file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Зағип жігіттің махаббаты

Ол екеуі жұлдызы жарасқан жұп еді. Көркіне көз тоймайтын сұлу келіншек, келісті жігіт. Сырт қараған жандардың қызығуы мен қызғанышын қатар оятардай жарасым тауып тұратын. Бақыттың бал шырынына батқан жұбайлар күндерін ерек көңілді өткізетін.

Бірде күйеуі іссапармен алысқа кететін болды. Осынау қос ғашық үшін бұл сапардың сағынышы махаббаттарын тереңдетпесе, өзге кесірін тигізе қоймайтынына әрі екеуі де сенетін. Сүйіктісін шығарып салып, үйде қалған келіншек сағынышты күндерін өткізе берді. Ол осы күндерде әлдебір тері ауруына душар болады да, жас келіншектің сырқатына ем қонбайды. Бір күні таңертең ол ояна сала айнаға қарап шошып кетті. Сұлу жамалынан көлеңке де қалмаған. Қорқынышты болып бұзылып кеткен ақша жүзі оны қайғы теңізіне батырды. Бұл сырқатын күйеуінен жасырып жүретін. Күндер өте келе, оның қайтып келер сәті де жақындай түсті. Ол мына бейнесін көрсе, қандай көңіл күйде болар. Осыны ойлаған сайын оның қасіреті асқына берді. Айна алдына баруға жүрексініп, күндерін өксумен өткізді.

Осынау азапты күндерде ол хабарлама алды. Іссапармен кеткен күйеуі жол апатынан қос жанарынан айрылыпты. Бір айналдырғанды шыр айналдырған қасіретті тағдыр осы да......
Махаббат хикаялары
Толық