Коучинг тaқырыбы: Жаңартылған үлгідегі тілдік мақсатты енгізудің маңызы. Жaлпы мaқcaт: Педагогтардың кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұның жаңартып, тиісті әдіс – тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыру. Күтілетін нәтиже: Педагог ақпарат бере отырып оқыту ортасын құрады, бала бойында білім мен түсінікті қалыптастырады. Caбaқтa қолдaнылaтын мaтериaлдaр: Интертақта, слайдтар, маркер, стикерлер, тапсырмалар, А4 беттер. Дерек көздері: Әдістемелік нұсқаулық, педагогтарға арналған нұсқаулық Тaпcырмaлaр: «Постер» жасау, «Сөздікпен жұмыс», «Тауып көр»
Ұйымдacтыру кезеңі Психологиялық ахуал туғызу(2 мин) Сәлемдесу «Мен үш тілде амандаса аламын» - Қайырлы күн! - Добрый день! - Good afternoon!
Топтастыру (5 мин) Әріптестерді үш тілде /қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі/ бойынша топқа бөлу. Жұлдызшаға қазақша, орысша, ағылшынша сөздер жазылған, таңдау арқылы топқа бөлінеді.....
Логопедиялық түзете – дамыту жұмыстарында жаңа технологияларды қолдану ерекшеліктері Сөйлеу тілі бұзылыстарының бірнеше түрлері бар. Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің түзете қалыптастыру аспектісі балабақшаның арнайы топтарындағы тәрбиелеу оқыту жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады. Логопедиялық түзету педагогикалық әсер ету - балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықты түзетуге және де мектепте оқығандағы кездесетін қиындықтардың (сауат ашуға дайындық дисграфияның алдын алу, танымдық процестерін жетілдіру және мектепте оқуға тұлғаның дайындығын қамтамасыз ету) алдын алуға бағытталған. Тіл кемістігі – балалар арасындағы кең тараған патологияның бірі болып саналады. Сондықтанда оларға кешенді көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру маңызды жұмыстардың бірі. Көмек медициналық тұрғыдан да, яғни емдік – сауықтыру шараларын ұйымдастырумен қатар арнайы педагогтар тарапынан біріккен түрде болғаны дұрыс. Қолданылатын әдіс - тәсілдер өте көп. Дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлері күнделікті жұмыста олар ретімен қолдануда. Бірақ заман үрдісіне сай жаңа технологияны қолдану бала зейінін шоғырландыруға, танымдық қабілетін арттыруға, тіпті ақыл – ойының дамуына тежеулік бар бала үшін де өте ыңғайлы, яғни жаңа компьютерлік технологияны қолдану жаңа заманның жаңа үлгідегі әдіс – тәсілдері деп айтуға болады. Қазіргі таңда логопедиялық тренажерлар «Дельфа – 142, 1» кеңінен қолдануда. Логопедиялық тренажер дыбыстан басталып, мәтінге дейін толықтырылған. Бұл тренажерларды қолдану арқылы төмендегі логопедиялық міндетттерді жүзеге асыруға болады: • Тыныс алуды реттеу; • Дауыс күшін жетілдіру; • Дыбыстың мұрын асты айтылуын түзету; • Дауысты, дауыссыз дыбыстарды түзету; • Дыбыстық анализ және синтез; • Лексико – грамматикалық құрылымын қалыптастыру; • Байланыстырып сөйлеуін дамыту; • Сөздік қорын жетілдіру .....
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар. 2 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
1 - жүргізуші: Кел, жаңа жыл, Төрле, төрле жеріме, Құт береке боп келгейсің еліме, Үміт артып армандарға аяулы. Шаттығына бөлегейсің бізді де, - дей отырып аудан әкімінің балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.
2 - жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге, Жаңа табыс тілейік ісімізге. Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін, Мына отырған барша жан бәрімізге. .....
Дайындағандар: Орынгазиева Дамира Орынгазиевна, Бекмухамбетова Салтанат Койшыбековна, Саты ауылы, «Әйгерім» бөбектер бақшасы Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл! Өткізілетін күні: 28 желтоқсан Өткізілетін уақыты: Сағат 1100 Мақсаты: Жаңа жыл мерекесінің маңызын үйрету. Қатысатындар: Жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, Мыстан кемпір, сиқыршы, аю, қоян, клоун, пират, көбелек, гномдар. Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, «Әйгерім» бақшасының ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз. Балалар әндетіп, қол ұстасып кіреді. Шеңберге тұрады. Құттықтау сөз Ауыл әкімі Ербол Ғазизұлына беріледі. Балабақша меңгерушісі Дамира Орынгазиевнаға беріледі. Ата-ана Ләйла Ерсінқызына беріледі. Жүргізуші: Балалар, біз барлығымыз жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Бүгін біздің мерекемізге кім келеді? Балалар : Аяз ата! Жүргізуші: Дұрыс балалар, ал Аяз ата не әкеледі? Балалар: Сыйлықтар. .....
Тәрбиешілер: Бақыт Сагдатовна Аубакирова, Шарипжанова Мейрамгуль Мырзабековна, Баскөл ауылы, Иманов ат. ЖОББМ жанындағы шағын орталық Тақырыбы: Жаңа жыл мерекесі. Жүргізуші: Міне, көптен күткен жаңа жыл босаған аттағалы тұр. Келе жатқан жаңа 2013 жылан жылы әрбір шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін. Зор денсаулық, еліміздің жақсы азаматы мен азаматшасы болып өсіндер! Жаңа жыл көп куаныш әкелсін, бүгінгі шырша мерекесі сендерге жақсы әсер қалдырсын, деп тілейміз. Ал, енді, құттықтау сөз мектеп директоры Ш. Т. Қожахановаға беріледі. Құттықтау сөз ата аналарға беріледі. Бүгінгі біздің мерекеміздің демеушілері - ата аналар. Жүргізуші: Балалар, біз қандай мерекеге келдік? - Жаңа жыл. Жүргізуші: Қанеки, шеңберге тұрып, шырша әнін орындайық. Балалар шырша әнін орындайды. Сахнаға Мыстан кемпір кіріп келеді. Мыстан: Ой, қандай әдемі, қандай биік шырша. Мына шыршаны алып кетсем қайтеді. Мынау алынбайды ғой өзі, жарайды керек емес. Ой, мынау қандай әдемі қуыршақ, алып кетіп жесем бе? Жарайды керек емессің. Қойшы, жолдан шаршадым, біраз тынығып алайын. (Жерге отырып, сөмкесін ақтарады) Балалар, мынау сынған ойыншық керек пе? Жарайды, мен оны Аяз атаға сыйлаймын. Мен жаңа келе жатсам, мына етікті тауып алдым. Бұл сендердікі емес пе? (Сол кезде ол бала етігін танып қояды.) Өлең айт, сосын аласың. Мен жұмбақ жасырайын, кім шешеді соған сыйлықа кәмпит беремін.....
Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық Тақырыбы: Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл! Жүргізуші: Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ, Келген жылға қарамаңдар тосырқап. Жаңа жылың құтты болсын, аталар. Сергек ұрпақ өздеріннен нәр алар. Жаңа жылың құтты болсын, аналар, Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар. (ортаға балалар шығады). Жүргізуші: -Балалар, қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане, алдымен амандасып алайық! Қош келіпсіз, ұстаздар мен апайлар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарында жауқазындай құлпырған, Біз - алаңсыз балғын шақты балалар! (Қол ұстасып шыршаны айналып, өлең айтады.) «Аппақ, аппақ жапалақтап». Жүргізуші:.....
Тәрбиеші: Айнаш Атмаевна Найманова, Қызылеңбек бөлімшесі, Қазақстан ЖОББМ жанындағы шағын орталық Тақырыбы: «Келді міне, Жаңа Жыл» Мақсаты: Балаларды «Жаңа Жыл» мерекесімен таныстыру. Орман аңдарының және дүние жүзінің адамдары шырша тойын қалай түсінетіні және оны қалай тойлайтыны жайында түсінік беру; балалардың көңіл-күйін көтеру; балаларды ұғымды әңгімелерге қатыстыру, әдеби шығармалардың кейіпкерлерін танып білу; өлендерді, тақпақтарды еске сақтауға үйрету; балаларды достыққа үйрету. Жүргізуші: Жаңа Жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа Жылмен құттықтаймын бәріңді, Бақыт шаттық, молшылық әкелсін, Бәрімізге мына жыл арайлы. Аяз ата әні. Жүргізуші: Жақсы, балалар. Ал, енді, айтындаршы, балалар. Жаңа Жылдың сәні не? Балалар: Шырша! Жүргізуші: Қараңдаршы, қандай әдемі біздің шышрамыз. Қанша ойыншықтар, әдемі жарқыраған шамдар ілінген. Бірақ шамдар жанбай тұр ғой деймін. Неге екен? Қанеки, балалар, шыршамызға арнап ән айтып берейікші. Сонда, мүмкін, ол жанатын болар. Шырша әні. Жүргізуші: Өте жақсы. Балалар, енді біз шыршамызға арнап тақпақтарымызды айтып берейік......
Тәрбиеші: Эрика Сергеевна Гросс, Карлығаш Кабиденовна Утеубаева, Көктөбе ауылы, «Ақбота» балабақшасы Тақырыбы: Жаңа жыл Мақсаты: Балаларға жыл басы туралы түсінік беру. Балалардың тілдік қорын байыту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке, әсемділікке, шығармашылыққа тәрбиелеу. Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру. Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге, аялауға, еңбек етуге үйрету, тәрбие беру. Жаңа жыл мерекесіндегі өзгерістер жайлы түсініктерін молайту. Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту. Қатысушылар: Бауырсақ, Түлкі, Қоян. Жүргізуші: Армысындар, ағайын! Бармысыздар,ағайын! Сіздерді жаңа 2013 жылымен құтықтаймыз, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бақыт әкелсін! Ақ көңілмен айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға. Қыс қызығы басылмай ұласады. Сол кезде «Бауырсақ» жүгіріп кіріп, шыршаны айнала қашады. Артынан түлкі қуа жөнеледі. Бауырсақ: Тимеші мені, Жемеші мені. Жаңа жылды тойлауға барамын. Асыр салып, би билеп, .....