Сүйіншіні жеткізген жас бала

Соғыс... Бұл сөзде қаншама қатігездік пен қорқыныш бар десеңші! Осы сөзді естігінде бүкіл жан дүниең дүрлігіп кететін тәрізді. Неге десеңіз, қаншама жан қырылып, қан судай аққан кезең бұл. Қанша бала жетім, қанша ана жесір қалды десеңізші! Бұлқан төгіс төрт жылға созылды. Осы жалмауыз соғыстан өз отбасыларымен қауышып оралғандар да бар, өз жанын Отан үшін қиып қан майданда, жат жерде қалғандар да бар. Бұл соғысқа көптеген қазақстандықтар да қатысты. Солардың ішінде менің ұлы атам да , атамның әкесі, болды.
Есімі - Үзікбайұлы Оразбай. Ол кісі 1898 жылы дүниеге келген. Ол кісі жалындаған жастық шағында елмен бірге Отаның қорғауға 1941 жылы қан майданға аттанады. Артында адал жары, балалары қалады. Ұлы атам Днепр, Кавказ үшін шайқастарда ерлік көрсеткен. Будапешт, Варшава қалаларын жау қолынан азат етуге қатысқан. Өзінің ерлігі үшін ордендармен марапатталды. Жеңіс күнін ұлы атам Кенисбург қаласында қарсы алды. Соғыс жылдары әйелдер мен балаларға да оңай тиген жоқ. Ер адам атқаратын жұмысты яғни, жер жырту, мал бағу, егін егу сияқты ауыр жұмыс нәзік жандардың мойнында болды. Шиіттей балаларын арқаларына байлап, еңбек ететін жаппай әйелдер. Күндіз жер жыртып, ауыл қамы қамтылса, түнде әйелдер жиналып майданға жіберу үшін қой жүнінен жылы шұлық тоқитын. Шаршау дегенді білмейтінбіз дейтін әжем. Күлкісіз, уайымға толы қараңғы ауылда қалған біз үшін, суық жерді окопта құшақтап жатқан жауынгер үшін бір нәрсе ғана керек еді... Ол – Жеңіс.
Жеңіс - қуаныш, ер - азаматтардың аман-есен соғыстан оралуы. Менің атамның осы күнде еске алып отыратын бір оқиғасы бар. 1946 жылдың көктем айы еді . Соғыс аяқталғанына бір жыл. Ауыл аздап болсын есін жиған кез. Күннің жадырап шығуы жақсы жаңалық келетінін сездіреді. Ауыл адамдары күнделікті тірліктерін атқарып жүр. Ауылдан кеткен ер азаматтардың көбі соғыстан оралған жоқ. Атамның әкесінен де еш хабар болған жоқ........
Шығармалар
Толық

Психология | Жас балалар арасындағы маскүнемдік пен алкоголизмнің әлеуметтік себептері

Кіріспе.
Жас балалар арасындағы маскүнемдік пен алкоголизмнің әлеуметтік себептері
Ғасырлар бойы қалыптасқан алкоголь мен маскүнемдік салт-дәстүрлер қазіргі кезде алкогольге үйреніп кетудегі маңызды фактор болып табылады. Осы фактордың алкогольдік кешендегі ролін бағалай отырып, маскүнемдік салт-дәстүрінің өмір сүруін қоғамдық психология мен әлеуметтануда іздеуге болмайды, олардың түп негізі тұрғындардың қалың қабатының материалдық сферасында жатыр, әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты маскүнемдік пен алкоголизм кешенінің себебі адамға жағымсыз әсер ететін нақты –тарихи жағдаймен түсіндіріледі.
Мұндай диспропорцияға мысал ретінде адамның шектен тыс бос уақытының көбейіп кетуі мен ол уақытты пайдалы өткізу арасындағы сәйкеспеушілік, әлеуметтік баспалдақ бойынша «сырғу», жұмыссыздық, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, соғыс және т.б.
Маскүнемдіктің пайда болуындағы жоғарыда аталған әлеуметтік факторларды айту болады, яғни өмірде болатын объективті қиыншылықтар, жетіспеушілік. Олар моральдық нормалардан психологиялық ауытқушылықты көрсетеді, соның ішінде алкогольді пайдалануға әкеледі. Адамдардың алкогольге деген тартушылығы өмір сүрудің кейбір түріндегі стимулдың әлсіздігінен, өзін құрметтеу сезімін, авторитетін жоғалтуынан пайда болады.....
Курстық жұмыстар
Толық