Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстаздың ұлы келбеті)

1 сынып мұғалімі
Мұханбетжанова А.Ж.


Тәрбие сағат тақырыбы: Ұстаздың ұлы келбеті
Тәрбие сағат мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту. Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шаралар.
Тәрбие сағаттар
Толық

Тәуекел хан

XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588-жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды.

1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды» делінген дерек те бар.

Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.

... Тәуекел Сыр өңірінің қалалары үшін күресті бастап, 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мауараннахрдың солтүстік аймақтарына шабуылдайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, тіпті Самарқанд сияқты қалаларды талқандады, Тәуекел шайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті. Сөйтіп, Тәуекелдің Ташкентті алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды.

Ташкент өңірінде болған 1588 жылғы көтеріліс сол кезіндегі қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалар қатарына жатады. Ол жөнінде Хафиз Тыныштың «Шараф-наме – ий шахи» және Мукимидің «Зафар - наме» деген еңбектерінде қызықты мәліметтер мен жағдаяттар келтірілген. Ташкент көтерілісіне зерттеушілер осы кезге дейін назар аудармай келді, ал ол Орта Азия – Қазақстан аймағындағы тарихтың дамуына едәуір дәрежеде ықпал еткен еді.

Сол кезде қазақ сұлтандары Сауран билеушісі Ишанкелді аутаршы мен Наурыз би құсшының өздеріне қакүнемдік жасауға дайындалып жатқанын біліп, өзбек әскеріне қарсы аттанды. Алайда бұл күресте Ишанкелді би жеңіп, қазақ сұлтандары мен бүлікші әмірлері жеңіліс тапты. Үш айға жуық уақытқа созылып, әскери бүлік сипатында болған көтеріліс осылай аяқталды. Көтеріліске бүлікші әмірлермен және қазақ сұлтандарымен қатар көшпелі тайпалар да қатысты. 1588 жылғы оқиғалар содан кейінгі 1598-1599 жылдардағы оқиғалардың, атап айтқанда, Шайбани әулетін Аштархани әулетінің алмастыруы сияқты елеулі оқиғаның алғы шарты болды.

Сонау 1585 жылы-ақ Абдаллахқа дербес қарсы шыққан Тәуекел бұл көтеріліске қатысқан жоқ. Ол жеңген жағдайда өзіне айтарлықтай пайда келтіретін болса да, басқа қазақ сұлтандары жүргізген бұл күреске қосылмады. Тәуекел 1582 жылдың аяғында Абдаллахтан кеткеннен кейін оның жоғарғы билік үшін ұзақ уақыт табан тіресе күресуіне тура келді. 1596 жылы оның хан атағы болғанымен, алайда ол осы заңды негізге алмаған еді. Тәуекелдің сол жылғы Ташкентті шабуын суреттей келіп, Ескендір Мұңшының өзі де «өзіне хан атағын алған қазақ Тәуекел сұлтан сансыз көп әскермен Ташкентке жақындап келді» деп хабарлайды. Бұдан Тәуекелдің хан жағдайын 1586 және 1594 жылдар арасында жүргізілген ұзақ та табанды күрес нәтижесінде жеңіп алғаны, оның содан кейін Мәскеумен қатынастар жасау кезінде нағыз хан ретінде әрекет еткені анық болады.....
Рефераттар
Толық

Тәуекел Тәуекел түрлері

Ең алғаш рет тәуекел туралы түсінік өткен ғасырдың 20 жылдары бизнестің негізгі элементі ретінде сөз қылған экономист Фрэнк Найт. Ол тәуекел туралы түсінікті өлшенетін белгісіздік деп, бизнес тек тәуекел болғандықтан бар деп жариялады. Келесі қадамды Гарри Морковец жасаған, ол тәуекел мен табыстылық түсініктерін байланыстырды. Табыстылық тек тәуекелмен ғана көтеріліеді деген. Бұл пастулат қазіргі кезде экономист студенттерге мәлім, бірақ 1953 жылы Марковицтің еңбегінің негізін қалаушы жұмысы шыққанда және 1970 жылдың басына дейін оның теориясы аса қызығушылықты тартпады.
Бірақ та 1970 жылдары қаржы әлемінде үлкен дағдарыс болды. Валюталық курстың ауытқуының әсерінен экспортталатын тауарлардың мұнайға деген бағасын 1 жылға алдын ала жоспарлау мүмкін болмады. Бағаның секіруі, пайыздық мөлшерлеменің кенеттен ауытқуы сенімсіздікті тудырды.
"Тәуекел" түсінігінің ұзақ мерзімді әлемдәк тарихы бар, бірақ оны белсенді түрде көбірек зерттеу XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында басталды. Отандық экономикаға тәуекел мәселесі мен оны бағалау жаңа емес: осы ғасырдың 20 жылдары шарушылық есеп тәуекелінің заңды шарты қалыптасты. Бірақ қалыптасумен қоймай нарықтық қатынастарға қатысты нақты іскерлікті жою жүрді және 30-шы жылдардың ортасына қарай тәуекел категориясына капиталистік, буржуазиялық деген жарлық асылып қойылды. Елдің шаруашылығын экстенсивті дамыту мақсатында ұзақ мерзім бойы бағдарлау, орталық басқарудың тым жоғарғы нәтижесі, басқарудың әкімшілік әдісінің өктемділігі жоспарлы экономика шарты бойынша шаруашылық қызметтің тиімді негіздеуі мен барлық экономика – техникалық негіздеу жобаларының тек тәуекелдік талдаумен ғана құтылмады.Осыдан шарушылық және әлеуметтік мәселелер тиянақты қызығушылықтың жоғынан себебін түсінуге болады.
Жоғарыда аталып өткен фактілерге байланысты отандық тәуекел туралы ілімді дамытуға біршама көзқарастар қалыптасты.
Бірінші көзқарастың жақтаушылары осы сала бойынша ғылыми жетілдірудің жоқтығын айтты: - "біздің экономикалық ілімде және шарушылық практикада жалпыға ортақ шаруашылық тәуекелдің теориялық дәрежесі жоқ" ал "іргелі зерттеу атымен жоқ" бұл ахуал былай түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы әкімшілік әдіспен басқару, яғни тәуекелдің бағалауы мен талдауының шарты жойылған. Екіншіден, жоғарыда тәукел жөніндегі сұрақтарға байланысты айтылғандай "Батыспен идеологиялық күрес" негативті әсер етті.
Екінші көзқарас бойынша тәуекел мәселесіотандық ғалымдарға жаңалық емес. Осылай КСРО – да 20-шы жылдары бірқатар заң актілері қабылданды, олар шаруашылық өндірістік тәуекел түсінігін құрады. Бұл тәуекелдің ерекшелігі, тәуекелге байланысты жүргізілген зерттеулердің күшті деформацияланып, көптеген тәуекелдің есептелмеуі. Ол шаруашылық субъектілердің өз қызметтерінде кездесетін тәуекелмен байланысты.
Қазақстанда экономикалық реформаның жүргізілуі шаруашылық қызметтегі тәуекелге байланысты сұрақтарға қызығушылық тудырды, ал тәуекел теориясының өзі нарықтық экономиканың құрылу процесінде тек өзінің ары қарай дамуын алып қана қоймай, сонымен қатар ізденіс үстінде болды. ....
Рефераттар
Толық

Тікелей салықтың бір түрі ретіндегі көлік құралдарына салынатын салық

Салық дегеніміз - ежелден келе жатқан экономикалық ктегория. Қазіргі кезде көптеген әдебиеттерде салықты мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін құрайтын көзі ретінде қарастырады.
АҚШ-ның алғашқы салық деклорациясының негізін қалаушысының бірі – Бэнжамин Франклин былай деген: «өмірде екі нәрседен құтыла алмайсың, біріншісі - өлім, екіншісі - салық». Сондықтан менің ойымша кез-келген мемлекеттің заңды және жеке тұлғалары сол елдің салық заңына сәйкес салықты төлеуге міндетті болып табылады.
Жалпы салықтарды екі топқа бөліп қарастыруға болады: тікелей және жанама. Мен осы баяндамамда еліміздегі тікелей салықтың бір түрі ретіндегі – көлік құралдарына салынатын салық қарастырылады.
Көлік құралдар салығы Қазақстан Республикасындағы салықтардың бірі болып саналады.
Жеке және заңды тұлғалар меншігіндегі көлік құралдарына салық ұсталынады.
Бүгінгі таңда, көлік салығы салық ретінде кең түрде қолданылып келеді. Ертеректе көлік салығы аттың күшімен есептелініп келді. Бұл есеп түрі мемлекетке тиімсіз болып келді, себебі көлік құралдар салығынан түскен салық соммалары аз ғана болды. Қазіргі кезде көлік салғын есептеуде бірнеше тәсілдер қолданылады. Жеңіл автокөліктерді двигатель көлеміне қарай есептейді. Сол кезде соңғы жетістіктегі және қуатты көліктердің салық соммасы жоғары болады. Жүк машиналары жүк көтергіштігіне қарай, жолаушы таситын орындық сандарына қарай көлік салығы есептелінеді.....
Рефераттар
Толық

Тауарлық бәсекелестік

Бәсеке - өндіріс құрал-жабдығы жеке меншікке негізделген қоғамда тауар өндірушілердің тауар өндіруде және өткізуде неғұрлым қолайлы жағдай туғызу жолындағы өзара күресі, капиталистердің немесе капиталистік бірлестіктердің барынша көп пайда алу жолындағы күресі. Өндіріс анархиясына байланысты жоспарсыз, бет – бетімен, бей – берекет. Өз тәуекелімен тауар өндіріп жатқан жеке тауар өндірушілер бір – бірімен бөліспей – біріспейтін рақымсыз күрес жүргізу арқылы ғана өзіне жол ашады тауарды өндіруге, оны сатып өткізуге өзіне қолайлы жағдай туғызады. Стихиялық түрде әрекет ететін бәсеке тартыстың нәтижесінде ұсақ өндірушілер жіктеліп шығып, ат төбеліндей біразы ғана капиталистер қатарына ауысады, ал басым көпшілігі өндіріс құрал – жабдығынан айырылып, күйзеліске ұшырайды да, пролетарлар қатарына келіп қосылады. Капиталистік тауар өндірісінде тереңдей бәсеке, оның ажырамас серігіне айналады. Капитализмнің негізгі экономикалық заңды – қосымша құн заңы бәсеке тартыс арқылы тауар өндірушілерін өндіргіш күштерді дамытуға итермелейді. Капиталистік бәсеке тартыс арқылы тауар өндіріс пен капиталдың шоғырлануына және орталықтануына әкеліп соғады. Ірі – ірі капиталистер өздеріне керекті шикізаттарды арзан бағаға сатып алып, өндірген тауарларын қымбат бағаға сату мақсатымен дара монополияларға ұйымдасады. Еркін бәсекенің орнын монополия басады. Монополия еркін бәсекенің қарама – қарсысы. Бірақ монополия бәсекені құртып жібере алмайды, ол неғұрлым жойқын, қатал, апатты түрге енеді. Бәсеке – капитализмнің барлық сатылары үшін, оның ішінде империализмге де тән құбылыс. Монополиялық капитализмге дейін бәсеке тартыс ірі капиталистермен ұсақ капиталистер арасында жүргізілген болса, империализм тұсында бұл монополиялық капитал мен монополияланбаған капиталдың арасына ауысады. Бұл бәсеке тартыстың мәні бір жағынан монополияланбаған фирмалардың кәсіпорындарда жасалған қосымша құнның басым бөлігін монополиялардың басып алуға ұмытылуы болса, екінші жағынан, монополияланбаған фирмалардың өз кәсіпорындарында жасалған қосымша құнды түгелінен өздеріне қалдыруға күш салуы. Әдетте бәсеке күресте күші басым монополиялар жеңіске жетіп отырады. Сондықтан, ірі монополиялардың бақылайтын капиталының мөлшеріне қарай алатын пайда нормасы да жоғары болады. Олардың монополиялық баға жүйесі арқылы жиынтық қосымша құнның, жұмыс күші құнының басым бөлігін барған сайын монополиялық пайдаға айналдыру жолындағы күресіне әкеліп тірейді. Олардың әрқайсысы пайданың жалпы мөлшерінен алатын өз үлесіне көбейте түсуге ұмтылады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржы тәуекелдерін басқару

Қазақстандық нарықтың қаржылық тәуекелдерін бағалау және басқаруды жетілдіру проблемасын шешудің практикалық маңызы және өзектілігі осы негізде нарық қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату мүмкіндігімен анықталады. Қаржы нарығының қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату осы нарықтың тұрақтануына әкеледі, ал бұл өз кезегінде бүкіл елдің экономикасының тұрақтануына себебін тигізеді.

Қаржы тәуекелдерінің теориялық негіздері.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық әрекеттерінің барлық түрлері көптеген тәуекелмен тығыз байланысты болады. Оның ықпал ету дәрежесі нарықтық экономикаға байланысты біршама артуда.
Тәуекел шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты категориялардың ішінде ең күрделілерінің бірі болып табылады. Тәуекел - бұл бір жағынан, барынша мүмкінді қауіптілік, ресурстардан айырылу мүмкіндігі немесе ресурстарды ұтымды пайдаланудан алынатын табысты толық алмау, басқа жағынан, тәуекелдің арқасында қосымша пайда табу мүмкіндігі. Шынында да тәуекелдің салдарын біз алдын-ала нақты айта алмаймыз. Тәуекелге бару арқылы кәсіпорын табыс табуы да мүмкін, сонымен қатар оның шығынға ұшырамайтынына да ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан да қаржы менеджменті табыс алу мүмкіндігін ылғи да тәуекелмен байланыстырады. Тәуекел және табыс - өзара байланысты қаржылық категориялар.
Тәуекел - бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Кәсіпорынның тәуекелі деп оның қаржылық қызметінің жүзеге асырылуының шарттарының белгісіздігі жағдайында табыстар жоғалту немесе капитал жоғалту формасында жағымсыз қаржылық салдарлардың пайда болу ықтималдылығы түсіндіріледі.
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелді оқиғаның пайда болуын қандай да бір дәрежеде болжауға мүмкіндік беретін әртүрлі шараларды қолдануға және тәуекел дәрежесін төмендетуге шаралар қабылдауға болады.
Тәуекелдердің сыныпталуы деп белгілі бір мақсатқа жету үшін қандай да бір белгілер бойынша тәуекелдерді жеке топтарға бөлуді түсінуге болады. Мүмкін болатын нәтижеге байланысты тәуекелдерді екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивті тәуекелдер.
Таза тәуекелдер теріс немесе нөлдік нәтиже aлy мүмкіндігін білдіреді. Мұндай тәуекелдерге табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдердің кейбір түрлері (мүліктік, өндірістік және сауда тәуекелі) жатады.
Спекулятивті тәуекелдер оң нәтиже де, сондай-ақ теріс нәтиже де алу мүмкіндігімен айқындалады. Оларға коммерциялық тәуекелдердің бір бөлігі болып табылатын қаржылық тәуекелдер жатады.
Пайда болуының негізгі себебіне байланысты тәуекелдер келесідей категорияларға бөлінеді: табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ҚАЗЫБЕК БИ КЕЛДІБЕКҰЛЫ

Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1765) - қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан.

Қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да тапқыр сөздерді көп білетін зерек кісі болыпты. Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болады. Содан болар Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, Орта жүзге осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады.

Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Абылай сұлтан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады. Сондай ақ ол Ресей, Бұхара, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге де араласып, бейбітшілік пен достықты дәріптеуші мәмілегер болған, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған.

«Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» деп, ол елшілік қызметті де мінсіз атқарған тұңғыш дипломат. Оның тұңғыш рет он сегіз жасында елшілікке атшы болып барып, басшы болып қайтқаны ел аузында әлі күнге аңыз болып айтылады.

XVIII ғасырдың алпысыншы жылдарында Чиң империясы Қазыбекті өз жақтарына тарту мақсатымен оған елші жіберіп, мол сыйлықтар тартады. Бірақ ол Қытайдың қол астына қарауға қарсы болады. Сөйте тұрып, Абылайды Чиң империясымен тығыз қарым қатынас жасауға шақырады.

Үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы қасында жүріп, хандардың сенімді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігінің емшісі бола білген. Әбілқайырды өлтіріп, ел бірлігіне сызат түсуіне себепші болған Бараққа: «Сылтауратып сытыла алмайсың, не өліп тынасың, не жөніңмен жеңіп құтыласың, екінің бірі, Барақ» деуі,ақыр соңында оны мойындатып: «Уа, би аға! Айттың сен, көндім кебіңе» деуге мәжбүр етуі тек Қазыбектей айбыны ай жасырған текті бидің қолынан ғана келсе керек.

Шоқан Уәлихановтың «XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» деген еңбегінде: «Абылай ханнан үш жүздің батырларының ішінен кімді ерекше құрметтейсіз деп сұрағанда, ол: «Бізге дейінгі ерлерден екі кісіге таңқалуға болады. Оның бірі 90 туысын Қалдан Сереннің тұтқынынан құтқарған қаракесек Қазыбек те, екіншісі өзінің сондай тұтқындағы туысын құтқарған уақ Дербісәлі. Мұның алғашқысы Қалданға өзі барып, сұрап алды. Соңғысы өзінің аулында отырып, жауын қорқытып алды» деп жазады ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы

Нарықтық экономика және бәсекелестіктің дамуы жағдайларында кәсіпорындардың қаржылық менеджментінің ролі мен міндеттері ең маңызды мәселердің бірі болып отыр. Кәсіпорынның табыстылығы, бәсекелестік жағдайлардағы өміршеңдігі, қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі мәселелері қаржы менеджментінің негізгі басқару объектісі болып табылады.
Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі, табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиялық міндеті балып табылады.
Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі болып табылады.
Қаржы менеджментінің қызметтерінің түрлерін келесідей тәртіп бойынша бір жүйеге келтіруге болады:
- жоспарлау – стратегиялық, оперативтік және ағымды қаржылық жоспарлауды, түрлі шараларға сметалар мен бюджеттер құруды қамтиды;
- баға саясатын анықтауға және өнімді сату жоспарын құруға қатысу;
- өзге кәсіпорындармен қосылу немесе бөліну нәтижесінде мүмкін болатын капитал құрылымының өзгеруін бағалау;
- қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету: қысқа және ұзақ мерзімді қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерін іздестіру; олардың оңтайлы құрылымын қалыптастыру;
- қаржы ресурстарын басқару: есеп шоттардағы және кассадағы ақша қаражаттарын басқару; құнды қағаздар қоржынын басқару; қарыз қаражаттарды басқару;
- қаржылық есеп, бақылау және талдау: есеп саясатын қалыптастыру; қаржылық есеп беру түріндегі ақпараттарды өңдеу және пайдаланушыларға ұсыну; қаржылық нәтижелерді талдау және сараптау; есептік көрсеткіштерді жоспарлық және стандарттық көрсеткіштермен салыстыру; кәсіпорын ішіндегі аудит. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Келісім шарт

Жеке азаматтардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжатты-келісімшарт дейміз.
Келісімшарттың жазбаша түрінде жасалынатын мәтіннің мазмұны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттілігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.
Келісімшарттың құрама бөліктері: құжат аты; мерзімі; индексі; толтырылған орны; мәтіні; екі жақтың қолдары; мөр. Келісімшарт әр жаққа бір-бірден екі түпнұсқада жасалады.
• Келісімшарт мынандай жағдайларда жазылады:
I. Нарықтық қатынастарға көшу өмірге еңбек қатынасының жаңа түрін (еңбек келісімін) толтыруды әкеледі. Еңбек келісімшартында заң алдында тең екі жақтың келісілген міндеттері мен құқықтары, жалдау ережелері және еңбек дауын шешудің тәртібі көрсетіледі. Кей кездерде мекемелерде арнаулы бір жұмыстарды атқаратын мамандар болмай қалады. Бұл істерді атқаруға белгілі уақытқа және арнайы ақы төленетіндігін көрсетіп, сырттан мамандар тартылады. Сондай кездерде еңбек шарты жасалады ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Еңбек келісімі

Келісімшарт – тараптар арасында қандайда бір қатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат. Мысалы: Сату – сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға беру туралы немесе сыйға беру туралы және т.б.
Қатысатын адамдар санына қарай келісім шарттар екі жақты немесе көп жақты болыды.
Келісім шарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және айы, күні, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты - жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Мысалы: Пәтерді сату – сатып алу туралы келісімшартта пәтерге қатысты бірнеше мәлімет беріледі, яғни пәтер кімнің жеке меншігі, ТИБ – те тіркелген нөмірі, ТИБ – тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы пайдалы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағаны, қарыз өтеуге берілмегені, дауталаста, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.
Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі ноториалдық кеңседе сақталынады. Қалған даналары катысушы тараптарға беріледі.
Келісімшарттың жазбаша түрінде жасалынатын мәтіннің мазмұны толық көрсетіледі екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттілігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.
Келісімшарттың құрамы бөліктері: Құжат аты; мерзімі; индексі; толтырылған орны; мәтіні; екі жақтың қолдары; мөр. Келісімшарт әр жаққа бір – бірден екі түп нұсқа жасалады. ....
Рефераттар
Толық