты ұғым - « Халықтық педагогика » терминінің мәнін анықтауға, оның құрылымдық элементтерін , ерекше белгілерін және қызметін талдап, түсіндіруге талап жасалмаған. Ал зерттеу объектісі ретінде алынып отырылған кез – келген проблеманың шешімі, көбіне – көп құрылымдық элементтерін, яғни оған қатысты негізгі ұғымдардың мәнін, олардың өзара байланысы мен сабақтастығын, өзіндік ерекше белгілері мен қызметін дұрыс анықтауға байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ақтөбеде жолдасы алты баламен тастап кеткен ана өлместің күнін кешіп жүр (фото)

Ақтөбеде алты балалы жалғызбасты ана өлместің күнін кешіп жүр. Келіншек балаларын асырау үшін емізулі баласын тастап, ертеден кешкен дейін еден жуады. Ал жолдасы ішімдікке салынып, алты баласымен тастап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Математика | Туынды ұғымына келтіретін есептер

Кіріспе
Түзудің бойындағы белгілі бір кесіндінің бүкіл бойы қандай да болса бір затпен толтырылған болсын. Бұндай материялық кесінді үшін ені мен жуандығы еске алынбаған стерженьді аламыз. Егер берілген кесіндінің,ұзындықтары бірдей,кез келген екі бөлігінің массалары тең болса,ол кесіндінің массасын бір текті дейді.
Бізге [a,b] сегментінде анықталған y=f(x) функциясы берілсін. Анықталу облысының кез келген нүктесіндегі туындысы туралы сөз қылғанда шеттік нүктелердегі туындылар туралы мәселе де қамтылады.Басқаша айтқанда: біріншіден,егер, y=f(x) функциясының [a,b] сегментінің сол жақ шетіндегі туындысы туралы сөз болып отырған болса, онда нольге тек оң жақтан ғана ұмтылғандағы қатынасының шегін табу керек.
Ақырлы туындыны геометриялық тұрғыдан қарағанда жанаманың бұрыштық коэффициенті деп түсінетініміз бұрын айтылған. Ақырсыз туындының геометриялық мағынасын да дәл солай түсінеміз, бірақ соңғы жағдайда жанама ординаталар осіне параллель болады.
Функцияның ақырлы біржақтық туындыларының бар болуы мүмкін болса, сол сияқты , оның ақырсыз біржақтық туындылары да болуы мүмкін. Ақырсыз біржақтық туындылардың бар болуының аналитикалық сипаттамасы олардың таңбаларының әр түрлілігі болса, геометрияша сипаттамасы жалғыз ғана вертикаль жанаманың бар болатындығы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Тікелей салықтар, олардың салық жүйесіндегі ролі

Кіріспе.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Тікелей салықтар, олардың салық жүйесіндегі ролі».
Нарықтық қатынастардың қазіргі даму жағдайы, өнеркәсіп орындарының көбеюі, халықтың әл ауқатының жақсаруы, қаржы жүйесінің нығайып дамуы, мемлекетаралық экономикалық қатынастардың ұлғаюы елімізде салық жүйесін негізді түрде дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр.
Себебі ғылыми негізделген, шынайы өзгерістерді бейнелейтін әрі жүйелі түрде реттейтін салық жүйесі экономикалық процестерге оң ықпал етіп, жағымсыз жағдайлардың орын алуына жол бермей, қоғамда өркениетті құқықтық қатынастарды нығайта түседі.
Әйтсе де, қазіргі қолданыстағы салық жүйесінде салық ауыртпалығы негізінен заңды және жеке тұлғалардың табыстарына көбірек түсуде. Бұған табыс салықтарынан түсетін түсімдердің мүлік салықтарынан түскен түсім мөлшерінен бірнеше есе жоғары болуы дәлел. Мұндай айқын құрылымдық үйлеспеушілік өндірісті дамытуға қажетті алғы шарттарды жасауға кедергі келтіріп, дәулетті мүлік иелерін фискалды ауыртпалықтан босатуға негіз болып отыр. Сол себепті бүгінгі күні бюджеттің кіріс көзінің басым бөлігін құрап отырған, экономика салаларының табысына салынатын шектен тыс салық ауыртпалығының бір бөлігін осы уақытқа дейін салық жүйесімен мүлде ескерілмей келген мүліктен түсетін кіріс түрлеріне аударған жөн. Мүліктің басқа объектілерге (табыс және қосылған құнмен) қарағандағы ерекшелігі, ол салық салудың барынша тұрақты объектілерінің бірі болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі

Кіріспе
Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тәуекелді бағалау және есептеу мәселесі басқарудың тәжірибесі мен теориясының құраушы бөлігі ретінде өзіндік теоретикалық және қолданбалы маңыздылыққа ие болады.
Басқарушылық шешімдердің көбісі тәуекелділік жағдайында қабылданады және оны бірқатар факторлар сипаттайды – толық ақпараттың жоқтығы, қарсы тенденциялардың бар болуы, кездейсоқтық элементтері және тағы басқалар.
Бизнес әлемінде сәттілік шешуші түрде кәсіпкерлік қызметтің таңдаған стратегиясының негізділігі және дұрыстылығына байланысты. Сондай-ақ критикалық жағдайдың ықтималдығы ескерілуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметті тәуекелдіксіз көзге елестету мүмкін емес.
Тәуекелсіз бизнес мүмкін емес. Тәуекелдің күшеюі – кәсіпкерлік тәуекелдіктің екінші қарама-қарсы жағы, сол үшін өзіндік өтем.
Нарықтық қатынастар жағдайында өмір сүру үшін техникалық жаңашылдықтарды енгізуге және батыл іс-әрекеттерге бару керек, ал ол тәуекелдікті күшейтеді.
Осыдан мынадай шешімге келуге болады – кәсіпкер тәуекелдіктен қашпауы керек, оны азайту үшін тәуекел деңгейін бағалай білуі керек.
Кәсіпкердің ең маңызды мінез-құлық ережелерінің бірібылай: «Тәуекелден қашпау, одан да оны мүмкіндігінше төмен деңгейге түсіруге тырыса отырып, оның алдын ала білу». ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әкеме сағыныш

Туған күні бүгін біздің Әкеміздің
тірі болса арамызда әкем бүгін,
барлығымыз жиналып бір тойлаушедік
асқар таудай әкеміздің туған күнін.

Келер еді сексен сегіз жасқа толып
ақ сақалды қариядай...
Өлеңдер
Толық

Тарих | Мюнхен келісімі

Кіріспе
1938 жылы 29-30 -қыркүйекте өткен Мюнхен конференциясына биыл 65 жыл толады екен. Жылдар өткен сайын тарих беттері бұл конференцияға қатысты тың ойлармен толықтырылып отырары рас. Өйткені, екінші дүниежүзілік соғысқа жол ашқан осы конференцияның орны тым ерекше. Конференцияға қатысқан мемлекеттер, олардың ұстанған саясаты, 30-шы жылдардағы халықаралық жағдай осы Мюнхен келісімі арқылы көрінген еді. Сондықтан Мюнхен келісіміне қатысты мәселені зерттей отырып ең алдымен, оған баға беруге керек шығар. Бұлай болуында да өзіндік себебі бар. Әр зерттеушінің Мюнхен келісімі туралы пікіріне тоқтала отырып, бәріне ортақ тұжырымды анықтауға болады.
30-шы жылдардағы халықаралық жағдайдың күрделі болуы, саяси сахнаға фашистік бағыттағы Германия, Италия, Жапония секілді мемлекеттердің шығуымен ғана емес, Англия, Франция, АҚШ сынды ірі мемлекеттердің бұлыңғыр саясаттарына да байланысты. Егер Англия, Франция, басқыншы мемлекеттерге дер кезінде тосқауыл қоюға ұмтылғанда, тарихта орын алған үлкен олқылықтар болмаста ма еді.
Мюнхен келісімі тарихи зерттеу жұмыстарында айтарлықтай қарастырылған.....
Курстық жұмыстар
Толық