Ғалымжан Молданазар (1988 жылы)

Ғалымжан Молданазар 1988 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол қазақ эстрадасының тыңдармандарына таңсықтау синти-поп, брит-поп, рок, инди-поп жанрларында ән салады. Көрермендер алғаш рет Ғалымжанды 2011 жылы «Хит тв» телеарнасынан көрді. Ол кезде Ғалымжан рок-әнші Әсеммен дуэт айтып шыққан болатын.
Ғалымжан өзі орындаушы болғанға дейін «Орда» тобына, Қайрат Түнтеков, Әсем, Асыл Беделхан және тағы басқа әншілерге ән жазған. 2013 жылдан бастап жеке әнші ретінде эстрадаға келген ол бұл ортадан тез жалыққанын былайша түсіндіреді: «оқушы кезімде жұлдыз болғым келді. Кейін Алматыға келіп, композитор ретінде әншілерге ән жазып, осы салада жұмыс істеп көргеннен кейін ойымнан айнып қалдым. Шыны керек, эстрада маған ұнаған жоқ. Бәрі жалған, фонограмма, барлығы өтірік... Менің ойымша, өнерде алдамшы нәрселер болмауы керек. Мысалы, фонограммаға адал ақша емес, фальш ақша төлеңіз. Дұрыс қой?..»
Әнші дәл осы себептермен 2013 жылы эстрададан кетті. Оған көп жерде фонограмма талап етілетіні ұнамады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Үндістанның көркінен көз сүрінер актрисалары кімдер?

Үнді актрисалары Үндістанда кино индустриясы пайда болғалы бері аса танымал. Олардың сұлулығына бүкіл әлем көз тігіп, ғашық болады. Ер-азаматтарды сүйкімді қылықтарымен баурап алатын үнді актрисалары кімдер? comode.kz порталы ең сұлу үнді актрисаларын назарға ұсынады.
Жаңалықтар
Толық

Дариға Назарбаева Нұрсұлтанқызы (1963 жыл)

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (7 мамыр 1963 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген) — қоғам және мемлекет қайраткері, саясаткер. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (2019 жылғы 20 наурыздан бастап). Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы.

Еңбек жолы және саяси мансаптары
1980—1983 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінде оқыды.
1983—1985 — С. М. Киров атындағы ҚазМУ тарих факультетінің студенті.
1985—1987 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінің тағылымгер-зерттеушісі.
1987—1990 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ аспиранты.
1992—1994 — «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті.
1994—1995 — «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті, «Хабар» Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры.
1995—1998 — «Хабар» Агенттігі» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.
1998—2001 — «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ президенті.
2001—2004 — «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрайымы.
19 қыркүйек 2004 - 20 маусым 2007 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің III шақырылым депутаты («Асар» Республикалық партиясының тізімі бойынша), 2005 жылдың ақпан айынан 2007 жылдың 20 маусымына дейін — «Аймақ» депутаттық тобының жетекшісі.
2007 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының директор
20 қаңтар 2012 - қыркүйек 2015 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылым депутаты («Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының тізімі бойынша), әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы.
3 сәуір 2014 - қыркүйек 2015 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі.
11 қыркүйек 2015 - 13 қыркүйек 2016 — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
13 қыркүйек 2016 - 20 наурыз 2019 — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитет Төрағасы.
2019 жылғы 20 наурыздан бері — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Арзан азық-түлік: супермаркет, әлде базар?

Тиімді сауданың қайда екенін білу үшін, күнделікті қажетті азық-түліктің тізімін жасап шықтық. Нысанаға Рамстор, GreenMart, Magnum, Interfood супермаркеттері және Алтын Орда мен Көк базар алынды........
Жаңалықтар
Толық

Дариға Назарбаева өзін президенттің мұрагері санамайтынын айтты

Парламент сенатының алқа мәжілісінен кейін тілшілерге берген сұxбатында сенат депутаты Дариға Назарбаева биліктегі мұрагерлік туралы болжамдарға пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпарат.
Жаңалықтар
Толық

Әйелдердің күйзеліске түсу себебі

30 жастағы қыз-келіншектер күйзеліске жақын болады. Жас кезде көңіл бөлетін, айналысатын қызықты істер көбірек болады. Ал 30 жастан асқанда әйелдер күндіз жұмыстан бас алмай, жеке бастың қамы мен өз еңбегінің жемісін көруді ұмытады. Назарларыңызға әйелдерде орын алатын бұл күйзелістің нақты.......
Аналарға және әйелдерге кеңестер | Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Ас содасының әдемілікке әсері қандай?

Ас содасы талай жылдардан бері ас үйі мен үй шаруасында белсенді қолданылады. Алайда екінің бірі оның косметикалық құрал ретінде қасиеті бар екенін біле бермейді. Ол сырт келбетімізге қандай күтім жасай алады?
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық