Отандық эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова мінезі туралы бар шындықты айтты. Әнші көңіл күйі қалыпты емес болғандықтан қасында жүрген адамдарға ауыр тиетінін жасырмады. Өнер иесі өзінің ел білмейтін қырларын тізіп шықты деп жазады NUR.KZ.
Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасындағы оқырмандарына ерекше ашылып, өз мінезінің жаман жақтарын жайып салды. Шоу-бизнес жұлдызы құбылмалы көңіл күйі жолдасы екеуінің арақатынасына қалай әсер ететінін де айтты.
"Мадина Садуақасова туралы бәрін білетін сияқтысыз, бірақ сонда да өзім жайлы, өмірім жайлы қысқаша айтып берейін. Мен Алматыда дүниеге келгенмін, атымды әжем Мекке-Мәдине болсын деген, бірақ мамам қысқартып Мәдина деп жаздыртқан. Мектепте ән айтқанмен бірге дзюдо секциясына екі жарым жылдай қатыстым бапкерім Ишанбек аға, мықты болатын. .....
Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева Мәдина Сәдуақасовамен не себепті ренжіскенін айтты. Біраз уақыт өкпелесіп жүрген екі әншінің үлкені алғашқы болып сөз бастады. Меруерт ханым Мәдинамен арада даудың қалай тұтанғанын түсіндіріп берді.
Декрет - бала бағу үшін мемлекет тарапынан әйел адамына берілетін заңды демалыс. Декретке ер адамға да шығуға болады. Бірақ бұл біздің елде сирек кездесетін құбылыс. Әйел үшін декрет - өміріндегі ең жауапты, шыдамдылықты, жинақылықты қажет ететін қиын кезең. 24 сағат үйде отыру, ешкіммен бұрынғыдай етене араласпау, үй шаруасынан көз ашпау жүйкені біраз жұқартады. Ғалымдар еркектің әйел энергиясынан қуат алатындығын дәлелдеген...
Мен онымен 2011 жылы тамыз айында таныстым.Шынымды айтсам,оны бұрыннан танитынмын.Тек жақын араласпайтынбыз.Екеумиз ұялы телефон арқылы,агент арқылы сөйлесіп жүрдік.Ол мені "аппақ қарындасым" дейтін.Мен де оны "аға" ретінде сыйлайтынмын.Осылайша "ағалы-қарындастай" боп араласып кеттік.Бір-бірімізден ештеме жасырмайтынбыз.Көп ұрсып қала беретін едік.Кішкентай нәрсеге таласып қалатынбыз.Ол менен екі жас үлкен болса да,тура кішкентай бала сияқты еді.Көшеде көріп қалсақ та,қырылып қала беретін едік.Бір үйдің балаларындай болатынбыз.Оға н "ағам" деп еркелейтін едім.Сол күндер қызық еді. Бірде ол мені "аппақ қарындасым" демейтін болды. Менімен де бұрынғыдай сөйлеспейтін болды.Мен оған "неге мени қарындасым демейтин болдың?" десем,ол ангимени баска жакка бурып жиберетин.Бір күні ол маған "Жеңешең болады" деди. Төбемнен жай түскендей болды."Кім?" деп сұрадым,бірақ ол айтпады."Уақытында көресің" деді де қойды.Ал мен болсам,онша қуана қойған жоқпын.Себебі оны "қызғандым".Егер оның қызы болса,ол мени ,"қарындасын" ,умытып кетеди деп ойладым.(Мумкін соның өзі МАХАББАТ шығар) Муным арине "балалық" қой. Ол екеумиз сойлесип журдик.Біра қ ол менімен сөйлесіп отырғанда,жылап отырғанын байқайтынмын.Не болды деп сурасам,ештеме деп баска ангиме айтып кететин.Сонымен не керек,оның "женешең" деп жүргені - өзім болдым.Мен сол кезде бәрін түсіндім.Ол маған сүйетіндігін өзі айтуға батылы жетпей,құрбыларымнан айтып жіберіпті.
Алғашында сенбедім,бірақ артынан бәрін түсіндім.Онын мени суйетинин естигенде танкалганыммен,іштей қуандым.Себебі мен де оны унататын едим.Арада күндер өтіп жатты.Ол екеумиз сойлесе алмай журдик.Білмеймін,мүмкін,Бір-бірімізді жоғалтып алудан қорықтық- ау,шамасы!Бір-бірімізге қатты бауыр басып қалған едік.Ақыры мен оған бір мүмкіндік беруге бел будым......
«Адам болған соң біреуге зорлық-зомбылықтан,әділетсіз арам пиғылдан,зиянды да кесірлі іс-әрекеттерден тиылуға бейім,ұстамды болса ғой. . . » деп Шәкәрім ақын айтқандай, адам баласының әр күні тек жақсылық жасаудан тұрса. Онда бүгінгідей дамыған қоғамның әр азаматы бай да қуатты өмір сүріп, олардың болашақ пен ұрпағына деген сенімі де еш алаңсыздыққа құрылар еді. Адамның ең асыл қасиеті-жақсылық. Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Жақсылық пен игілікті іс жасау-үлкен адамгершіліктің белгісі. Бір күнде –бір жақсылық қаншама қайырымды істерге жетелері сөзсіз! Бір күнде бір жақсылық жасалса, адамның адамға деген құрметі артып, жас буын көргенін жасап, қалыптасқан дағдыдан күнделікті жақсылық жасау деген тамаша әдет пайда болар еді. Адам әрбір атқан таңынан бастап,батар күнге дейін жақсылық жасаудан тайынбау керек. Адам жақсылық жасау үшін жанашыр, адал және ақылды жалпы айтқанда,бойында ізгі қасиеттер болу керек. Ақылды болса,адамға рухани жағынанда мол көмек берері сөзсіз.
Қайырымдылық жасасаң артынан екі есе қайырымы болады деген сөздің астарынында да тамаша мән бар. Жақсы адамдардың мол табысқа, әр күні бақытты болуы осы жақсылықтарының да қайырымы бар шығар бәлкім.....
Бұл дүниеде бәрі егіз: жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, алғыс пен қарғыс. Сол сияқты интернеттің де жақсы және жаман тұстары бар. Бірақ оларды бір-бірінен ажырата білу - адамдардың екінің бірінің қолынан келе бермейтін тірлік. ХІХ ғасырдың соңынан бастау алып, сәт сайын әлемді жаулап келе жатқан ғаламторды бірі мақтайды, бірі даттайды. Алайда пайдалы жағын қараймын деп ақ жолдан тайып жатқандар, денсаулығына нұқсан келтіргендер, артық қылам деп тыртық қылғандар да бұл әлемде қаншама.
Ғаламтор – сансыз мол ақпараттың орталығы. Біз одан кез келген мәліметті қарап, жүктей аламыз. Біз – адамдар, қандай нәрсе пайда болса да, ең алдымен оның кемшілігін, жаман тұстарын қарастыруға кірісіп кетеміз. Ғаламторда да қазір осы мәселе. Ғаламтор желісінің пайдасы көп. Тек біз оның жақсы жағын көрмей, қолдануға тиімді, берері мол, білімімізді молайтып, тәрбиемізді шыңдайтына әлі де болса көз жеткізе алмай келеміз. Ғаламторда не жоқ демейсіз, бәрі бар. Тек оларды дұрыс мақсатта пайдалана білу адамның өз қолында. Мәтін сөйлемдердің жиынтығы болса, интернет - сайттардың жиынтығы. Саны бар сапасы жоқ сайттар теңіздей толық та, өскелең ұрпақты өзін-өзі тәрбиелеуге үйрететін, рухани байлығын арттыратын сайттар шөлдей тарық, өкінішті......
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім және ғылым Сабақ тақырыбы: Қаныш Сәтбаев – жан-жақты ғалым Оқу мақсаты: Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру Сабақ мақсаты: Қ.И.Сәтбаевтың зерттеген кен орындарын анықтап картаға орналастыру; - Қ.И.Сәтбаевтың жан-жақты ғалым екенін талдап, ерекшеліктерін сипаттау; - Қаныш Сәтбаевтың Қазақстанның ғылымын дамытудағы рөліне баға беру;.....
Өзім жақсылық пен жамандық арасында таңдау жасайтын кезде, өмірдің тым қысқа әрі барлығының уақытша нәрсе екенін есіме түсіремін. Себебі, әр нәрсенің сұрауы бар. Бүгін біреуді қуантсаңыз, ертең сізді біреу ерекше құрметпен сыйлап, төріне шығарады. Біреуді жылатсаңыз, ертең күтпеген жерден төсек тартып жатып қалуыңыз мүмкін. Сол себепті, әрдайым адамгершілік сынды қасиетті жоғары ұстаған дұрыс. Тіпті, біреуге жасаған жақсылығыңыз бен жамандығыңыз бүгін қайтпаса, ертең соның барлығы балаларыңызға қайтады. Дәл қазір біреуге жамандық жасаған сәтіңізді есіңізге түсіріңізші. Сол нәрсе өзіңізге қайтып келген кезде қатты қиналдыңыз емес пе? Бір кездері мен де осылай жасап едім ғой деп сан соғып қалған кезіңіз болды ғой. Енді біреуге жақсылық жасап, оны қуантқан сәтіңізді еске алыңыз. Осыдан кейін бір қуаныштың артынан мың қуаныш ерді емес пе? Олай болса, таңдау еркі өзіңізде. Қысқа ғана ғұмырда хайуандардың қатарына қосылғыңыз келе ме? Әлде адам деген адал атқа лайық болып өткіңіз келе ме? Яғни мен жақсы адам болу үшін ең алдымен адамгершілік деген қасиетті дамытар едім. Қазақта “Адам болып келген соң, адам болып кету қиын” деген жақсы сөз бар. ......
(Әкем туралы бір үзік сыр немесе мақалға қарсылық)
Әкем кітап жинағанды жаны сүйетін. Таңдап түскен мамандығы математика пәні мұғалімі болса да, әдебиетті пән мұғалімдерінен артық білуші еді десем қателеспегенім болар. Алыстан келе жатқанда адамның көзі еріксіз түсетін түр-сипаты келіскен, көп ой үстінде жүретін жан еді. Қанша қатал адам болғанымен жүзінде бір жымиыс ұшқыны жан баласын өзіне тартып тұратын. Өзге кісілер балаларына ойыншық әкеліп берсе, әкем әртүрлі баспадан шыққан мұқабасы көз тартарлық, қызықты жаңа кітаптарды сыйға тартып, өзі секілді әдебиет пен өнерді бағалайтын ұрпақ болып өскенімізді қалайтын. Егде жастағы қарттармен де, балалармен де тең сөйлесіп, терең ой иесі ретінде сұхбаттасатын. Ақыл-ойы әлі толыспаған, мектеп қабырғасында оқып жүрген менен де зор үміт күтіп, әр айтқан сөзіме мән беріп, мұқият тыңдап пікір қосатын еді. Бір күні әдеттегідей қызу талқы кезінде, ойымда жүрген сауалымды ортаға салдым.
- Көке, осы бізде «әкенің жақсысы жездедей» деген мақал бар емес пе? Не үшін олай айтқан, сонда әкелердің махаббаты әлсіз бе? – деп әкеме сұраулы жүзімді аударып, ренжи қарадым. Көкем болса, аз-кем ойланып, жымиып:.....