Кешегі өткен күндердің бәрі сәтті емес, Сәтсіздіктен де іздеймін жаным, тәтті елес. Сағыныш деген ғажайып ғұмыр кешемін, Жетуге саған амалым болмай, әттең, еш.
Бұлыңғыр тартып, бұлтты күн де тым баяу, Өтпейді. Өтсе, отырам....
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. “Мені” мен “менікінің” айрылғанын “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын....
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағатының барысы: Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын. Ой қозғау: - Біз қандай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан. - ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек? - ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек. - Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме? - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. - 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.