Информатика | ИНФОРМАТИКАДАҒЫ ФОРМАЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Оқытудың модульдік жүйесі әрбір оқушыны керекті материалдармен қамтамасыз ететін мүғалімнің өте көп дайындалуын талап етеді, ал бұл оңай іс емес.
Оқушылардың білімге деген ынтасын, пәнге деген қызығушылығын арттыратын соның салдарынан білім деңгейін де көтеретін тағы бір тәсіл — жобалар тәсілі болып табылады. Бұл тәсіл соңғы кездерде бүкіл өлемде кең таралып келеді. Жоба ұғымы дидактикалық мақсатқа жету үшін бір идеяны, белгілі бір бұйымды немесе өнімді жасауды, есеп шығаруды, схема құрастыруды жүзеге асыратын, жұмыс нәтижесі практикалық бір жазба, схема немесе есеп түрінде көрсетілетін жұмыс болуы керек. Жобалар тәсілі негізінде: практикалық немесе теориялық бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын жобаның түпкі идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады. Бұл тәсіл практикалық бір нәтиже беретін іздеу, зерттеу, таңдау тәсілдерінің кең спектрін пайдаланып, оған сыртқы факторлардың әсерін қарастыру болып табылады. Осындай жұмысты орындау барысында балалар алған білімдерін толық пайдаланып, өздері де жаңа бастама,-идея берулері керек. Жобалар төсілін сауатты түрде қолдана білу үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде жобаны жетілдіру, толықтыру ісін жүргізе білу қажет. Жобалар әр түрлі типте — зерттеу, шығармашылық жұмыстары, ойындық түрде, ақпараттық (мәлімет жинақтау, оны талдау, өңдеу, орналастыру, безендіру) жұмыстар, практикаға бағытталған істер сияқты болып құрастырыла береді. Пәндік-мазмұндық аймағына байланысты моножобалар (бір пән аясында) немесе пәнаралық жобалар бола береді.Үйлестіру, қадағалау сипатына қарай тікелей (нақты) немесе жасырын координациялық жобалар, байланыстарына қарай - ішкі, аймақтық, халықаралық жобалар болады. Орындаушыларының санына байланысты жеке, жұптық немесе топтық жобалар да жасала береді ....
Курстық жұмыстар
Толық