Келін қай қылығымен сүйкімді

Қазақ халқында келіннің отбасындағы рөлі мен орны өзінше бір бөлек. «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» дейді ата-бабаларымыз. Ұлын ұяға қондырып, шаңыраққа келін түсіру өмірдің ең маңызды ісі саналады. Өйткені ұл өсірген ата-ана үйге келіп түсер келіннің қандай боларына қам жейді. Бойжеткен сүйгені өскен шаңыраққа бас сұғып, табалдырығын аттаған күннен бастап өзінің келін екенін сезінгені дұрыс. «Қызымдай көремін» деген сөзге мастанбай, келіннің қыздан да адал боларын дәлелдеңіз. Осы себеппен біз бүгін cіздерге болашақта өнегелі де, ибалы келін болсын деген мақсатпен «Келін қай қылығымен сүйкімді?» деген тақырыпты ашпақпыз. Келіннің бойыннан қандай жағымды қылықтар табылуы керек?......
Кеңестер
Толық