Электрондық бесік – ғылыми жаңалық (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары.
Сабақтың тақырыбы: Электрондық бесік – ғылыми жаңалық
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу
7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну.
Ж4. Мәліметтерді жинақтау
7.Ж4.Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну.
Сабақтың мақсаты:Ғаламтор желісінен алынған ақпарттың маңыздылығын түсініп, SWOT талдауын жүргізу
Сабақ барысында жинақтаған мәліметін Дилтс пирамидасы арқылы таныстырылым жасау....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ғылыми жаңалықтар мен технологиялар (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары
Сабақтың тақырыбы: Ғылыми жаңалықтар мен технологиялар
Оқу бағдарламасына сілтеме: О4. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау.
А5. Сенімді және еркін жауап беру.
Оқу мақсаттары:7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау.
7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мерейтой – өмірдің жаңа белесі (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш.
Сабақтың тақырыбы: Мерейтой – өмірдің жаңа белесі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О2. Стильдік ерекшеліктерді анықтау
7.О2. Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы
Құрылымдық бөліктердің ерекшеліктерін (мәтіндік) анықтады.
Оқушылардың көпшілігі
Мәтіннің стильдік ерекшеліктерін (мәтіндік, синтаксистік) анықтады.
Оқушылардың кейбірі
Мәтіннің тілдік ерекшеліктерін (мәтіндік, синтаксистік, лексикалық) анықтады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ілияс Жансүгіров («Жаңа тұрмыс»)

Келдім міне ауылға,
Ауыл жиын қоныпты.
Қонғанының мәнісі
Ауыл колхоз болыпты.
Колхозының есімін
«Жаңа тұрмыс» қойыпты.
Жұлдыз - жұлдыз қараша үй
Шиі қияқтан тоқыған,
Ауыл ада болыпты .....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Жаңа қазақтар немесе рухани байлықсыз да мемлекет құруға болады деп ойлайтын жас бизнесменге хат)

Жаңа қазақ, шала қазақ — жас інім,
Алшысынан тұрды бүгін асығың.
Саған қарап ойландым да, жасыдым.
Айырмаған азғыны мен асылын
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың.
Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр,
Жүрегінде сезім емес, қорғасын,
Шетке қақты тұлпары мен жорғасын.
Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға.....
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Жаңа жыл сәлемі)

Жастар маған гүл тартып,
Мен жастарға жыр тартып,
Жаңа жылды тойлағам.
Жан қызыққа құмартып,
Өмірімді ұзартып
Ортасында ойнағам.
Жасаулы жас қарағай —
Жас өспірім баладай
Қарасам, көз тоймаған.....
Өлеңдер
Толық

Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттары

Қазақстан Республикасы 20 ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып, әлемдік еңбек бөлінісіне қатыса бастады. Бұл кезеңде елімізде бұрын соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер байқала бастады. Қазақстанда жүргізілген және жүріп жатқан экономикалық реформаларды объективті қажеттілік қана емес, дүниежүзілік экономикалық өркениеттің табиғи процесіне тезірек ілесу ретінде қарастырған жөн. Нарыққа өтудің жолдары әрбір елде әр кезеңде, әртүрлі тәсілдермен жүргізілгені белгілі. Өйткені, осы жолдар белгілі мемлекеттің геосаяси жағдайына, табиғи ресуртарына, халқының менталитеті және т.с.с. көптеген саналуан ерекшеліктеріне байланысты болады. Бүгінгі күні біздің еліміздегі экономикалық реформалардың басталғанына он шақты жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдары еліміз бірқатар әлеуметтік - экономикалық табыстарға қол жеткізді. Бұл табыстар минералды шикізаттық ресурстар экспорты есебінен жүзеге асырылғаны мәлім. Бір сөзбен айтқанда, шикізат - ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Тіпті, қазірдің өзінде де экономикалық өсіміміздің басты себепкері - табиғи байлығымыз екендігін мойындауымыз қажет, және де осы жерден Қазақстан экономикасының шикізатқа тәуелділік дәрежесі өте жоғары екендігін байқауға болады. Әлемдік нарықтағы шикізатқа деген бағаның жоғары болуы немесе жағымды сыртқы экономикалық конъюктура ондаған жылдарға сақтала бермейді. Жинақталған экономикалық әлеует, әрине ең алдымен минералдық - шикізаттық, ғылыми - технологиялық, дайын өнім шығару және адами дамуына алғышарттар құрайды. Экономиканы жедел түрлендірудің шектеуші факторларының ең маңыздысы: еліміздің экономикасының әртараптандырылмағандығы немесе қазіргі өндірістерді дамытудағы экономиканың шикізаттық бағытталуы болып табылады. Соңғы жылдардан экономикалық көрсеткіштер Қазақстанның өңдеуші салалық, технологиялық артта қалушылығын байқатуда, стратегиялық маңызы бар шикізаттық ресуртарымыздың елдің ұлттық байлығы ретінде тиімді қолданылмай жүр. Мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі ел экономикасының диверсификациялау, технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдік экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мәні экономиканың қаншалықты әртараптандырылғанымен анықталады. Осыған байланысты мен Қазақстан Республикасы экономикасының әртараптандыру дәрежесін, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп үлесін қарастырсам деймін. ....
Рефераттар
Толық