Дінтану | Зороастризм

Ғасырлар тоғысында, жаңа мыңжылдыққа аяқ басу барысында өткен тарихи-мәдини жолды зерделеп, болашақты болжау заңды. ұлттықсана мен тарихи жады үшін өткен кезеңдердің маңызы мен мәні өте зор, Өйткені өткенді сана талқысынан, ой таразысынан өткізбейінше, болашақты анық бағдарлау мүмкін емес. Халықтың алға басуы тек саяси-экономиялық ахуалға ғана емес, оның руханилығына да тікелей байланысты. Осы орайда Гегельдің "рухы оянбаған халық тарих көшінен шет қалады" деген ойына назар аударған жөн. Ұлттық рух дегеніміз сайып келгенде оның өзіндік санасы, тарихи жады. Империялық отарлық саясат халықты осы жадыдан айырып, өзіндік санасынуландырып келді. Еркін ойды алқымынан алып, тұншықтырып келген тоталитарлық жүйе ыдыраған соң, жанөжағымызға қарап, оң солымызды аңғарып, ұмытқанымызды еске алып, жоғалтқанымызды табуға ұмтылып, тарих қойнауларына үңілу уақыт талабы, тарихи қажеттілік. Тоталитарлық саяси жүйенің ауыр зардаптарының бірі - халықты мәдени тұрасынан айыпу, оны мәңгүрт, алып механизмнің тетігіне айналдыру болды. Халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары ескінің сарқыншағы саналып, одан арылу - болашақтың даңғыл жолына түсудің бірден бір жолы деп табылып, ескіден арылу қажеттілігі ұранға айналды. Бұл халықтың өзіндік санасына, көне мәдени мұрасына шабылған балта болды. Өзінің саяси-идеологиялық, рухани үстемдігін орнықтыру мақсатында кеңестік тоталитарлық жүйе қазан төңкерісіне дейін көшпенді халықта жазу-сызу деген болмаған, олар ұлы, алдынғы қатарлы халық мәдениетімен араласу барысында көзін ашты деп келді. Сөйтіп, көшпенді халықтар туралы жаңсақ пікірлер мен тұжырымдар орын алып, олар бұқара халық санасына сіңірілді.
Көшпенділердің мәдени мұрасын қарастыруда культуртрегерлік және аккультурациялық идеялар басым болды, Дәстүрлі халықтың мәдениетті батыстық үлгі тұрғысынан бағалау, оның даму заңдылықтарының ерекшеліктерін, өзіндік сипатын терең тануға бөгет жасады. XIX ғасырда қалыптасқан еуроорталықтық көзқарас кеңестік ғылымда да көрініс тапты. Бұл көзқарас тұрғысынан алғанда көшпенділер тіршілік ету ортасына енжар бейімделушілер, олардың тұрмыс-тіршілігі жоғарғы мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Барлық мәдени мұраны олар өздерінің мәдениетті көршілерінен қабылдаған. Халықтың тарихын, мәдениетін зертеудегі бұрмалаулар, объективтілікке қарағанда терістеу, теріске шығарудың басым болуы мәдени бастауларды таныпөбілуге зор кедергі келтірді. Мұның өзі мәдени мұраның азып-тозуына, рухани өмірдің жұтандануына алып келді. Ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұра, адамгершілік қасиеттер халыққа қатыссыз идеалдармен алмастырылды.
Кейінгі уақытта-бұрынғы кеңес одағына кірген республикалардың тәуелсіздік алуына және ұлттық сананың өсуіне байланысты-кері процесс әрбір халықтың өзінің түп-тамырларын, мәдени бастауларын танып-білуге деген ұмтылысы байқалады. Бұл заңдылық қазақ халқын ....
Курстық жұмыстар
Толық