Сүлеймен Баязитов | Ағзамның ақыр заманы

(Сықақ)

-Аздап ішеді айыбы,

-Әйтпесе...

-Деп күрісінетін зайыбы.

Соңғы күндері Ағзамды

Танымай қалды.

Сап тыйып жүз грамды,

Құран кәрімді қолына алды.

Төр алдында жүгініп,

Белі бүгіліп,

Еріндері жыбырлап.

Кейде көзі жұмылып отырғаны.

Жүзінен өткеніне опынғаны сезіледі.

Түн баласында жайнамазға жайғасып,

Таң атқанда көз іледі.

-Дәл мендей мінажат етпес сопы - дағы

Шамалы ма, дерсің оқығаны.

Оқыса да,

Не керең, не соқыр - дағы.

Әйтпесе ақыр заман болады дегенде,

Неге шошынады,

Әлгі молда біткен осындағы?

-Деп тамағын кенеген

Ағзам отырғандарға қарады.

- Тақсыр, сонда жинаған мал - мүлік

Кімге қалады?

- Деп сойдақ шал тіл қатқан.

Ағзам айтарын айта салмай, бірден

Бір мүләйім күйге кірген.

Сонан соң орағытып әріден:

- Қорықпаған бір Алланың кәрінен.

Қозғалақтап ырғалып.

- Құр қалмақшы бәрінен,

Ең бастысы, Иманнан

Пайда жоқ дүние жиғаннан.

Жұмаққа кірмекші өз жанын өзі

Қиған жан.

Өртеңдер мал-мүлікті

Ақыр заман...

-Дей бергені сол еді.

-Кім қашан өледі,

Ақыр заман қашан, қалай келеді,

Оны бір Алла біледі,-

Деп ақырғанда әлдекім

Әйелінің құм болып жігері.

Еңіреп жылап жіберді.

Онсыз да әрең шыдап жүр еді.

-Ақырзаман болад деп,

Мал - қораға ілдіріп қара құлыпты,

Істеп жүрген жұмысын тастап,

Жан-жақтағы балаларын шақыртып,

Жұмыстарын тастатыпты бақырып.

Бір жосын қылық бастап:

-Өлсек, бірге өлеміз.

Ақырзаманды бірге көреміз,

-Дегенді желеу етіп.

Тұрмысы күннен - күнге кері кетіп,

Құруға шақ қалған.

Есік қаққалы тұр деген ақырзаманы

Есік түгілі тесіктен сығаламай...

-Әуелден – ақ жарым ес ең

Ақылың шамалы,

-Деп әйелі, бала - шағасының

Сол сәтте жалтырады табаны,

Жоққа сеніп барынан айырылған-ды.

Кей жандарға не шара?!

Жаңбыр жаумай су болған

Аз емес - ау бейшара.

Тұманданар ақыл - есі, жігері,

Азаматтың ада болса айбыны.

Сүлеймен Баязитов .....
Әңгімелер
Толық

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ ЗАМАН ТАЛАБЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

Тасжанова Назира Алтынбековна

№56 орта мектеп

Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Осыған орай 2016-2017 оқу жылының 1 қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектептері білім берудің жаңа жүйесіне көшті. Еліміздің орта білім аймағында болып жатқан жаңалығы бізді де бей-жай қалдырмағанын жасырмаймын. Бұл бағдарламанын өзгешілігі даярлық сыныбынан бастап балаға спиральді білім беру болып табылады. Тақырыптар әртүрлі деңгейлерде қайталанып, келесі деңгейде алдыңғыға қарағанда анағұрлым тереңдетіліп оқытылып, күрделілігі артып отыратынын естігенде менің ішкі дүниемде бір қуаныш пайда бола бастады. «Қайталау –білім анасы» деген сөзі бар емес пе? Бала жылдан жылға қайталап, тапсырмалары бірте-бірте күрделеніп тұрса, балаға оқу үдерісінде қиынға соқпайды деп түсіндім. Спиральді білім беру арқылы баланың бойындағы табиғи талантын ашуға көп көмегін тигізетін шығар деген ой туды. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту -бүгінгі күннің басты талабы . Жаңартылған білім мазмұны бойынша сертификатталғаннан кейін қыркүйек айынан бастап мектеп табалдырығын аттаған 22 оқушының сынып жетекшісі болып жаңартылған бағдарламаның айтылым, тыңдалым, .....
Әңгімелер
Толық

Сәбит Мұқанов | Кер заман


1

— Қайынаға, салығыңызды кешіктіріп кеттіңіз, неге төлемейсіз? — деп қайқы мұрындау келген, денелі, томпақ көз, жұқа ерін, суық шарпыған беті қара қожалақтаның-қыраған, басында түбіт шәлісі, аяғында саптама етігі, қолында тері биялайы бар, үстінде сеңсеңмен тыстаған сары тоны бар Ұлбосын, дәреттен келе жатқан Кәдірбай хажының алдынан кес-кестей берді.

Шалбарының бауын екшей байлап, аяғымен жерді тебініп, қысықтау келген қиғаш көзін Ұлбосынға алайта қарады да:

— Қайдағы салық? — деді хажы.

— Білмейсіз бе, қандай салық төлейтініңізді, — деді Ұлбосын, даусын көтере сөйлеп.

— Нені білейін! — деп хажы бір уыс көдедей шоқталып біткен ұзын қасын көзіне түсіріп, қалың қабағын тыржитты.

— Білмесеңіз айтайын: бір ауылнайдың имамы боласыз ғой. Зекет-ғұшырдан, жаназа шығарғаннан, тағы сондай табысыңыздан 350 сом, салған егін, жылқы, сиыр, қойыңыздың салығы 86 сом. Патент алмай сауда қылғаныңыз үшін 61 сом, барлығы 607 сом.

— Келін, осы сенің-ақ маған құтың түсті-ау жарқыным. Бір жылғы табысымның бас-аяғы 100 сомға зорға толады. Әнеугүні пинәтделге осы мәнімді айтып арыз бергем. Одан жауап алмай төлемеймін. Егінді жөнді салғам жоқ. Бір-екі десятина сепкен болып едім, шықпай қалды. Сауда қылғанымды кім көрген екен? — деп хажы аппақ сақалын қолымен тарап кейіді. .....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Зар заман ақындары

Зар заман деген – XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына "зар заман" ақындары деген ат қойдық. Бұл ақындардың дәуірі жоғарыда айтқан тарихи дәуірді туғызған дәуір. Зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсақ, зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады.

Біз тарихи өлеңдерді қарастырған уақытта, осы жүз жыл қазақ тіршілігіне қандай жаңалық әкеліп, қандай күйге түсіргенін айтқанбыз. Бұрын өз бетімен еркін жүрген елдің тіршілігі осы дәуірде қайғыны да, қазаны да, толып жатқан өзгерісті де көрген. Сол ауыр күндері ел ортасынан екі алуан адамды шығарды дегенбіз. Біреуі – тарихи өлеңдерде саналған ел қаһармандары, екіншісі – ел тілегін айтып, зар, мұңын сөзбен шығарған ойшыл қария, өлеңші ақын, жырау болатын. Қазіргі қарастырғалы отырған зар заман ақындары – сол ел қамын сөзбен жоқтаған жоқшылар. Бұлардың туысы мен бағыт сарыны ел басына келген тарихи дәуірден туғандықтан, барлық ақынды тарихи көлемінде қарастыру керек. Бұларды ұғу үшін соларды туғызған ел мен шартты тарих бетінен ұғыну керек. Бірақ біз сол заманның жалпы тарихтағы нобай суретін тарихи әңгімелердің тұсында айтқандықтан, бұл бөлімде тарихи мағлұматтың дәл өзіне тоқтамаймыз. Оның орнына сол дәуірдегі өлең, жырға тарих суреті қандайлық болып түсті, зар заман деген бағыт неден басталып, немен бітті? Ақындары кім? Бұрынғы өлеңдерден басқалық жаңалығы бар ма? Кейінгі заманға қандай сарқыт қалдырды? Онан соң әдебиетте бұл дәуір қандай орын алады? Мінеки, бұл бөлімде әрбір ақынның өлең, мысалдарын көбірек көрсетіп отырып, анықтамақ болған түйінді мәселелер осылар. .....
Әңгімелер
Толық

Жұмағали Саин | Біздің заманның геройы


(Аударма. М. Ю. Лермонтовтан)

Барлық кітаптарда алғысөз әрі бірінші, әрі ең соңғы нәрсе; ол не кітаптың жазылу мақсатын түсіндіреді де, не дәлелдер айтып сынға жауап береді. Әдетте оқушылардың рухани жағында да, журналдардың сөккенінде де жұмыстары болмайды, сондықтан олар алғысөзді оқымайды да. Әсіресе бізде мұның былай болуы өте күйінішті. Біздің халқымыз сондай жас, сондай ақкөңіл ғой, мысалдың аяғынан ақыл айтқан сәуегейлікті таппаса оны ұға алмайды. Олар қалжыңды түсінбейді, мысқылды сезбейді; олар асылында қисық тәрбиеленген. Олар осы күнгі білімпаздық бұрынғыдан гөрі өткір және көзге түсе қоймайтын, мақтау пердесін жамылып отырып, қарсыласуға мұршасын келтірмей тура соғатын құрал тапқанын, сондықтан тәуір орта мен тәуір кітапта балағатқа орын болмайтынын әлі білмейді. Біздің халық біріне-бірі қарсы екі орданың төңірегіне жататын екі дипломаттың әңгімесін естігеннен кейін, е, бұлар өздерінің сыпайы достығы үшін әрқайсысы өз үкіметін алдап жүр екен ғой деген қорытындыға келетін провинциалдарға ұқсайды.

Бұл кітап жуық арада бірқатар оқушылардың, тіпті, журналдардың сөздің тікелей мағынасына сену зардабын тартты. Біздің заманның геройы тәрізді адамгершіліктен жұрдай біреуді бізге үлгі етіп тартты деп біреулер өте қатты намыстанды, ал, енді біреулер шығарушы өз портретін және өзінің таныстарының портретін суреттеген екен десті... Тым ескі, бишаралық қалжың! Шамасы, өзіндегінің бәрі жаңарып жатқанда осы бір сандырақтары жаңармайтын болған-ау, русь тегінде солайша дүниеге келген ғой. Сиқырлы әңгімелердің ішіндегі ең барып тұрған сиқырлысының өзі де бізде біреуді балағаттау үшін жазылыпты деген даудан аулақ бола қояр ма екен! .....
Әңгімелер
Толық

Баубек Бұлқышев | Заман біздікі

Жаралы орыс жері, сенің топырағыңды басып жүріп келемін. Сен жаралысың. Бірақ қатардан шығып қалған жоқсың. Сен өз халқыңа еңбек сіңірудесің. Бұл қанды майданда сенің кермегенің бар ма? Саған атылмаған оқ, лақтырылмаған бомбы аз-ақ шығар. Жаратылыстың, бір мүшесі тал, қайыңдарды қараңдаршы, олар да қайғылы. Соғыстың қасіретін біраз шеккен. Көбінің аспанмен таласып тұратын бастары жоқ. Жаудың снаряды жұлып кеткен. Дегенмен бұтақтары кектеп өсіп, екі қолын сабалап ойнайтын жас балаша талпынып бас изейді. Қара жердің беті бұрынғы қалпынан өзгерген — бұжыр. Бұл неміс бомбысының ізі, жаудың қорасан ауруының соңынан болған әрекет. Бомбыдан пайда болған шұңқырлар (воронка) бітіп келе жатқан жараның аузындай кебе бастаған. Қоршаған бай табиғат қара жерге жаралы болып едім, жазыла бастадым дегенді айтқызып тұрған сияқты.

Жаз! Бір тамаша уақыт. Дүниенің ажары кіріп, әлемнің құлпыратын кезі. Ол өзінің көлеңкесін қара жерге түсіреді. Жер күлімсірейді, жер құлпырады, жер табиғаттың жібек желегін жамылып бой жасайды. Ол адамның махаббатын өзіне тартады. Оһ, бай Россия жері, сені бізден артық сүйе алатын кім бар?! Біз жауынгерлер сені сүйеміз, сен үшін біз жанымызды қиюға дайынбыз, біз әлемге қарсы аттанамыз, саған атылған оққа қарсы жүреміз. Мұның бәрі сен үшін, туған жер, біздің анамыз, табиғаттың түкті кілемі, береген Россия жері!

.....
Әңгімелер
Толық

Биология | Зар Заман Ақындары

Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. [1]Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді. [2] .....
Рефераттар
Толық

Биология | Қазіргі заманғы медициналық иммунология

Қазіргі заманғы медициналық иммунология

Иммунология – медициналық-биологиялық ғылымдарының ең маңыздыларының бірі және осы ғылым қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен үлес қосты. Көптеген инфекция түрлерін алдын алу үшін вакцина қолдану емі адамдарда АВО-антигендер жүйесін ескере отырып қан қуюды қолдану инфекциялық емес иммунология жетістіктері ғана жер шарының миллиондаған адамның өмірін .....
Рефераттар
Толық

Ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы оқыту – заман талабы

Қазіргі кездегі жеделдете жүріп жатқан жаћандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп арнайы атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Қазіргі заман талабына сай адамдардың.......
Баяндамалар
Толық

Жаңа заман талабы – Кембридж тәсілімен оқыту мен оқудағы өзгерісім туралы

Жылдар өте заман да, қоғам да, адам да өзгереді. Соған сәйкес ғылым да жаңа
жаңалықтарымен толығады. Бұл табиғи заңдылық. «Мен қалай өзгердім? Менің
оқушыларым қалай өзгерді?» - деген сауалдарға ой жүгіртсем, кешегі күндері осы
Кембридж бағдарламасына келген кезім еріксіз ойға оралады.
Үміт, қорқыныш, қызығушылық.....
Баяндамалар
Толық