Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi. Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы. ....
Жарақат — сыртқы себептердің әсерінен туын-дайтын аяқ-қолдың іііығуы мен сынуы, ет ткандерінің жарақаты мен ауыртып алу, дене мүшелерінің зақымдануы және өзге де көп себептерге байланысты адамның дене мүшелері мен ет ткандерінің түтастығы мен қызметінің бүзылуы. Жарақат алу әсері мехаиика-лық, химиялық (рентген сәулелері, радиоактивтік сәуле, электр жарығы, психикалық шошыну, қорқу) болуы мүмкін. Бшіаларда ең көп кездесетін зақьшдану механикалық әсер етуден (ауыртып глу, соғып аиу, сыну, шығып кегуден) туъшдайды. Шектелген бір уақыт аралығьгада пайда болған түрғындардың белгілі бір тобындағы жарақат жиын-тығын жарақатгану деп атайды^ Оны түрмыстық, спорттық, көшелік, көлікте жарақаттану деп бөледі жөне бүлар кіші жастағы балаларда жиі кездеседі. ....
Әйел жыныс мүшесінің жарақаттарын бірнеше топқа бөлінді; 1/ сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты; 2/ жатырдың жарақаты /мойны мен денесі/, 3/ жыланкөз /қуық-жынысты және ішек-жынысты/. Сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты. Оған шошақай, қыздық перденің, кіші жыныс ернеуінің, шат аралық жердің қынап қабырғасының, соның ішінде қынап күмбездерінің жарақаттары жатады. Осы аталған жарақаттар жиі босану, құлау, жаралану, соғылу, зорлау кезінде пайда болады. Соғылу, құлау кезінде - гематома - қан ұйығы, ал босану кезінде - тіндер жарақаты, кейде қоршаған тіндердің кең көлемдегі қан ұйығы немесе кең түрдегі қан кету байқалады. Әсіресе, өте күшті қан кету шошақай жарақатында болады. Шат аралық жердің жарығы көтеншек және оның сфинктеріне де жалғасады, қынап күмбезінің жарығы сирек жағдайда іш қуысына да өтуі мүмкін. Жыныс мүшесінің жарығы жамбас сүйектерінің сынығында кездеседі. Бұл жағдайда жарақат, көп жерде болады, қуыққа, несеп ағар түтігінің, көтеншектің жарақаттануы да мүмкін. Клиникалық суреттемесі. Ауру белгісі мен қан кеш байқалады. Өте көлемді жарақаттарда науқас есінен танады, терісі мен шырышты қабаты бозарады, тамыр соғысы әлсіреп жиіленді. Жарақаттанған тіндерден өте көп қан кетуде қан аздық дамиды, қан қысымы төмендеп, терісі мен шырышты қабатының реңі бозарады, тамыр соғысы бәсеңдейді Көрші мүшелердің қосымша жарақатында үлкен, кіші дәреттің өздігінен шығуы, газдың кетуі байқалады. Қан ұйығы болғанда, әсіресе кең көлемді қан ұйығында қатты ауру байқалады. Анықтау жолдары. Анықтау анамнез және обьективтік тексеру мәліметтері негізінде жүргізіледі. Сыртқы жыныс мүшелерін, қынапты айнамен қарайды. Көрші мүшелердің жарақатына күмән болса, қуықты катетерлеу, цистоскопия жасау, сияқты қосымша тексерулер жүргізіледі. Емі: Науқасты емдеу жарақаттың дәрежесі мен орналасу орнына және науқастың жалпы жағдайына байланысты. Есінен тану /шоқ/ және қан аздықта қан, қан орнына жүретін сұйықтар құйылады, ауру белгісін жеңілдететін дәрі-дәрмектер беріледі. ....
Туылғандағы ісік –терінің қанайналымының бұзылуынан ісіктің пайда болуы. Туылғандағы ісік баста, бетінде, жамбаста болуы мүмкін. Шегі анық емес. 3-4 күнде тарқайды. Емдік іс-әрекет қажетсіз. Мұздық қоюға болады.
Кефалогематома – баланың бас сүйегі мен терісінің арасына қан құйылу. Еңбек аймағында жиі кездеседі. Шүйде, самай аймақтарында сирек кездеседі. Шекарасы анық, бір бөлімнен екінші бөлімге шықпайды. 7-10 күнде тарала бастайды /кей жағдайда 1 айға дейін созылады/.
Емі: Қантамырларының қабырғасын бекіту үшін-хлорлы кальций ерітіндісін, аскорутин тағайындалады, бастырып байлау қажет. Іріңдеген жағдайда хирургиялық емдеу.
25.02.2014, 19:08 Жарақаттар кезінде асқынушылық Жарақаттанған кезде міндетті түрде қан кетеді, дене сырқырайды, үңірейген орын пайда болады, шектен тыс сырқаттану естен тандырады. Қалған жағдайлардағы жаралар микроорганизмдер үшін ашық есік ретінде-жұқпалы ауруларды асқынжарушы ретінде қызмет етеді.
Микробпен зақымданаған жараны жұқтырмалы, ал оқыс арқылы пайда болған аурады жара инфекциясы деп атайды. Микробтар жараға жарақаттаушы заттар мен ағаштың қабығымен, жердегі түйіршіктерден, ауадағы тозаңнан, жараның төңірегін қолмен арқылы өнеді. .....
Алғашқы медициналық көмек көрсету принциптері мыналардан құралады: 1) оқиға орнын қарау; 2) бірінші рет қарау, көмек көрсету; 3) жедел жәрдем шақыру; 4) екінші рет қарау.
Оқиға орнын қарау * Сіз үшін қауіпті емес пе? * Не болды? * Зардап шеккендер қанша? * Айналаңыздағылардың сізге көмек көрсететін жағдайы бар ма? Қарау кезінде әрбір нәрсеге назар......