Кез келген білімді адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық құқығын оқып, зерттеп жүрген болашақ заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт-бағдары болуы тиіс. Осы қағидаларды ескере отырып, мен, болашақ заңгер ретінде өз елімнің азматтық құқығы, оның ішінде ел эконмикасын көтеруге бірден-бір себепкер бола алатын Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің ұғымы, түрлері, құқық қабілеттілігі және пайда болуы мен тоқтатылуы жайлы, аз да болса өзімнің теория жүзінде жинаған білімімді ортаға салуым қажет деп ойлаймын. Қазіргі уақытта болып жатқан әлемдік дағдарысқа байланысты тек Қазақстанның ғана емес, дүние жүзінің кез кезген мемлекетінің экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік жағдайын т.с.с. көптеген салаларының деңгейін көтеруге тікелей атсалыса алатын, осы - заңды тұлғалар екенін ескере отырып, мен, жоғарғы оқу орындарына арналған ҚР Азаматтық құқығы пәнінен заңды тұлғалар тақырыбында курстық жұмыс жазуды жөн көрдім. Менің осы, курстық жұмысымды оқу барысында еліміздегі заңды тұлғалар жайында толығырақ танысарсыздар деп үміттенемін ....
Қазақстан Республикасының Конституциясында заң және заңга тәуелді актілерді шығарудың, кдбылдаудың, бекітудің толық әдістемесі көрсетілген. Заң шығаруда ұсыныс құқығы - Пар¬ламент депутаттарында және Үкіметтің құзырында. Қазақстан Республикасының заң шығару процесінің ерекшеліктері бар. Бұл процес әдетте заң шығару қызметінің сатылары және олардың бірізділігі арқылы дамып отырады. Заң шығару тәжірибесінде жобаның мазмұнына байланысты басқа да тәсіл қолданылуы мүмкін, айталық, заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің өзі де, әрі соңғы кездерде етек алған Палаталар депутатгары да дайындайтынын біз білеміз. Алайда қазіргі кездегі заң шығару тәжірибесінде жобаларды дайындаудың ведомстволық қағидаты, дегенмен, басым түсіп жатады. Заң шығару процесіне Қазақстан Республикасының президентінен бастап,бүкіл халық атсалысады ,сондықтан бұл тақырыпты маңызды деп айтуға болады. Мен курстық жұмысты жазу барысында көп нәрсені түсіндім: біз- Қазақстан Республикасы жас мемлекет болғандықтан заң ғылымын терең зерттеп,оны ары қарай дамытуымыз керек. Заң шығару процесін терең әрі нақты зерттеген жағдайда ғана дұрыс және пайдалы заңдар өмірге келеді деп ойлаймын,сондықтан бұл тақырыпты келешекте әлі де зерттеуіміз қажет.Ал заң шығару процесі туралы толық мәліметтер курс жұмысымның негізгі бөлімінде нақты ....
Заңдар басқада нормативтік актлер әр түрлі уақытта түрлі мән жайларға байланысты қабылданады. Соған байланысты олардың арасында қайшылықтар да, келісімсіздік те болуы мүмкін.Мұндай жағдайлар,әрине,заңдарды пайдаланғанда қиыншылықтар туғызыды,заңдардың тиімділігін төмедетеді. Сондықтан заңдарды жүйелеу – олардың барлық жақсы,тиімді қасиеттерін пайдалану үшін өте қажет тәсіл. Жүйелеу – қолдалынып жүрген заңдарды,барлық нормативтік актлерді тәрьіпке келтіру,құқықтық нормаларды келістірілген жүйеге салу. Менің осы курстық жұмысмның негізігі зерттеу объектісі болып,сол заң нормаларын жүйелеудің негізгі жолы кодификациялау туралы болып табылады. Негізінде қарапайым тілмен жеткізетін болсақ,кодификациялау дегеніміз сұрыптау деген мағынаны білдіреді деп айтуымызға әбден болады. Заң актлерін сұрыптау құқықтық нормаларды құқық жасау барысында тәртіпке келтіру.Осы орайда ескірген, бұрын қолданылып жүрген заңдардың, басқа да нормативтік актлердің күші жойылады,құқықтық нормалар қайтадан қаралып,өзара келістірілген біртұтас жүйеге біріктіріледі.Осындай жұмыстың нәтижесінде біртұтас,заң және логика тұрғысынан бір қалыпқа келтірілген, барлық жағынан келістірілген нормативтік акт жасалады. Курстық жұмыстың құрылымына тоқталатын болсам:кіріспе,негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспе бөлімінде өзімнің тақырыбым туралы,яғни оның актуальдылығын,құрылымын қарастырдым.Негізгі бөлім өзінің мазмұнына сай үш тарауға бөлінді:Бірінші тарауда, заң актлерін кодификациялауға қысқаша тоқталып, оның түрлерін қарастырдым.Екінші тарауда кодификациялық актлердің басты белгілеріне тоқталсам, соңғы тарау заң актлерін жүйелеудің ерекшеліктері туралы болмақ. ....
КІРІСПЕ Кейіңгі кезде Қазақстанның есеп жүйесінде көптеген күрделі өзгерістер болды, және оны одан әрі жетілдіру жағдайы әлі жалғасуда. Есеп жүйесінде жаңа мүлік түрлері мен міндеттемелері, сондай-ақ жаңа шаруашылық операциялары пайда болды. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің есеп аясы біршама артып келеді. Шаруашылық жүргізуші субъектісі есепті жүргізу техникасын, нысанын, әдістемесін әрекет етіп тұрған заңға және Халықаралық стандарт жүйесіне сәйкестендіріп,сондай-ақ сала ерекшелігін ескеріп өздерінің есеп саясатын қалыптастыруына болады. Сонымен қоса, шаруашылық субъектісі өздерінің өндіріс запастарын бағалаудың әдістерін және өнімнің өзіндік құнын есептеудің тәсілдерін таңдау құқығына да ие. Осы және басқа да өзгерістер бухгалтерлік есеп берудің жүйесі де біршама мәнді өзгерістер әкелді. Оның құрамы, мазмұны халықаралық есепке жақындатылады, сонымен қоса есеп берудің мәліметіне, кез келген тұтынушылар пайдалана алатын болады. Бухгалтерлік есептің анықтылығы және тәртіпке салынған жұмыс көп жағдайда субъектісінің экономикалық жағдайына бюджетке жасалатын төлемінің уақыты мен мөлшеріне және сатып алушылармен есеп айырысуына әсер етеді. Бүгінгі таңда бухгалтерлік есептің басты назары кез келген субъектінің төлем қабілеттілігін, өтімділік активтерінің үлес салмағын анықтауға қарай ығысқан сияқты. Сондықтан біз есеп жүйесінің ең басты бір бөлігі ретінде салық есебі және жиынтық жылдық табысын талдау дипломдық жұмыс ретінде таңдадық. Өйткені оның көмегімен кәсіпорынның бүгінгісі келешегі жан-жақты сипатталады. Дипломдық жұмыс негізінен үш тараудан тұрады. Оның бірінші тарауда Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің даму қарқыны және зерттелетін кәсіпорынның (ЫРЫСТЫ-АПВЖЗ АҚ) техникалық-экономикалық көрсеткіштері және оның жасаған есеп саясаты мен салық есебі жан-жақты сипатталады. Екінші тарауда кәсіпорынның салық есебі толығымен ашылып, бухгалтерлік есеп беруді жасаудың кейбір ерекшеліктері көрсетіледі. Ал үшінші тарауда қаржылық есеп беру жүйесін талдаудың және оның аудитін жасаудың әдістемесі келтірілген. Тап осы таруда қаржылық есеп берудің жетілдірудің жолдары ұсынылған. Мен дипломдық жұмысты жазу үшін жоғарыдағы аталған кәсіпорынның кейіңгі екі жылдық (2004-2005 ж.) мәліметін және есеп саясатын, түсініктеме жазбасын пайдаландық. Кәсіпорын негізінен жолаушылар тасымалдайтын вагондарды жөндеумен айналысады. Кәсіпорын өзінің қаржылық есеп беру мәліметтерін, тек басқарма органдарының рұқсатымен ғана жария ете алады. Сонымен, есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау – есеп жұмысының соңғы сатысы. Оның деректері бойынша кәсіпорынның қызметін қорытындылайды; ол талдау жасаудың, құнделікті және алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпараттық көзі де болып табылады. Есеп берудің мемлекеттік мәні бар. Оның деректерін салықтардың және басқа да бюджеттік төлемдерінің дер кезінде, әрі толық деңгейінде төленуін қадағалау жасау үшін пайдаланады. Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы да дәл көрініс беруі, барлық көрсеткіштердің тығыз байланысты болуы, бухгалтерлік есеп беру мен статистикалық жедел есеп берудің бір-біріне сәйкес келуі, әдістемелік және басқа ережелердің сақталуы есеп беруге қойылатын талаптардың ең бастысы.....
Кіріспе Барлық деңгейдегі – мемлекеттік, республикалық, жергілікті бюджеттердің қаржылық қамтамасыз етуілуі мемлекеттің әр түрлі кірістері есебінен жүргізіледі. Мемлекеттің кірістерінің негізгі түрі болып бізге белгілідей салықтар табылады, өйткені олар мемлекеттік қазынаға түсетін ақша қаражаттарының көп бөлігін құрайды. Нарық экономикасының барлық елдерінде салық бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі қайнар көзі болып табылады. Осыған қоса олар экономикаға мемлекеттің әсер етуші тұтқасы ретінде болады. Әлемнің кез-келген мемлекеті көп салық алуға мүдделі, бірақ әр қайсысы тепе-теңдікті қадағалайды, және көп табатын мемлекет бай емес, дұрыс есептейтін мемлекет бай болып саналады. Кез – келген мемлекеттің нарықтық дамуы салық саясатын әсіресе экономиканың жағымсыз реттеушісі ретінде кеңінен пайдалануды болжайды. Нарыққа көшу жағдайында экономикалық реформалардың негізгі міндеттерінің бірі- әр деңгейдегі бюджеттің ұлғаюы мен жекелеген субъектілердің ықпал етуі және экономикалық жалпы дамуы мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін тиімді салық механизмін қалыптастыру. Салықтар өздеріне тән ерекше әдістерімен әсер етуді іске асырады. Мемлекет салық мөлшерлемелерін көтеріп, жеңілдіктерді тарылтып болашағы жоқ өндірістердің қызметін шектей алады. Ал ынталандыруды мысалы: « кері немесе кері қаржыландыру» деп шартты атауға болатын әдісті пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады. Оның мәні салық төлеуші қосымша қаржы ресурстарын сырттан емес, өз меншік табысынан және қаржыларынан алуында. Қазақстан Республикасының салық саясатын салықтық реттеудің құралы ретінде пайдалану барған сайын ашық саяси және әлеуметтік сипатқа ие болуда. Оның дұрыс және тиімді қызмет етуінен тек экономикалық сипаттағы мәселелер ғана емес, сонымен қатар азаматтардың тыныштықтарының сақталуы, саяси тұрақтылық , мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің нығаюы да тәуелді болады. Салық реформаларын республика халқының тұрмысын жақсарту перспективалары әсіресе халықтың әлеуметік әлсіз топтарына нарыққа көшу кезеңі кезіндегі қиындықтармен байланысқандай болмасын қақтығыстарды жоятын жағдай жасаумен байланысты. Мемлеекттің тіршілік етуі оның бюджетерінің кіріс бөлігіне салықтар мен алымдар ретінде түсетін ақша қаражаттарынсыз мүмкін емес. Салық төлеушілер үшін оларды төлеу жауапкершілік қана емес, сонымен қатар ол- қажеттілік. Салық төлеушілер есебінен мемлекет аппараты және оның құрылымы қамтамасыз етіледі, өз кезегінде сол мемлеект өздерінің салық төлеушілерн- мемлеект азаматтарын өркениетті қоғамда белгіленген тәртіп сақтау бойынша көптеген шараларды іске асыру мен қорғауды іске асырады. Қоғамның және мемлекеттің дұрыс қызмет етуіне қажет дін, ғылым, медицина, тәртіп сақтау мен басқа көптеген қызметтер мемлекеттің салық түрінде алатын қаржылары есебінен қаржыландырылады. Нарықтық экономика жағдайында қоғамда болатын әлеуметтік және экономикалық процестерге ықпал ету құралы ретінде мемлеект оларды пайдаланады. Салық туралы неғұрлым көп білу керек, өйткені олармен адам өмірі үзіліссіз байланыста болады. Салықтың шауашылық субъектілері мен жұмыс істеуші халықтардың алғашқы табыстарын мемлекеттің пайдасына объективті қажет екені білімді және заңға бағынушы қоғам мүшесіне ешқандай күмән туғызбайды. Мемлекетке жиналатын қаржылар оның өзінің қызметерін іске асыруға қажет, салықтарды жоюды талап ету қоғамды жоюды талап етуді білдірер еді. Халықтың меншігіне салынатын салықтар жергілікті, тура нақты салықтарға жатады. Халықтан алынатын салықтарды оқу бізге азаматтарға салық салу салыстырмалы теңеледі деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Олардың біріншісі- әрбір азаматың мемлекеті көтеруге өз табыстарының бөлігін беруге міндетті түрде қатысуы, екіншісі- мемлекеттің халықты белгіленген «бөлінбейтін құндылықтарымен» қамтамасыз етуі. Бұл әдіс тепе-теңдіктің мемлекет тарапынан бұзылуы, азаматтардың салық төлеуге тілегін және өз табыстарын жасыруға алып келеді. Мемлекет өз төлеушілерін қорғауы керек, өйткені оларды ешкіммен ауыстыруға болмайды. Басқаша айтқанда төлеушіні төлеу қабілетінен айыруға болмайды. Мемлеект пен азаматардың арасындағы салық қатынастарында философиялық бірлік заңымен қарым- қатынастар күресі едәуір айқын көрінеді. Сондықтан мемлеект фикалды қажеттіліктерді қанағатандыру мақсатындағы әрекеттерді міндеті түрде олардың әлеуметтік салдарының болмауына талдау жасауы қажет. Халықтан алынатын салық ставкаларын көтеру бюджеттің табысын тек бір салық кезеңіне ғана өсіреді, өйткені келесіден оларды төлеу базасы күрт қысқаруы мүмкін. Салықтарды төмендету болса халықтың табысының өсуін ынталандырады, тұтынудуң көбейюіне, тауарлар мен қызметтер өндірісінің өсуіне, және одан кейін барлық салық түсімдерінң ұлғаюына алып келеді. Тақырыптың маңыздылығы . Жер және жер ресурстары экономикада өз мағынасы бойынша терең тамыр мен үлкен мәнге ие. Жер кез- келген мемлекеттің негізгі байлығы, ал Қазақстан Республикасы жағдайында ол ерекше орын алады. Жерді ақысыз пайдалану оның ауыл шаруашылығында, өнеркәсіп пен құрылыста тиімсіз пайдаланудың бірден бір себебі болуда.....
Кіріспе Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есепке алу туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 заң күші бар Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: 1. «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2. «Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін айқындайды, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамалары және жалпы ережелерін белгілейді.» 3. Тараулардың тақырыптарындағы «I», «IV» және «V» деген цифрлар «1», «4» және «5» деген цифрлармен ауыстырылған. 4. 1және2-баптар мынадай редакцияда жазылды: 1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы «1. Осы Заңның күші міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жеке кәсіпкерге (бұдан әрі – кәсіпкерлерге ), Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген резидент еместердің филиалдары мен өкілдіктеріне (бұдан әрі-ұйымдарына ) қолданылады. 2. Кәсіпкерлер мен ұйымдар осы Заңға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, бухгалтерлік есепке алу стандартына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге және қаржылық есеп беруді жасауға міндетті. ....
Экономикалық теория және қоғамдық практика үшін бүгінгі күні аса маңызды өзекті мәселелердің бірі - өркениетті рыноктық қатынастардың негізін қалаушы меншік жүйесінің түбірлі өзгерістері болып табылады. Адамзат қауымының әлеуметтік дамуының бүкіл тарихында шешуші орын алатын, соған сәйкес іс-әрекет ететін әлеуметтік құралдардың бірден-бірі меншік құбылысы. Меншік экономикасының және экономикалық теориясының ең маңызды, әрі күрделі категориялары мен мәселелерінің қатарына жатқызылады. Меншік бүкіл қоғамдық қондырғыны қамтитын объективтілік қатынас ретінде экономика, құқық бойынша ойшылдарды бұрында қызықтырған. әртүрлі өркениет өкілдері “Экономикалық билік кімге тиеселі?” деген сұрақтарға әрқашанда көңіл бөлген. Адамдардың тіршілік жағдайларына бірегей меншік кез-келген экономикалық құрылымның, яғни бүкіл ұлттық шаруашылықтағы өзара тәуелділіктердің тірегін қалыптастырады. Осы өзара тәуелділіктерді қолдау және нығайту үшін қоғам мүшелері белгілі бір тәртіп ережелеріне бағынуы тиіс. Мұндай талап ережелер сәйкес құқықтық заңдар мен нормаларда көрсетіледі. Оларды мемлекет бекітіп өзінің билігі шеңберінде қолдайды, әрі қолданады. Біздің дәуіріміздің ерекше этапы XX ғасырдың 20 жылдары басталған социалистік эксперименттердің ғасырдың соңына қарай бұрынғы Кеңестер Одағы және Шығыс Еуропа елдерінде дағдарысқа ұшырап, тарихи сахнадан кетуімен анықталады. Жетпіс жылдан астам кеңестік дәуір тарихымыздың жалғасы іспетті орасан зор қоғамдық күйзелістен шығудың бірден-бір жолы рыноктың экономикасын қалыптастыру болып табылады. Бұл жолда меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру аса маңызды қатынастар жүйесіне бұрын-соңды болмаған әлеуметтік өзгерістерді алып келді. Экономикалық теория ғылымы тұрғысынан қоғамдық құрлыс дағдарысынан, әміршілдік экономикалық жүйеден туындайтын, прогрессивті дамуға кедергі келтіріп жүрген “байырғы” үлгілерге жататын бірқатар мәселелер бар. ....
Нарықтық сипаттағы қазіргі заманғы экономиканың толыққанды қызмет етуі дамыған қор рыногынсыз (оның барлық компонеттерін – борыштық құралдар рыногын, мемлекеттік те, корпоративтік те акциялар рыногы мен туынды бағалы қағаздар рыногын қамтитын) мүмкін емес. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда жоғарыда аталған үш сегменттің алғашқысы ғана қалыптастырудың сәті түсті, ал солардың ішіндегі ең маңыздысы – акциялар рыногының “көгілдір фишкалар” бағдарламасын жүзеге асыруға әлденеше рет әрекет жасалғанымен, әлі күнге дейін нашар дамып отыр. Акциялар рыногын дамыту жөніндегі негізгі міндет – бағалы қағаздардың ауқымды ұсынымын жасауға және оларға деген төлем қабілетті сұранысты қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер болуы керек. Бұл орайда негізгі мміндет отандық эмитенттердің акциялар ұсынымын қамтамасыз ету болып табылады. Эмитенттер бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты әлі күнге дейін ашық қор рыногына шығуға мүдделілік танытпай келеді. Мыналар рынокты акциялармен толықтыру жөніндегі негізгі бағыттар бола алады: 1 жекешелендірілген кәсіпорындардың мемлекеттік меншікте қалып отырған акциялар пакетін сату;....
Тақырыптың өзектілігі. Елiмiздiң нарықтық қатнасқа өту жағдайында несие халық шаруашылығының дамуының негiзгi факторы болып табылады. Осы орайда экономикалық өсуді қаржыландырудың маңызды факторларының бірі – банктік несиелеудің дамуы екендігін атап өту керек. Әр түрлі экономикалық секторлардағы барлық дерлік кәсіпорындар өз қызметін жандандыру үшін, айналым қаражаттарын және негізгі қорларын толықтыру үшін банктік несиені алады. Қазіргі кезде елімізде әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейтуге өте жақсы жағдайлар бар, бірақ олар шектеулі түрде қолданылады. Бұл экономикадағы құрылымдық қайта құруды тежеп қана қоймай, банктік секторлардың несиелік және валюталық тәуекелдерге ұшырау мүмкіндігін күшейтетін банктік жүйе мен несиелеудің дамуына бірқатар теріс факторлардың әсерімен байланысты. Соңғы жылдары Қазақстанда банктік несиелеудің күрт өсуіне қарамастан, оның ЖІӨ-ге қатынасы әлі де төмен болып отыр.....
КІРІСПЕ Гаплоидтар ауыл шаруашылық дақылдарды генетикалық сандық талдаудан өткізгенде де пайдаланады. Гаплоидтық өсімдіктерде рецессивтік гендік мутацияларды анықтау оңай, себебі олар доминанттық аллельдермен бүркелмейді. Бұл селекция процесін жылдамдатуға көмектеседі. Солтүстік Қазақстанға тез пісіп жетілетін бидай сорттарын алу актуалды болып табылады. Әріден будандастыру арқылы алынған тез пісіп жетілетін бидай будандардың гаплоидтарын алып, олардың дигаплоидтарынан тұрақты гомозиготалық сорттарды шығару маңызды болып табылады.Әріден будандастырғанда түраралық, туысаралық, тіпті буданаралық будандастыру нәтижесінде гетерозис құбылысы орын алады. Ал дигаплоидтарды алу арқылы гетерозисты сақтап қалуға болады. Осындай жұмыстар Шортандыдағы Ғылыми Өндірістік Орталықтың жаздық бидай бөлімінде бидайдың тез жетілетін сорттарын алу үшін жүргізілген. Екі еселенген гаплоидтардың негізінде гетерозистық будандарды алу үшін қажетті изогендік линияларын бір жылдың ішінде шығаруға болады, ал әдеттегідей инбридинг әдісімен бұған 4-6 жыл кетеді.....