Экология | Каспий экологиясы

Қазіргі кезде табиғаттағы тиімді пайдалану және оны қорғау дүниежүзілік маңызы зор проблемалардың қатарына көтеріліп отыр. Каспий теңізі (ескі тарихи атаулары: Каспи, Гиркан, Хвалын, Хазар тағы басқа) –Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан жер шарындағы бірден–бір тұйық су айдыны. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376000 км 2 . Меридиан бағытында 1200 км–ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ең терең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Каспий теңізі оңтүстіктен солтүстікке дейін 1030 км,батыстан шығысқа дейін 196–435 км аралықты қамтиды. Солтүстік шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік батысы субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл, тағы басқа 50-ге тарта аралдар бар. Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен .
Каспий теңізі Еуропа және Азия континеттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы өсімдіктердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі – бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастарының дүниежүзілік қорының 70% осы теңіздің үлесіне тиетін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп. Каспий теңізінің қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін қайтып (регрессия). Плейстоцен кезеңінде 70 миллион жыл бұрын теңіздің понтокаспий алабы оңтүстігінде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде 10 миллион жыл бұрын құрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар Сармат теңізі бірнеше бөлікке бөлінеді . Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плиоценнің кейбір кезеңдерінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген. Каспийдің шарасы тереңдігі және түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бөлінеді. Құрлықтық қайраңда орналасқан солтүстік бөлігі тайыз 10 –20 м. Орта тұсындағы ойпаңда тереңдігі 788 м. Оңтүстік бөлігі терең ойпаң 1025 м. Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде –24 –26 0 С, оңтүстігінде –27 –28 0 С- қа дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады, оңтүстігінде судың температурасы 10 0 С –қа жуық болады. Каспий теңізіне 130 – дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80%-ін Еділ, 5%-ке жуығын Жайық өзендері берсе,Терек,Сулак,Самур өзендері 5 %-тен астам , Кура өз 6 % береді.
Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауларында 3-3,5 миллион құстар қыстап қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 миллионға жетеді....
Рефераттар
Толық

География | Каспий экологиясының жалпы сипаттамасы

Каспий өңірі соңғы жылдары бұл аймақтағы мұнай-газ кен орындарын қарқынды игеру оның атағын жаңғыртып-ақ жіберді. Жұртшылық оны еліміздің экономикасына жаңа серпін беріп, қайта өрлеуіне жол ашар деген үмітпен, оған көз тіге қалды. Мұнай мен газдың орасан зор қоры тек бұрын игеріліп келген Маңғыстау мен Ембіде ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның осы Батыс өңіріндегі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жарасты қабаттарында «қара маржан» теңізі тұнып жатқаны анықталды.
Каспий өңірі көптеген Евразия халықтарының этникалық және мәдени бастауының маңызды бір ошағы екенін зерттеушілер баяғыда-ақ мойындаған. Бұл географиялық тұрғыдан алып қарағанда өзіне Арал – Каспий аралығын, Каспий өңірін қамтитын ұлан-ғайыр тарихи өлке болып табылады. Бұл облыстың тарихи шегі оңтүстіктегі Арал және Каспий теңізі, Үстірт қыраты, ал оңтүстік-шығысында Арал жағалауындағы Қарақұм арқылы мейлінше анық көрінеді, батысы құрлықта Еділ сағасымен шектеледі. Бұларға қарағанда солтүстік бөлігі шекарасы көмескелеу. Осы тұрғыдан келгенде Батыс Қазақстан – Даланың Ұлы белдеуін қамтитын мейлінше алып тарихи-мәдени кеңістіктің құрамдас бір бөлігі екендігіне көзіміз әбден жетеді.
Барша қазақ даласы сынды Каспий алабы да өз халқының көне шежіресінің куәсі, ал кәрі Каспийдің өзі болса, ол тек Еділ – Ақ Жайық суымен ғана емес, осы аймақ, қала берді бүкіл қазақ ата-бабасының тарихымен де толы.
Дегенмен, үшінші мың жылдықтың табалдырығынан аттағалы тұрғанда осы табиғаты қатал, сан ғасырлық тарихы бар қуаң даланың ұрпақтары қолмен жасалған қайталанбасрухани бағалысының талай жылдар бойы көз тасада қалып келгені де рас. ....
Курстық жұмыстар
Толық