Көктем келбеті

Сабақтың мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Көктем мезгілі туралы балаларға білім беру. Табиғаттағы құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс – әрекеттері туралы әңгімелеу. Табиғатты сүюге, одан ләззат алуға еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Көктем туралы суреттер және үлестірмелі суреттер.
Әдіс – тәсілдер: салыстыра сөйлету, әңгімелесу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту. Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Қош келдің Наурыз

Қазақ халқының өмірінде ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі - Наурыз. Бұл жыл сайын наурыз айының 22 - жұлдызында мерекеленеді, яғни күн мен түн теңеліп, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем айы. Сондықтан ертедегі адамдар наурыз күнін жаңа жыл басы - ұлыстың ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек, зор қуаныш пен қарсы алған, жұрт ел аралап, наурыз көже ішіп, палуан күресіп, ойын саулықпен өткізген. Сол себепті біз бүгін ертеңгілігіміз “Қош келдің Наурыз!”- деп атап отырмыз.
Наурыз келсе, құт келгені халайық
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық.
(шашу шашылады) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Еліміз артып отырған үлкен жауапкершілікке лайық болу – біздің тікелей міндетіміз

Тәуелсіздік... Осы сөзде қаншама мән, шаттық, бақыт жатыр десеңізші! Осы бір ғана сөз елдің тыныштығын,азаттығын, бостандығын, ынтымағын білдіреді. Осы тәуелсіздікке жету үшін қанша аға-апаларымыз тер төккен. Міне, сол бір ғана сөздің арқасында алтын күн аспанымызда нұрын шашып тұр. Біздің ел – азат ел! Тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тұғырға байлаған асқақ ел. Осы жиырма жыл ішінде талай жетістікке, талай күйініш-сүйінішке бөленіп, талай өрлеудің жолында келе жатырмыз. Еліміздің кірпішін қалаған Елбасымыз бар. ......
Шығармалар
Толық

Экономика | Банктік тәуекелдерді басқару жолдары

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәункелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде “тәуекелдік” деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын.
Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.
Шығындар. Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Банктік тәуекелдердің жіктелуі

Тәуекелдердің пайда болу көздерін және себептерін дұрыс түсіну үшін негізгі банктік тәуекелдердің жіктелуін және олардың сипаттамасын келтірдік. Бұл банктік тәуекелдердің жіктелу құрылымын осы пәннің белсенді зерттеушісі, біздің отандық экономист Новиков И.А. ұсынған. Пайда болу көздеріне қарай ішкі және сыртқы тәуекелдерді ажыратуға болады.Сыртқы тәуекелдер сыртқы ортада пайда болады және басқарылмайтын және жартылай басқарылатын болып бөлінеді.
Басқарылмайтын тәуекелдерге келесілер жатады:

Апаттық тәуекел - бул жер сілкініс; тасқынның дауылдың, өрттікң және т.б. салдарынан банкке материалдық келтіруді айтамыз. Бұл банкке, сонымен қатар оның клиенттері мен қарыз алушыларына залал келтіре алады.

Саяси тәуекел - бул саяси биліктің немесе мемлекетпен жүргзілетін саяси бағамның ауыстыруы салдарынан, соны мен қатар соғысты, революцияны, азаматтық соғысты жариялауынан банкке жағымсыз әсесерінен тигізетін тәуекел. Саяси тәуекел банкті ұлттандыру кезінде немесе банктің және оның клиентінің жағдайын төмендетуі мүмкін жаңа шектеулер мен заңды өзгерістерді бекіту кезінде көрініс табады. Жаксы дамыған бағдарламалары бар банктер несиелік рейтингтің күрделі жүйеісн құрастырады. Оның бірі - қурамдас рейтинг жуйесі. Бул жуйеде әр мемлекет 1-ден 9-ға дейін шкала бойынша курамдас рейтингті алады. Рейтингті негізінен несиені бағалау ушінде қолданылады қолдану қажет Мысалы, АҚШ банктері елге төнуі мумкін қауіптер жөніндегі Үкіметаралық Комитеті дайындаған рейтингтерін қолдана алады. Саяси тәуекелдің рейтингі сыртқы міндеттемелерін төлеуден белгілі бір үкіметтің қалауы мен саяси мумкіншілігін өлшейді. Сонымен қатар бұл рейтинг укіметтің турақтылығын және сыртқы қарызын төлеуге қатынасын бағалау үшін де қолданылады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Банктің өтімділігін және тәуекелділігін басқару

Тәуекел банк қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Басқару және рұқсат қиыншылықтар тәуекелінің амалдарына жататындар:
1. Тәуекелден қашу немесе тәуекелден бос тарту;
2. Тәуекелді ұстау немесе мойындау;
3. Тәуекелді бақылау;
4. Тәуекелді ескерту;
5. Тәуекелді сақтандыру немесе аудару.

Банктің несиемен басқару келесі механизмдерді бөліп көрсетуге болады:
1. Тәуекелдіктердің диверсификациясы;
2. Хеджерлеу;
3. Көптеген қатысушылар арасындағы бөлу;
4. мүмкін болатын шығындарды орналастыру.

Банкті активтер және пассивтер портфелі ретінде қарастыру, сондықтан банктің портфелінің тәуекел негізгі тәуекел ретінде қарастырылады.
Өз кезегінде, тәуекел портфелі мыналарды өзіне қосады:
1. Тәуекелдік портфель;
2. Тәуекелдік пайыз;
3. Балансталмаған өтімділік тәуекелі немесе ресурстардың құрылымының мерзімі мен көлемі;
4. Ағымды өтімділік тәуекелі.

Қорыта айтқанда, банктің портфелінің тәуекелі – анықталмаған жағдайда
банктің портфельдік басқару шешім қабылдау нәтижесінде жағымсыз жағдайдың болуы мүмкін.

Банктің тәуекелділік портфелінің басқарудың негізгі мәселесі: банктің активтер мен пассивтерін басқару процесінде өтімділік пен табыстылықтың қатынасын қолдау, яғни болатын банктік шығыстарды болдырмау. Коммерциялық банктердің өтімділігі оның қызметінің сапалық мінездемесі болып табылады. Активтерді ақшалай қаражаттарға айналдыру арқылы салымшының қажеттілігін шағыссыз қанағаттандыру. Қазіргі уақыттағы коммерциялық банктің мүмкіншілігін көрсетеді.

Бұл мүмкіншілігі мынаған тәуекелді болады:
- активтер сапасына;
- пассивтер құрылымына;
- банктік капиталдың жеткіліктігіне;
- қарызгердің қаржылық тұрақтылығына.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Банк тәуекелдері

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәункелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде “тәуекелдік” деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын.
Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Ұлылардың ұрпағы болғым келеді.

«Ұлы болу оңай, ұлылардың
ұрпағы болу одан да қиын»
Халық даналығы
Мен өз елімнің ұланымын. Апай бізге «Сендер егеменді еліміздің ертеңгі ұланысыңдар» десе, анам мені «ұланым» деп еркелетеді. Менің түсінгенім «ұлан» деген атқа лайық болу үшін өз еліңді шексіз жақсы көруің керек.......
Шығармалар
Толық

Қош келдің Жаңа жыл

Балалар әуенмен ішке кіреді
Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық, баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық

Құрметті бүлдіршіндер, ата - аналар, ұстаздар. Көптен күткен қуанышты мереке жаңа жыл келе жатыр. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын. Барлығымызға бақыт, береке, көп қуаныштар, жақсылықтар әкелсін! Жәнеде осы жаңа жылға арналған бүгінгі ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Біздің бүлдіршіндеріміздің жаңа жылға шашуы ретінде «Кукарелла» биін билеп береді.

Тәрбиеші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Тәрбиеші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Қош келдің Әз - Наурыз

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары, дастархан.

Жүргізуші: Армысыздар ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Олай болса «Қош келдің, Әз - Наурыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық - дей келе балалардың наурыз мерекесіне арнап айтатын өлең жолдарына кезек беремін. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық