Мақсаты: Балаларды желілі ойындардың жаңа түрлерімен таныстырып, ойнатып және өзіндік ойын барысында өз қатарластарының ойымен келісулеріне, ойын кезінде бір рөлден екінші рөлге ауыса білуді жетілдіру. Ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып, диалогтік тілді дамыту. Бір ойын бірнеше түрге бөлініп, өрбитінін балаларға көрсету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: дәрігер, әмбебап, шаштараз, жүргізуші, отбасы, ұялы телефондар, жанармай бекеті ойындарына қажетті құрал жабдықтар.
Ойын барысы: (Қонақтармен амандасу) Мынау - менің жүрегім, Барлығы осыдан басталған. Мынау – менің басым, .....
Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде АҚШ-тың қаржылық-экономикалық және әскери күш-қуаты едәуір күшейді. Еуропа мен Азияның көптеген халықтарының басына түскен қиыншылықты АҚШ басынан кешірмеді. Соғыс құралдарын сату есебінен американ монополиялары орасан зор пайда тапты. Өнеркәсіптің өндірістік қуаты мейлінше өсті. Соғыстан кейін АҚШ империализмнің ең басты экономикалық және әскери-саяси күш ретінде, халықаралық реакцияның қамалы болып бас көтерді. Американ капитализімінің ішкі табиғаты (капиталдың тез қорлануы, өндіргіш күштердің қаулап өсуі) оны сыртқы экспансияны кеңінен жүргізуге итермеледі. Құрама Штаттар жаңа рыноктарды иемденіп, шетелге капитал шығаруды арттыру үшін және кең көлемді "доллар империясын" құру үшін осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалды. Американ империализмі ең ірі қанаушыға айналды.
Соғыс аяқталысымен американ империализмі атом қаруына бір өзі ғана ие болғанына және соғыс базалары жүйесіне сүйене отырып, дүние жүзіне үстемдік орнату жоспарларын жүзеге асыруға тырысты. Монополистік буржуазияның идеологтары XX ғасырды "Америка ғасыры" деп атай бастады. Халықаралық аренадағы күштердің арасалмағында социализм пайдасына жасалған өзгерістер американ монополияларының қимыл өрісіне елеулі шек қойды. АҚШ-тың бәсекелестерінің еңсесі көтеріліп, бұғанасы қатайды да, тауар шығарылатын рыноктар үшін өздерінің ең күшті бәсекелесімен күреске түсті.
Сыртқы саясаты екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген жылдар бойы мүлде агрессияшыл сипат алды. АҚШ сол заманғы империализмнің лидері болу қызметін өзіне алып, социализмнің халықаралық позициясының нығаюына тосқауыл болуды, жер шарының көптеген аудандарында империалистік үстемдікті және езушілікті сақтап қалуды мақсат етіп қойды. "Күш көрсету позициясы" деген саясат осы бағыттың негізі болып отыр. Бұл саясаттың түпкі мәні дүниежүзілік социализмнің өсуін "бөгеу", оны "үрейлендіру", сонан соң "шегіндіріп", жеңіліске душар ету еді. Бірақ бұл ракета-ядролық қару-жарақтар жөнінен шамамен теңесуші, әскери елес қаупін түсінуінің АҚШ-тың басшы топтарының басшы топтарының КСРО-мен қарым-қатынасқа деген көзқарасын қайта қарауында шешуші маңызы болды.
1954 жылғы Женева келісімдері Вьетнамды біріктіруге мүмкіндік туғызған еді. Бірақ оны Америка Құрама Штаттары орындатпай тастады. Америка империалистері Оңтүстік Вьетнамды өзінің соғыс базасына айналдыру керек деп шешті. Осы мақсатпен олар Сайгонда қуыршақ режим құрды, ол патриоттық күштерге қарсы террор мен жазалауды тұтандырды. Осыдан кейін іле-шала АҚШ Оңтүстік Вьетнамаға соғыс интервенциясын бастады да, жыл сайын үсті-үстіне жаңадан өзінің әскер контингенттерін жіберіп отырды. 60-жылдардың ортасына қарай АҚШ-тың экспедициялық күштерінің саны 500 мың адамнан артып кетті. Оның үстіне АҚШ Сайгонның қуыршақ армиясын толық қаруландырды, оның саны миллионнан астам адамға дейін жеткізілді.....
Ресей мен Англияның Батыс Еуропа континентіндегі германдық гегемонияға бірігіп қарсылығы Азиядағы осы екі державаның қақтығысына қарамастан, 1875 жылы жүзеге асырылды.
ХІХ ғасырдың I жартысында британдық үкімет осы бөліктегі ағылшын-орыс қарым-қатынасына өзінің түсінігін білдірген. Ағылшындық нұсқауына сай, Ресей Үндістанның көптеген облыстарын бірінен кейін бірін жаулап, үзілместен шабуылдап отырған. Орыс саясатының басты мақсаты осы елді жаулап алу болды. Бірақ, бұл тек қана таза ой болды.
Англия өзінің үнділік иеліктерін қорғап, сонымен қатар Осман империясына қол сүғылмаушылықты бақылап отырды. Себебі, ол Еуропадан Үндістанға көпір болып саналды. Бұл нұсқау көптеген ағылшын көк кітаптарында және парламенттік дебаттарында дамып отырды. Оны көптеген атақты публицистер Уркварт, ал кейін Роулинсон алды және көптеген тарихи кітаптардың авторларымен шеңгерілген болатын. Оның ықпалы Англияның шегіне дейін тараған.
Бұл нұсқау тенденциялы болды. Бірақ, жағдай бұлай болған емес, Ресей тек қана шабуылдады, ал Англия тек қорғанды. Орталық Азиядағы қарама-қарсы екі экспансия кездесті. Ресей де Англия да шабуылдаушы саясатты жүргізді, сонымен қатар екі держава бір-бірінен сескенді.
Таяу Шығыстағы жағдай басқа күйде болмады, екі держава Константинопльде өздерінің ықпалын орнатуға тырысты және осы мақсатты жүзеге асыруда бір-біріне кедергі жасап отыруға тырысты. Ресей бұғаздарында бақылау орнатуға тырысты, сонымен қатар Қара теңізден британдық қолға өтуге мүмкіндікті бермеуге тырысты.
Орыстардың да, ағылшындардың да Орталық Азияда жаулаушылықтың, стратегиялық ойлар мен саудаға байланысты қызығушылықтар, сонымен қатар әскери күшінің демонстрациясы арқылы жауланған елдерінде өзінің билігін нығайтуға тырысты. Үндістанда британдық отарлаушылар халықтық көтерілістерден сескеніп, үнемі қорқынышта болды. Қандай да болмасын шетел әскерінің жақындауы халықтың наразылығын келтіреді деп санады. Бұл сонымен қатар ағылшын ықпалының таралуын тудырды, Персияда, Ауғанстанда, Қытайда көрші аудандарына және Бирмада толық билік ету мүмкіндігі болды.
Кейіннен, орыс өнеркәсібі үшін ортаазиялық мақта үлкен маңызға ие болды.
Ресейге қосылу отарлық режимінің орнауына әкелді. Ол орыс капитализмі кеңейіп өсуіне жол ашты және Ресей "ескірген бөлімінің" яғни, өзіндік держава мен феодалдық өкілдердің болуын ұзартуына әкелді. Осылайша, Орталық Азияға қосылу патшалықтың, орыс әскери-феодалдық империализмнің кеңеюі буржуазияның да қызығушылығы мен пайдалылығын тудырды. Келесі жылдары осыған мақта базасының ұйымдастырылуы қосылды.....
1848 - 1849 жылдар аралығындағы революция жеке мемлекеттер ішіндегі реакцияға ғана қарсы емес, сонымен қатар, монархиялық Еуропадағы халықаралық қатынастар жүйесіне де қарсы болды. 1848 жылы «веналық жүйе» жаңа соққыға тап болды.
1848 жылғы революцияның Германия мен Италия үшін басты мәселесі, осы елдердің феодалдық езгіден босату және осы елдерді біртұтас ұлттық буржуазиялық мемлекетке айналдыру болды. 1848 - 1848 жылдар аралығындағы революция Венгрияның австриялықтардың қол астынан азат етілуіне және Габсбургтер империясын құлатуға әкелер еді. 1848 жылғы Польшадағы революция Польшаны қайта қалпына келтіру проблемасын қайта туындатар еді.
1848 жылғы буржуазиялық - демократиялық революцияға қарсы реакциялық таптар мен оның үкіметі қарсы шықты. Әрбір мемлекеттердің феодалдық - абсолюттік реакциясы революцияға қарсы қозғалысқа бірігіп шықты және де осы қақтығыста дипломатия соңғы орында еместігі көрінеді.
1848 - 1849 жылғы революция дамыған жұмысшылар табының қолында жүруі еуропалық дипломатияға өзінің үлкен әсерін тигізді. 1848 жылға дейін британдық буржуазия барлық революциондық салттардан бас тартты, әсіресе, жұмысшы таптан сескенді. Англияның буржуазиялық — демократиялық плутократиясы реакцияның ең басты, ең маңызды қорғаны болды.
Азияда Пальмерстонның басшылығымен британдық үкімет және басқа да британдық буржуазиялық лидерлері агрессия саясатын жүргізді, ал Еуропада Балқан жартыаралы халқына Түрік сұлтандарының езгісін қолдаған. 1848 - 1849 жылдары Англия өзінің ақшасын, флотын және дипломатиясын революциялық - демократиялық қозғалыстың сәтті жүруіне кедергі келтіру үшін және еуропалық халықаралық жағдайдың өзгерулерін минимумға дейін жеткізу және де отарлық экспансия үшін бостандықты сақтауға қолданды.
Бірақ, 1848 - 1849 жылдардағы халықаралық қатынастардың мазмұны тек қана революциялық және контрреволюциялық күштердің арасындағы қақтығыспен сарқылмады. Дипломатиялық келіссөздерге орыс -ағылшындық және ағылшын - француздық қарама - қайшылықтар өзінің үлкен әсерін тигізді. Сонымен қатар, ұлттық және агрессивті буржуазияның талпынысы үлкен басты маңызға ие болды. Еуропа державаларының Шлезвиг - Гольштейн мәселесіне және 1848 жылғы Германияның ұлттық бірігу проблемасына деген қатынасы. 1848 - 1850 жылдары бүкіл ұлы державалар - Англия, Ресей, Франция, Австрия жэне Пруссия Германияның революциялық бірігуіне қақтығыстарында үйлесімге келді. Бұл германдық проблеманы шешу жолы еуропалық және сонымен қатар германдық реакция ушін де қажет болмады. Австрия мен Пруссияның қақтығысында және Англия үкіметінің, Германияның, Ресейдің және Францияның феодалдық езгілерін сақтап қалу және Еуропада өздерінің саяси үстемдігін сақтау мәселесі көзделді.....
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша – тауарлы өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістенуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік. Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату - сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі – тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар – еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі - тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт болса кеткен уақыт болған да, зат тауар түріне ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. ....
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. Дағдарыстың себебі өте көп болды. Мысалы, экономикалық жағынан алғанда ғылыми-техникалық прогрестің өндіріске енгізілуі баяу етті, өнімдердің сапасына емес, санына көп көңіл бөлінді т.б. Қоғамдық өмірде халықтың тұрмыс деңгейі күрт төмендеді, әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлінбеді, қылмыс тым кебейді. 1985 жылы наурызда К.У. Черненко қайтыс болғаннан кейін, КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне М.С. Горбачев келді.
Қайта құру бағыты
1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта құру бағыты жарияланды. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елді жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В. Гришин, Ленинградта Г.В. Романов, Қазақстанда Д.А. Қонаев, Әзірбайжанда Г. Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғы-шарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен-күнге қиындай берді. Негізгі себептері. 80 жылдарға қарай халық шаруашылығындағы тоқыраушылық айқын көрінді. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмір де отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Мәскеуде ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендігі сөз жүзінде ғана болды. Қазақстан партия басшысы Д. Қонаев өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д. Қонаевтың өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Д. Қонаев маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік, экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады. 1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Онда Орталық партия Комитетінің бас хатшысы М.С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бұл шешім тек сөз жөзінде қалды. Оны Қазақстанның партия, кеңес органдары қызметінен байқауға болады. Тоқырау жылдарында одақтың барлық аумағында, оның ішінде Қазақстанда да басқару ісіне жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік – экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген аутқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамында бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. ....
Мезгілі жағынан бұл дәуір әдебиеті жиырма жылдан астам уақытты қамтиды. Бірақ бұл қоғам дамуы мен ой пікірдің алмасуы жағынан біртекті емес. Жеке адамға табыну саясаты сыналғаннан кейін қоғамдық ой пікірде болған «жылымық» бұл тұста біраз тежеуге түсті де, идеология саласында партиялылық қайтадан бұрауын қатайтуға тырысты. Л. И. Брежнев тұсында бұл саясатты мойындаушылар қуғынға ұшырап, әдебиет пен өнердің кейбір қайреткерлері шетелге кетуге мәжбүр болды. Алайда бір адамның билеуіне құрылған қоғамның И. В. Сталин өлгеннен кейінгі жағдайы жөнделе қоймады. Социализм экономикасы құлдырауға түсті. Жамап жасқауға тырысқан М. С. Горбачевтің «қайта құру» бағыты да оған пайдалы ықпал ете алмады. Мұның аяғы 90 жылдардың басында КСРО ның тарауына әкеліп соқты. Жалпы алғанда, бұл дәуірде Қазақстандағы әдеби қозғалыс қарқынмен жүрді. Қаламгерлер қатары молайып, 600 ге жетті. Әдебиет жанрларының барлық түрі өзінің тұрақты кадрларын дайындап, қатар, тең дамыды. Реалистік әдебиеттің беталысын танытатын проза, оның үлкен жанрлары кең көлемде өрістеді. Поэзия заманның озық идеялары мен жаңалықтарын танытуда қашанда ұшқырлық танытты. Театр репертуарын байытуда қазақ драматургтері мол үлес қосты. Әдебиеттің негізгі жанрларын байытудағы және қоғамдық әлеуметтік өмірдегі белсенді қызметімен сөз өнерінің жас күштері алға шықты. Ә. Кекілбаев, С. Жүнісов, М. Мағауин, Т. Молдағалиев, Қ. Мырзалиев, Ф. Оңғарсынова, Ш. Мұртаза, Ә. Тарази, М. Шаханов, Қ. Жұмаділов, Д. Исабеков, тағы басқалардан құралған талантты топ осы кезеңде өздерінің мол творчестволық мүмкіндіктерін айқын танытты. Қазақ әдебиетінің табысы одақ және дүние жүзі көлемінде мойындалып, олардың тәуір шығармалары орыс және шетел тілдеріне аударылды.....
1936 жылы Гитлер германдық бас штабына Австрияны оккупациялау жоспарын тағайындауға бұйрық берді. Бұл операция «Отто» деген атқа ие болды. 1937 жылы 5-қарашада Гитлер қарулы күштер басшыларына өзінің алдағы жоспарларын мәлімдеді. Германия алдында өзінің «өмірлік кеңістігін » кеңейту мәселесі тұрды. Ол оны Шығыс Еуропа – Польша, Белоруссия, Украинада таба алды. Осы мақсатқа жету үшін үлкен соғыс ашу қажеттілігі туды, ал ол сол аудандарда тұратын халықтың қырылуына алып келетін еді. «Майн Камфта» айтылғандай, Тафтон нәсіліне жататын елдерді рейхқа біріктіруден басқа Гитлерде Австрия республикасын қосып алудың екі себебі болды. Австрия Германияға Чехословакия мен оңтүстік-шығыс Еуропаға жол ашты. Вена басшылары кабинетіне австриялық ұлтшылдық партиясын кіргізу арқылы Австрия саясатын өз бақылауына алу сәті келді деп есептелінді. 11-наурызда Гитлер мен Галифакстың кездесуі өтеді. Англия Германияның Гданьск, Чехословакия және Авсрияны жаулап алуына рұқсат берді. Ағылшын үкіметі ағылшын-герман қарама-қайшылықтарын қандай-да болмасын амал-тәсілдер арқылы шешуді қалады. Гитлер Шушнигтен қамаудағы ұлтшылдарға амнистия беру және Австрия үкіметі басына ұлтшыл Зейнс-Инквартты қоюды талап етті. 12-наурызда Германия қоршауға алды. 13-наурызда Австрияның Германияға қосылуы жариаланды. Муссолини Австрияның аншлюсін мойындауына тура келды. 1938 жылдың сәуірінде Англия, Франция, АҚШ Австриямен барлық дипломатиялық қарым-қатынастарды үзіп, оның аншлюсін қабылдады. ....
ХХ ғасырдың 20 - жылдарында мемлекеттер арасында өткізу нарықтары үшін күрес, және Таяу Шығыстағы шикізат көзі үшін күрес басталды. Англия дипломатиясының мақсаты - Таяу Шығыс территорияларын бақылау және француздардың әсерінен босату болды. Англия француздарды Сириядан шығаруға тырысты. Сондай-ақ, Франция арабтардың Англияға қарсы болуын қолдап отырды. Оларды қолпаштап отырған болатын. Иракта өз мандатын сақтап қалу мақсатында Англия ағылшын - ирак келісіміне қол қойылуына қол жеткізіліп, 1924 жылы қабылданды. Келісім Англияның Орта Шығыстағы орталық ауданында үстемдігін берді. Ал Ирак Үндістанға, Мосул мұнайына және Мысырға өтер жолды жауып тұрды. 1922 жылы - ақ Англия Мысырдын тәуелсіздігін ресми түрде мойындады. Ал Суданда Египет - Судан мемлекетін құруды талап ететін шиеленіс болғанда, Лондонда Макдональд пеп Мысыр үкіметінің басшысы Загул-Паша арасында келіссөздер өткізіле бастады.
Мысырдың ағылшын әскерлерін өз территориясынан шығаруды талап етуі; ағылшын кеңесшілерінің төмендетілуі, Мысырдың сыртқы саясатындағы еркіндікті, Мысырдың Суданға құқығын мойындауды талап етулері толығымен ескерілмеді. 1924 жылы 6 қарашада Булупд үкіметіне Чемберленнің келуі ағылшын - мысыр қарым-қатынастармен мүлдем бұзып жіберді. Бұл кезде 1925 жылы Мароккода Риф облысында жаңа толқулар болды. Оның қатысушылары Риф мемлекетін өз еркімен құрды. Испандықтарға қарсы Риф тайпаларының соғысы ұзаққа созылып, экономикалық саяси дағдарысқа әкелді. Испания диктаторы Пимо де Ривьера Франциядан көмек сұрады. Мароккоға жіберілген француз әскері 1926 жылы көтерілісті басты. Ағылшын дипломатиясы Францияның ішкі істеріне араласпады. Әскери қимылдардың Танжерге ауыспағандығынан қорықты. Сол себепті ол Франциямен Мысыр және Таяу Шығыс мәселелерін шешуге асықты. Одан кейін Англия Рим мемлекетін отарлауға көмектесті. Бірақ Риф мемлекеті Испания астында қалды. Рифтермен бір уақытта Франция Сирия друздармен соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Көп өтпей -ақ друздардың көтерілісі кең етек алып, бүкіл мемлекетке жайылып екі жылдай уақытқа 1927 жылдың күзіне дейін созылды. Англия Сириядағы соғысты Шығыста өз мәселелерін шешу үшін пайдаланды. 1924 жылы Ұлттар Лигасының отырысында Англия өкілі Эмери Ирак парламенті атынан Ирак үстіндегі мандатты ұзарту талабымен шықты. Келесі жылы Ұлттар Лигасы одағы Туркияның қарсылығына қарамастан Иракқа
Мусоль ауданын берді. 1927 жылы Ұлыбритания мен Ирак арасындағы келісім барысында,Иракты тәуелсіз мемлекет етіп мойындады.....
Бухгалтерлік есеп шаруашылық – қаржылық қызмет пен шешім қабылдаушы адамдар арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Қаржылық – шаруашылық қызметін ол туралы мәліметтерді, келешекте пайдалану үшін тіркеу жолымен өлшейді, қажет уақытқа дейін сақтайды, одан кейін тиімді ақпарат алу үшін оларды өңдейді және есеп беру арқылы ақпараттарды оларды шешім қабылдау үшін пайдаланушыларға береді. Шаруашылық қызметі туралы мәлімет, бухгалтерлік есеп жүйесіне кіруді білдіреді, ал шешім қабылдаушы тұлғалар үшін пайдалы ақпарат одан шығу жолы болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп ақпараттары біз ойлағаннан гөрі айтарлықтай кең көлемде пайдаланылады. Пайдаланушылар әр түрлі адамдар санаты болуы, мысалы, инвестицияны жүзеге асыратын немесе несие беретіндер, бірлескен экономикалық әрекет иелері болуы мүмкін. Маңызды басқару шешімін қабылдарда бұл адамдар субъектінің қаржылық және басқа да есеп берулеріне сүйенеді. Ақпаратты пайдаланушылар мынадай топтарға бөлінеді: -субъектіні басқарушылар; - субъектіден тыс, бірақ тікелей қаржылық мүддесі барлар; - субъектіге жанама қаржылық мүдделілік білдіретін топтар мен агенттіктер. Субъектіні басқарушылар – олар банк қызметін басқаруда және банк алдында тұрған мақсаттарға жетуіне толық жауап беретін компания адамдары - әкімшілік. Банктің алдына қоятын мақсаттары жеткілікті, бірақ оның жетістіктерге жетуіне және қатаң бәсекелестік жағдайында төтеп беру қажеттігі әкімшілікті негізгі екі мақсатқа: яғни пайдалылық пен өтімділікті нығайтуға барлық күшін жұмылдыруын талап етеді. Тиімді жұмыс жасайтын менеджерлер бухгалтерлік есеп мәліметтеріне және олардың талдауын негізге ала отырып шешімдер қабылдайды. Сондықтан әкімшілік бухгалтерлік ақпаратты басты пайдаланушылардың бірі болып табылады. Менеджер бухгалтерлер алдына келесі сұрақтарды қояды: соңғы тоқсанда банктің таза пайдасының көлемі қандай; пайда нормасы иелерінің күткеніне лайық па; банктің ақша қаражаттары жеткілікті ме.....