Қазақ әншілерінің өзге елдің әндерін көшіруі тым жиілеп барады. Қырғыз әндерін көшіріп алуға құмар шоу-бизнес өкілдері енді армян әндеріне көз тіге бастады, деп жазады oinet.kz порталы.
Қайрат Нұртас қысқы демалысын отбасымен бірге Бурабайда өткізіп жатыр. Әртіс қалың қарда көлікпен серуендеп, таза ауа мен әсем табиғаттың аясында бой жазуда.
Тұрғындары Қазнеттегі ерекше жаңалықтар мен түрлі күлдіргі видеолардың қаһармандарына жиі айналып жатқан Шымкент-керемет қала. Оңтүстік өңірдің тұрғындары батылдығымен, керативті және әзіл-қалжыңдарды көтере білетінімен ерекшеленеді.
[url=https://www.zharar.com/engine/go.php?url=aHR0cDovL2dvby5nbC9US3oxU0o%3D]NUR.KZ[/url] ztb.kz-ке сілтеме жасап олармен байланысты ең ерекше жаңалықтарды және Шымкент тұрғындары өзге қазақстандықтардан несімен ерекшеленетінін назарларыңызға ұсынады.
«Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі!» Қайрат Нұртастың киелі сахнаға шыққандағы халықпен амандасуы әуел бастан осылай қалыптасты. Қайрат – өзге тілден бұрын, өз тілін құрметтейтін, өз елінің мәдениетін өзге мемлекеттерге дәріптей алатын тұлға. Оның шетелге шыққанда тек қазақ тілінде жеке концерт беретіні қайсыбір өнер жұлдыздары үшін үлгі болатындай-ақ дүние.
Бүгінде Қайрат Нұртас тек қазақ тілінде ғана ән айтып жалпақ жұртқа танымал болуға болатынын дәлелдеді. Мәселен, өткен жылы ол Ресейдің Орынборына барып, тек қазақ тілінде жеке концертін берді. Сол кездері Ресейдің БАҚ өкілдері Қайраттың Орынбор халқының жүрегін қазақша әндерімен баурап алып, сахнаны «жарып» жібере жаздағанын жарыса жазды. Бір бұл емес, ол көптеген елдерде қазақтың мәртебесін асырып жүр.
Жалпы, Қайрат Нұртастың өзіндік феномені әлдеқашан қалыптасқан. Санамалап көрсек, ол тек қазақ тілінде сөйлейді, қазақша ойлайды, қазақша ән айтады. Бір сөзбен айтқанда, ол қазаққа.....
Оу Қазеке, ашуыңды бас! - дегім-ақ келді сол уақта.. Дегенмен,жағдайды ушықтырмай, мәселенің саябырлауын тостым. Енді ғана көзім жеткендей болды. Сіздер де құлақ түре отырыңыздар.
Ары-бері жаңалық ақтарып, әлем елдерінен титықтап жиған саясатымыз ұшты-күйлі мансұқ етіліп, төбелі төңкеріс беретін түрі бар сықылды. Оны мен сәл бұрынырақ сезіп ем. Белгілі саясаткер Айдос Сарым ағамыздың сөзімен айтқанда : "Әліптің артын бағу керек пе, әлде кеңесарылыққа дайындалуымыз тиіс пе?" Түсінген адам - түсінді. Мұнымен не айтпақпын? Бастарыңызды....
«Фэйсбук әлеуметтік желісінде Ақтамберді Назымұлы есімді қолданушы Қытай елінде тұратын қазақтардың „Zerde“ деп аталатын смартфон жасап шығарғанын жазды» деп массагет порталы өз қолданушыларын жағымды жаңалықпен қуантты.
Аптаға созылған "махаббат дастаны" ғашық жігітті қарызға батырды. Өз сезімін телефон арқылы жеткізген Орал тұрғыны "Қазақтелекомға" 860 мың теңге берешек болып қалған.