Шәкәрім Құдайбердіұлы («Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға)

Дұғай да дұғай сәлем айт,
«Айқап» пенен «Қазаққа».
Кекеу, сөгіс сөзден қайт,
Кез боларсыз мазаққа.
Қарап жүріп қақтығып,
Қатынша сөзбен шаптығып,
Менікі жөн деп аптығып,
Неге түстің азапқа? ....
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Жапырақ — жаздың жүрегі)

Жапырақтар,
әр түрлі ән құрарсыңдар,
Алдарыңда әртүрлі тұрар сындар.
Нәзіктерім,
сендермен сырласайын,
Менің нәзік жанымды ұғарсыңдар.
Ұғарсыңдар,
ұғу да,
тану да арман,
Жасарыңдар,
жасқанбай жауын, қардан.......
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Жаз)

Жаз жайнап, жан-жануар жанаттанған,
Жадырап май айында науаттанған,
Су ағып, жер айналып жанарланған,
Жиһанда біздің таңдай таң атпаған,.....
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Жаз тілі)

Дидары жаздың жарқырап,
Жадырап күлді тағы жер:
Жасанған жасыл жау-жарақ,
Жайнады жазша жауынгер.
Трактор елде аршындап,
Бұзылды тыңдар, не бір бел:
Сіңіріп дәнді топырақ
Құлпыртты қырды егіндер.....
Өлеңдер
Толық