Экономика | Каспий аймағындағы мұнайқұбыр коммуникациялар геосаясатының экономикалық астары

Орталық Азияның батыс бөлігі Қазақстан мен Түркменстан, Кавказ өңірі, Ресей Федерациясының кейбір аудандарымен, Иранның солтүстік аумағы Каспий аймағын қүрайды. Бұл аймақ өз кезегінде Еуразия материгінің орталық бөлігін құрап, қазіргі таңда әлемнің саяси картасында ерекше орын алады. Еуразияның географиялық орталығы бола тұра, Каспий аймағы экономикалық және саяси маңызды аймақтардың, Шығыс Еуропаның, Таяу және Орта Шығыс, Оңтүстік Азияны, Азия-Тынықмұхит аймағын және Ресей Федерациясының солтүстік-батысындағы дамыған аудандарын байланыстырып, сонымен қатар, оларды бір-бірінен бөліп тұрады.
Каспий теңізі арқылы мұнай мен газ тасымалдайтын құбырлар мен онымен шектесетін аймақтарды байланыстыратын кеме жолдары өтеді. Сондықтан, ағымдағы саяси, сауда-экономикалық және демографиялық ерекшеліктері Каспий өңіріндегі мемлекеттер мен халықаралық қатынастардың маңызды субъектілерінің Еуразия орталығы арқылы бір-бірімен қандай сипатта байланысатындарын анықтайды.
Геосаясат ғылымынын негізін қалаушылары Каспий өңірінің әскери-саяси және экономикалық артықшылықтар беретін географиялық ерекшеліктеріне бұрыннан көңіл бөлген. Британ географы Х.Макиндер аймақты «Әлем аралы» деп сипатама берген.
Тақырыптың өзектілігі – қазіргі таңда әлемдік экономиканың қарқынды дамуы, халықтың өмір деңгейінің жоғарылауы елдерде энергия тұтынысының өсуіне байланысты дамыған әлем державаларының негізгі мұнай ағымын қадағалауға, стратегиялық қорларының көлемін өсіруге бағытталған энергия ресурстары шоғырланған аудандардың бірі Каспий аймағындағы мұнайқұбыр коммуникациялар геосаясатының қарама – кайшылықтары мемлекеттердің экономикалық мүдделерінің сай келмеуі болып табылады.
Энергия ерте уақыттын бері билік, байлық және әділеттілік мәселелерімен тығыз байланысты. Өткен жүзжылда құрылған энергетикалық жүйе жаппай өнеркәсіптік өндірістің қарқынды өсуіне, адамдардың жақсы тұрмыс хәлінің өсуіне әсер етті, осыған байланысты осы заманғы консьюмеризмді анықтады, әлеуметтік теңсіздіктің жаңа түрлерін және маңызды геосаяси және экономикалық мәселелерді тудырды. Аймақтағы мұнайқұбыр коммуникациялары геосаяси күштердің тоғысуының негізгі объектісі болып табылады. Каспий аймағында АҚШ, Ресей, Иран, Түркия, Қытай және Еуропалық Одақ (ЕО) сияқты әлемдік және аймақтық геосаяси күштердің және кіші транзиттік мемлекеттердің экономикалық мақсаттары шоғырлануда. Қазіргі таңдағы Каспий аймағындағы мұнай құбыр коммуникациялары аясындағы геосаяси жағдайларды келесі тенденциялар арқылы сараптауға болады: Баку – Тбилиси – Джейхан (БТД) жобасын іске асыру арқылы АҚШ-тың аймақтағы ролін нығайту; Ресейдің аймақтағы транзиттік мүмкіншіліктерін жоғалтпауға бағытталған іс-әрекеттері; Каспий аймағындағы Қытайдың өз позициясын нығайту. ....
Курстық жұмыстар
Толық