Психология | Зейіннің ес үрдістерімен байланысын зерттеу

Психикалық таным үрдістерінің ішінде зейін және ес ерекше орын алады. Зейін дегеніміз адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады, дәлірек айтқанда зейін – айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Ал ес дегеніміз бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл күйлерінің мида сақталып, қажет кезінде қайта жаңғырту процесі. Бұл екі процесс бір біріне ықпал ете оқу іс әрекетінің бағдарламасын игеруге көмектесетініне байланысты зерттеуімізді психоло-гиядағы өзекті мәселелердің бағыты деп есептедік.
Жұмысымыздың мақсаты зейін мен ес процестерінің психологиялық мазмұнын зерттеу.
Міндеттері:
- зейін және ес туралы ұғымдарды теориялық талдау (әдебиеттерге шолу);
- зейіннің қасиеттерін зерттейтін әдістемелерді қазақ тіліне бейімдеу;
- ес процестерін зерттейтін әдістемелерді қазақ тіліне бейімдеу;
- эксперименталды зерттеулердің нәтижелерін талдау;
- қорытынды құрастыру.
Объектісі зейіннің қасиеттерін және естің процестерін талдап, оларды зерттейтін әдістерді қазақ тіліне бейімдеу.
Болжамы: Зерттеу жұмысы зейін және ес туралы теориялық білімнің өрісін тереңдетіп, болашақ психолог-педагогтың практикалық іс әрекет атқаруына ықпал етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық