file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

География | Жер асты суларының пайда болуы

Жер асты суларының пайда болуын бірінші болып талаптанғандар көне грек философтары- Платон мен Аристотель. Платон жер асты сулары теңіздің тұзды суларының есесінен түзіледі деп болжады. Оның топшылауынша тау жыныстарының қуыстарын бойлай қозғалған теңіз суы өзінің тұзынан арылып тазарады да жер бетіне тұщы бұлақтар түрінде шығады. Аристотель жер асты суларының тау жыныстарының қуыстарындағы суық ауаның қоюлануы нәтижесінде пайда болады деп санады.

Римдік Марк Витрувий Полий жер асты сулары жаңбыр мен қар суларының топыраққа сіңуі есесінен түзіледі деп болжады. Кейінірек жер асты сулары су буларының аса үлкен тереңдікте қоюлануынан немесе жер бетіндегі сулардың тау жыныстарына сіңіп төмен қозғалуынан пайда болғандығы жөніндегі түсініктер басымырақ айтылып жүрді. 1902 жылы австралиялық геолог Э. Зюсс жер суларының магмалық жолмен жаралғаны жөніндегі теорияны ұсынды.....
Рефераттар
Толық