Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта Сабақ тақырыбы: Жергілікті жердің ауа райы. Қазақстанның климаты Оқу мақсаттары: 2.2.2.1 Ауа-райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау. Сабақ мақсаттары: Ауа-райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау.......
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Қоршаған орта» Сабақтың тақырыбы: Жергілікті жердің ауа райы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.2 Климат және ауа-райы 2.2.2.1 ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау Сабақтың мақсаттары: Оқушылар ауа райына бақылау жүргізуді біледі; ауа райын бақылаудың қажеттігін түсінеді, адам өмірі мен шаруашылыққа әсерін анықтайды.......
Қандай бір мемлекет болмасын оның қоғамдағы экономикалық қызметі ірілендірілген түрде мына функцияларға бөлінеді: - экономикалық дамудың қалыпты дамуына жәрдемдесетін құқықтық базаны қамтамасыз ету; - монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау; - табыстар мен байлықты қайта бөлу; - экономиканы тұрақтандыру; - ресурстарды қайта бөлу; Аталған функциялардың іс-қимылы тікелей немесе жанама түрде “қар- жы” категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлық- тай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің соңғы үш функцияларында кө- рінеді. Мемлекеттік қаржылар мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен бірге сан алуан өзара байланыстарды қамти- тын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылмен байланысты. ....
1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» деген 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Аталған мәселелер Республика Призидентінің 1995 жылғы 2 мамырдағы заң күші бар Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтырулармен қоса алғанда «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңымен, сондай-ақ Республика Призидентінің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйекте конституциялық заң күші бар Жарлығымен неғырлым толық баянды етіліп, реттеледі. ....
1. Жергілікті жердің планы. 16-суретті мұқият қарап шық. Ондағы көк түсті ирек сызық - өзен; ағаштың суреті салынып қоршалған алқап - орман; ұсақ қоңыр нүктелер - құм; көп қорапшалар - селодағы үйлер; үстіне ұсақ дөңгелекшелер салынып, жасыл түске боялған жер - жеміс бағы. Олардың бәрінің де мөлшері барынша кішірейтіліп көрсетілген. Жер бетінің қағазға осылайша кішірейтіліп түсірілген нұсқасын план деп атайды (латынша планус - жалпақ, тегіс). Планға қарап, жер бетінің жалпы сипатын, ондағы заттардың орнын, бір-бірінен ара қашықтығын дәл анықтауға болады. ....
Топонимика – географиялық атаулардың шығу тегін, дамуын, формасы мен мағынасын, грамматикалық безендірілуін зерттейтін ғылым саласы. Қазақстан жерінде түрлі топонимдер бар. Ұлан-байтақ территорияны алып жатқан,табиғаттың сан қилы өлкеміздің жер-суына ерте замандардан бері сан алуан атаулар қойылып, олар түрлі өзгерістерге ұшырап отырған. ....
Жергілікті қаржы - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын кіріктіреді. Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің бірыңғай жүйесіне енгізілген 1938 жылдан бастап, жергілікті қаржы дербес категория ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын. ....
Топонимика – географиялық атаулардың шығу тегін, дамуын, формасы мен мағынасын, грамматикалық безендірілуін зерттейтін ғылым саласы. Қазақстан жерінде түрлі топонимдер бар. Ұлан-байтақ территорияны алып жатқан,табиғаттың сан қилы өлкеміздің жер-суына ерте замандардан бері сан алуан атаулар қойылып, олар түрлі өзгерістерге ұшырап отырған. ....
Құндылық бөлудің айырықша аумағы ретінде жергілікті бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен ұлғайтуының шығыстары, ғылыми – техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім беру, дансаулық сақтау, әлеуметтік сала) қамтамасыз етіледі. Құндылық бөлудің айырықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы белгілермен сипатталады: 1. Бөлулік қарым – қатынастың айырықша экономикалық формасы, яғни мемлекет тарапында жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық мүддені қамтамасыз етуге пайдалануға арналған; 2. Ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары қоғамдық іс - әрекет салалары арасында құндылықты қайта бөлуге арналған; 3. Құндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық қарым – қатынас тауарлық – ақша қарым – қатынаспен тығыз байланысты болса, бұл арада құндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім қозғалысымен тікелей байланысты емес және одан белгілі мөлшерде бөлек атқарылады; 4. Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи кезеңде мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуының сұраныстары мен міндеттемелері бойынша анықталады; 5. Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбектерімен өзара тығыз байланыста, бірақ олардың арасында бюджеттік бөлу бастапқы жағдайда, себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге әсер етеді. Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік, оның ішінде жергілікті бюджет басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік қарым – қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалдық – құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым – қатынас материалдық түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры – бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор – ол мемлекет тарапына, оның жалпымемлекеттік функцияларын орындауға арналған, құндылық бөлу сатыларын өткен, объективтік экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану – құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол құндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді. ....
Еліміздің әрбір азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін білуі керек, сонымен қатар, туған тілінің асыл қазынасының інжу - маржанын тізе білу, өз тілін зерттей отырып, ерекшеліктерін анықтап, дамыта беру – әрбір жас ұрпақтың ізгілікті борышы деп ойлаймын. Сондықтан да, менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Жергілікті аймақтарда диалект сөздердің қолданылу мәні» Алдымен, диалектология туралы қысқаша мәлімет беріп өтейін. Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді (говорларды) зерттейтін саласы - диалектология (диалектос - сөйлеу, сөйленіс, логос - ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын аумағы, тілдік материалдың көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады. Диалект – тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығы. Сөйленіс – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жерінде диалект 2 - 3 облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс 1 облыс не 2 - 3 аудан көлеміндей жерді қамтиды. Диалект сөздерді ХХ ғасырдың ІІ жартысыннан бастап зерттеген ғалымдар да бұл жағынан өз еңбектерін жазды. Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. «Қазақ диалектологиясы», Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы», С. Аманжолов «Вопросы диалектологии и истории казахского языка», Х. Кәрімов «Қазақ диалектологиясы», Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері» Ал, қазақ сөйленістерін бөлек – бөлек зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, кейінірек шыққан Ш. Сарыбаев, Ғ. Қалиевтің «Қазақ диалектологиясы» оқу құралында сөйленістер төмендегідей топтарға жіктелген:.....