Экономика | Инвестициялы жобаларды қабылдау

Тәуелсіздік алып, Қазақстан Республикасында нарықтық экономикалық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайларында кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы мен дамуының негізгі факторларының бірі – олардың инвестициялық қызметі болып табылады.
Қазіргі таңда елімізде инвестицициялық жобаларды жүзеге асыруға жетерліктей жағдайлар қалыптасып отыр. Атап айтар болсақ, қазақ даласының табиғи ресурстарға бай қазынасы, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті реттеуге бағытталған заңнамалық актілері, оларды қолдауға бағытталған бағдарламалары, еліміздегі қаржы, несие, құнды қағаздар нарығының дамуы, қаржы құралдарының алуан түрлерінің пайда болуы және жыл санап кеңінен қолданыс тауып келе жатқандығы – міне осы айтылғандар кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің объектілерін, субъектілерін, нормативтік базасын, инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздерін анықтап береді. Алайда, инвестициялық қызметті нақты өмірде жүзеге асыру кәсіпорындар тарапынан нарықтық экономика талаптарына сай қолайлы шешімдер қабылдай білуді қажет етеді.
Инвестициялық шешімдер қабылдаудың мәні мүмкін болған перспективті бір немесе бірнеше жобаларды бағалай отырып, оларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын анықтаумен байланысты. Тиімді жобаларды таңдау, оларды жүзеге асыру бағдарламасын әзірлеу, жобаны қаржыландыру көздерін анықтау, оңтайлы инвестициялық қоржын қалыптастыру – осы айтылғандар қосылып, инвестициялық шешімдер қабылдаудың негізін құрайды. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты –кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару негіздеріне сүйене отырып, инвестициялық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдаулың бастапқы негіздерін игеру болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес жұмыстың міндеті келесілерді қамтиды:
- инвестициялық шешімдер қабылдаудың жалпы экономикалық сипаттамасын беру ....
Курстық жұмыстар
Толық