Жұмбақтар жауабымен: Табиғат құбылыстары (сүңгі, су, жер, өзен, тау, бұлақ, мұз, бұршақ, қар, аяз , боран)

Шыққанда шығыны жоқ,
Жауса жауын бүйірі тоқ,
Қыста жылтыр қақ болар,
Түртінектеп тынымы жоқ.
Өзен

Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем.
Жер

Жұмбақтар жауабымен
Толық

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні (Ерлер - жердің қорғаны, елдің тұтқасы)

Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыңа!
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздердің құрметтеріңізге арналған мерекелік дастархан....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Отан туралы мақал мәтелдер  

 

Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат,
Аймалайтын — анаң қымбат,
Асқар тауың — әкең қымбат

(Қазыбек би).


Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.

Мақал-мәтелдер
Толық

Менің туған жерім - егеменді Қазақстан

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып....

Шығармалар
Толық

Туған жер, отан, Қазақстан туралы шығармалар жинағы

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің.... 

Шығармалар
Толық

Тарих | Моғолстанның құрылуы жер аумағы

Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан. ....
Рефераттар
Толық

Тарихи көрнекі жерлердің туризмді дамытудағы рөлі

Диплом жұмысының зерттеу объектісі – Шығыс Қазақстан облысының тарихи көрнекі жерлерін дамытудының алғышарттары мен кездесетін проблемалары. Ал зерттеу пәні – қазіргі кездегі тарихи көрнекі жерлердің жағдайы.
Жұмыстың негізгі мақсаттары.
1. Аймақтағы туристік потенциалды дамуына қажетті Шығыс Қазақстан климатын, табиғаты мен мәдени және тарихи ерекшелерін атап көрсету.
2. Шығыс Қазақстан тарихи көрнекі жерлерге жалпы сипаттама беру.
3. Шығыс Қазақстан тарихи жерлеріне туристік маршрут ұйымдастырудағы туристік фирмаға сипаттама беру.
4. Жалпы туризмді дамыту барысында кездесетін проблемалар мен перспективаларды анықтау, «Туризмді дамыту және Мәдени мұра бағдарламасына талдау ».
Диплом жұмысының келесі зерттеу әдістері қолданылады:
- тарихи талдау;
- туристік фирмалар қызметін салыстыру;
- статистикалық зерттеу ;
Бұл диплом жұмысында тарихтық материалдар, әдеби мұралар, газет-журнал мақалалары, заң актілері қолданылады.
Диплом жұмысының зерттеу нәтижесі өлкеде тарихи көрнекі жерлерді дамытудың мол мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Ол үшін бірнеше іс шараларды дәл қазір қолға алған жөн. Олар:
- тарихи көрнекі жерлерді зерттеу;
- « Тарихи көрнекі жерлерді қорғау » заңын қағаз жүзінде емес, іс жүзінде орындау;
- оларды мемлекеттік бақылауды ұстап, қорғау;
- қалпына келтіру шараларына мол қаражат бөлу;
- өлкедегі туристік инфроқұрылымды дамыту;
- отындық туристік фирмалардың ішкі туристік өнімді жарнамалау қызметін арттыру;
- тарихи жерлерге ұйымдастырылатын туристік маршруттар санын ұлғайту;

Егер отандық іс-шаралар уақытында жүргізілсе, тарихымызды танитын және басқаға танытатын кезде келіп жетті.
Тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін халқымыздың көне тарихқа деген
қызығушылығы арта түсті. Осымен қатар төл тарихымызды тереңнен тартып түгендеуге бүгінгі күні мемлекет тарапынан барлық мүмкіндік жасалып отыр. Мүмкіндік жасалып қана қоя салған жоқ, көне тарихымыздың қайталанбас мұраларын жинап, халқымыздың рухани қазынасын байытуға белсене бел шешіп кірісті. Иә, біздің тарих – шаңы қалыңдап кеткен тарих. Ғасырлар қойнауынан инемен құдық қазғандай қиындықты бастан кешіп, жоқ іздеп, шым – шымдап шыңыраудан тамшы аулағандай, көз майын тауысып зерделеп зерттеп, өз тарихына шөлдеп отырған оқырманға ұсыну бүгінгі ғалымдардың мойындағы борышы. Неге бұлай киелі, неге азапты деген сұрақ туындауы мүмкін. Өйткені, тарихымыз біздің ұлттық изеалогиямыздың бір алтын арқауы. Ал біздің ұлттық идеалогиямыз – тарихымыз, дініміз, тіліміз, діліміз, ғасырлар сынынан өтіп, уақыт пен болмыс қалыптастырған ұлттық дәстүріміз. Бүгінгі тарихшылар, зерттеушілер – ұлттық идеалогияны қалыптастырушылар. Сондықтан да, тарих жүгі ауыр да азапты, жауапты да ұжданды, қасиетті де киелі [1].
Қазақстан - туған жеріміз, ал туған жеріміз – тұнып тұрған байлық. Оған дәлел, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Мысалы: Дүние жүзіндегі «Алтын адам» аса құнды қазынаға тек Египет Фараоны Тутанхаманның қызғылт алтын табыты мен маскасы ғана теңесе алар немесе 4000 жылдыққа жуық тарихы бар таңбалы ескерткіші ЮНЕСКО- ның қол асындағы көне галерея, сондай –ақ «Екінші Мекке» атанған Қожа Ахмет Иассауи мавзалейі туристердің Қазақстан жеріне деген қызығушылықтарын туғызады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Жергілікті бюджет

Қандай бір мемлекет болмасын оның қоғамдағы экономикалық қызметі ірілендірілген түрде мына функцияларға бөлінеді: - экономикалық дамудың қалыпты дамуына жәрдемдесетін құқықтық базаны қамтамасыз ету;
- монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау; - табыстар мен байлықты қайта бөлу; - экономиканы тұрақтандыру; - ресурстарды қайта бөлу; Аталған функциялардың іс-қимылы тікелей немесе жанама түрде “қар- жы” категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлық- тай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің соңғы үш функцияларында кө- рінеді. Мемлекеттік қаржылар мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен бірге сан алуан өзара байланыстарды қамти- тын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылмен байланысты. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы жер кадастрын нормативті-құқықтық реттеу

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда экономикалық өзгерістердің жүзеге асырылуы, жер қатынастарын да қозғады. 1990 жылдан 2001 жылға дейінгі периодта заң шығарушы органмен және 2003ж. жер кодексі, Қазақстан Республикасының Президентімен жер туралы заң пакеті қабылданды, онда принципиалды жаңа жер қатынастарын жариялайтын және жер қолданушылық сұрақтарын көрсететін, жер меншігі және жер нарығы.
Жер заңдылығының хронология бойынша шартты түрде 4 этапқа бөлуге болады.
Бастаушы этапында қабылданған: «Қазақ ССР-де халық шаруашылық туралы» заң 21 мамыр 1990 жылы;
Қазақ ССР-ң Жер Кодексі 16 қараша 1990 ж.
«Қазақ ССР-де жер реформасы туралы » заң 28 маусым 1991 ж.;
«Жер салығы туралы» заң 17 желтоқсан 1991 ж.;
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Одағының Қаулысы «Азаматтарға және шетел заңды тұлғаларына, ұйымдарға және халықаралық бірлестіктерге біріккен кәсіпорындарға жерді қолдануға ұсыну тәртібі туралы жағдайын бекіту туралы» 3 шілде 1992 ж.
Жер қатынастарының дамуының 2-ші этапы (1994-1995жж):
«Жер қатынастарының реттеуінің кейбір сұрақтары туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы 24 қаңтар 1994 ж.
«Жер қатынастырының реттеуінің ары қарай дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы 5 сәуір 1994 ж.
Реформаны жүзеге асырудағы 3-ші этапы (1995-2001жж):
Заңдық күші бар «Жер туралы», Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы 22 желтоқсан 1995 ж.;
«Халық шаруашылық туралы» (фермерлік) заң 31 наурыз 1998 ж.
4-ші этаптың басы:
«Жер туралы» заң 24 қаңтар 2001 ж.
5-ші этап Қазақстан Республикасының жер кодексі. ....
Рефераттар
Толық